1Самуил бүкіл Исраил елінен жиналып тұрғандарға былай деп сөз сөйледі:
2Енді, міне, сендерді бастап жүретін патшаларың осы. Ал мен қартайдым, басымды ақ қырау шалды. Ұлдарым да осында, сендердің араларыңда. Жас шағымнан осы күнге дейін мен өздеріңді басқарып келдім.
3Қазір алдарыңда тұрмын. Жаратқан Иенің және Оның тағайындаған патшасының алдында
4Жиналып тұрғандар:
5Сонда Самуил:
6Самуил оларға былай деді:
7Ал енді, осы жерде тұра тұрыңдар. Мен Жаратқан Иенің алдында Оның сендерге және ата-бабаларыңа жасаған барлық әділ істерін естеріңе салып, дәлел келтірейін.
8Түп атамыз Жақып Мысырға көшіп кеткеннен кейін ата-бабаларың Өзіне дауыстап жалбарынғанда, Жаратқан Ие Мұса мен Һаронды жіберді. Олар ата-бабаларыңды Мысырдан бастап алып шығып, осы жерге қоныстандырды.
9Бірақ ата-бабаларың өздерінің Құдайы — Жаратқан Иені менсінбей, ұмытып кетті. Сол себепті Ол халқынан бас тартып, оларды өздеріне қарсы соғыс ашқан Хасор қаласының қолбасшысы Сісераның әрі філістірлердің және Моаб патшасының қолдарына берді.
10Сол кездерде олар Жаратқан Иеге дауыстап жалбарынып: «Біз күнә жасадық. Сенен, Жаратқан Иемізден, безіп кетіп, Бағал мен Астартаның мүсіндеріне
11Сонда Жаратқан Ие сендерге Еруб-Бағал, Бедан, Ефтах, Самуилді
12Бірақ аммондықтардың патшасы Нахаш сендерге қарсы шабуылға шыққанда: «Бізді бір патша басқарсын!» — деп маған талап қойдыңдар. Алайда сендердің Құдайларың Жаратқан Ие өз Патшаларың ғой!
13Ал енді, міне, өздерің таңдап алып, талап еткен патшаларың! Жаратқан Иенің сендерге берген патшасы осы.
14Лайым Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оған қызмет етіңдер, Оның айтқандарына құлақ асып, берген өсиеттеріне қарсы бас көтермеңдер! Осылайша өздерің де, басқаратын патшаларың да Құдайларың — Жаратқан Иенің тура жолымен жүріңдер!
15Ал егер Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ аспай, Оның өсиеттеріне қарсы шықсаңдар, Ол ата-бабаларыңды қалай жазалаған болса, сендерді де солай жазалайтын болады.
16Енді осы жерде тұрып, көз алдарыңда Жаратқан Иенің жасайтын зор кереметін көріңдер!
17Қазір бидай орылып жатқан кез. (Осы мерзімде біздің елімізде жауын жаумайтынын білесіңдер.) Бірақ мен Жаратқан Иеге сиынып өтінгенде, Ол күн күркіретіп, жаңбыр жауғызады. Осылай сендер өз беттеріңше
18Содан соң Самуил Жаратқан Иеге дауыстап сыйынғанда, Ол күн күркіретіп, жаңбыр жауғызды. Осыны көрген бүкіл халық Жаратқан Ие мен Самуилден қатты сескеніп, оларды терең қастерлейтін болды.
19Олар Самуилден өтініп:
20Самуил былай деп жауап берді:
21Жалған тәңірлердің соңынан еріп кетпеңдер! Жалған деген аттары бар, сондықтан ешкімді құтқара да алмайды, олардан ешқандай пайда да жоқ.
22Жаратқан Ие сендерді өз халқы етіп таңдап алған болатын. Енді Ол Өзінің ұлы даңқына бола
23Мен де сендер үшін Жаратқан Иеге жалынып сиынуды қойып, Оған қарсы күнә жасаудан аулақ болайын! Қайта, сендерге ізгі де әділ жолды көрсете бермекпін.
24Сонымен, әрқашан Оның сендер үшін жасаған зор кереметтерін есте тұтып, Жаратқан Иені терең қастерлеп, шын жүректен Оған қызмет етіңдер!
25Ал егер жамандық істей берсеңдер, онда патшаларыңмен қоса өздерің де құрып кетесіңдер.