1Қала қабырғасы салынып біткен кезде мен қақпалардың есіктерін орнаттырып қойдым. Содан қақпа күзетшілері, ғибадатхана әншілері және леуілік ғибадатхана қызметшілері міндеттеріне тағайындалды.
2Мен ағайыным Хананиға
3Екеуіне мынадай нұсқау бердім: «Күн ысып, қақпа күзетшілері өз орындарында тұрмайынша Иерусалимнің қақпалары ашылмай, есіктері жабылып, кесе-көлденең бөренелермен бекітіліп тұрсын! Иерусалимнің тұрғындарының арасынан сақшыларды тағайындаңдар. Олар қала қабырғасын бойлай және өз үйлерінің қарсысында қарауылда тұратын болсын».
4Сол кезде қала кең-байтақ, ал ішіндегі халқы аз болатын. Қаладағы үйлер әлі де қайта салынбаған еді.
5Содан Құдай маған жетекшілер мен қызметкерлерді және жай халықты жинап, әрқайсысын шығу тектері бойынша тіркеп жазып алу жайлы ой салды. Мен ең бірінші болып елге қайтып келген оралмандардың
6Бабыл патшасы Набуходоносор өз еліне жер аударып әкеткен тұтқындардан Яһуда аймағына қайтып келгендер мыналар. Олар Иерусалим мен Яһудаға, кезінде өз ата-бабалары мекендеген сондағы қалаларына қайта оралды.
7Олардың жетекшілері: Зоробабел,
8Пароштың ұрпақтары: екі мың бір жүз жетпіс екі адам.
9Шафатияхтың ұрпақтары: үш жүз жетпіс екі адам.
10Арахтың ұрпақтары: алты жүз елу екі адам.
11Пахат-Моабтың Ешуа мен Жоғаб есімді екі ұлынан өрбіген ұрпақтары: екі мың сегіз жүз он сегіз адам.
12Еламның ұрпақтары: бір мың екі жүз елу төрт адам.
13Заттудың ұрпақтары: сегіз жүз қырық бес адам.
14Заққайдың ұрпақтары: жеті жүз алпыс адам.
15Бинуйдің ұрпақтары: алты жүз қырық сегіз адам.
16Бебайдың ұрпақтары: алты жүз жиырма сегіз адам.
17Азғадтың ұрпақтары: екі мың үш жүз жиырма екі адам.
18Адониқамның ұрпақтары: алты жүз алпыс жеті адам.
19Бигуайдың ұрпақтары: екі мың алпыс жеті адам.
20Адиннің ұрпақтары: алты жүз елу бес адам.
21Атердің Езекияның тұқымынан шыққан ұрпақтары:
22Хашумның ұрпақтары: үш жүз жиырма сегіз адам.
23Бесайдың ұрпақтары: үш жүз жиырма төрт адам.
24Харифтің ұрпақтары: жүз он екі адам.
25Гибеонның
26Бетлехем мен Нетопаттың адамдары: жүз сексен сегіз.
27Анатоттың адамдары: жүз жиырма сегіз.
28Бет-Азмауеттің адамдары: қырық екі.
29Кирият-Иғарым, Кефира, Бегероттың адамдары: жеті жүз қырық үш.
30Рамақ пен Гебаның адамдары: алты жүз жиырма бір.
31Миқмастың адамдары: жүз жиырма екі.
32Бетел мен Айдың
33Басқа Небоның адамдары: елу екі.
34Басқа Еламның адамдары: бір мың екі жүз елу төрт.
35Харымның адамдары: үш жүз жиырма.
36Иерихонның адамдары: үш жүз қырық бес.
37Лод, Хадид, Ононың адамдары: жеті жүз жиырма бір.
38Сенаяхтың адамдары: үш мың тоғыз жүз отыз.
39
40
41
42
43
44
45
46Ғибадатхана қызметшілері:
47Керос, Сиях, Падон,
48Лебанах, Хагабах, Шалмай,
49Ханан, Гиддел, Ғахар,
50Реях, Ресин, Некода,
51Ғазам, Ұзза, Пасеах,
52Бесай, Меуним, Нефисим,
53Бақбұқ, Хақуфа, Хархур,
54Баслут, Мехида, Харша,
55Барқос, Сисара, Тамах,
56Несиях, Хатифа есімді аталардың ұрпақтары.
57Сүлейменнің қызметшілері:
58Ялах, Дарқон, Гиддел,
59Шафатиях, Хатил, Похерет-Хасебаим, Амон есімді аталардың ұрпақтары.
60Ғибадатхана қызметшілері әрі Сүлейменнің қызметшілерінің ұрпақтарының жалпы саны: үш жүз тоқсан екі адам.
61
62
63Діни қызметкерлердің Хобаях, Хақос, Барзилай есімді аталарының ұрпақтары да көшіп келген еді. Соңғы әулеттің арғы аталарының бірі ғилақадтық Барзилайдың
64Осы оралмандар шежіре жазбаларынан өз ата-тектерін іздеп көрді, бірақ таба алмады. Сол себепті олар діни қызмет атқарудан шеттетілді.
65Яһуда аймағының әкімі олар жөнінде былай деп шешті: «Нұр және Кемелділік
66Бүкіл қауымның жалпы саны қырық екі мың үш жүз алпыс адам болды.
67Бұған қоса олардың жеті мың үш жүз отыз жеті еркек, әйел басыбайлы қызметшілері және екі жүз қырық бес еркек, әйел әншілері
68Сондай-ақ, олардың жеті жүз отыз алты жылқысы, екі жүз қырық бес қашыры,
69төрт жүз отыз бес түйесі, алты мың жеті жүз жиырма есегі де бар еді.
70Бірқатар әулет басшылары құрылыс жұмысына өз үлестерін қосты. Аймақтың әкімі қазынаға бір мың алтын теңге, елу алтын тостаған және діни қызметкерлерге арнап бес жүз отыз көйлек
71Өзге әулет басшыларының бірнешеуі жұмыс қорына арнап жиырма мың алтын теңге және екі мың екі жүз қадақ күміс
72Ал халықтың қалған бөлігінің тарту еткені жиырма мың алтын теңге, екі мың қадақ күміс және діни қызметкерлерге арналған алпыс жеті көйлек болды.
73Сонымен діни қызметкерлер, леуіліктер, қақпа күзетшілері, әншілер, жалпы халықтың біразы және ғибадатхана қызметшілері өздерінің (Иерусалимнің маңайындағы) елді мекендеріне қоныстанды. Қалған Исраил халқы (бүкіл елдегі) өз қалаларына қайтып, сонда тұрып жатты.