1Бір күні Саулдың ұлы Жонатан өзінің қару-жарағын көтеріп жүретін нөкер жігітіне: «Жүр, арғы беттегі філістірлердің жасақшылар тобына
2Саул сол кезде Гибея қаласының шетіндегі Мигронда бір анар ағашының саясында отырған еді. Оның қасында алты жүздей адамы және
3діни қызметкер Ахиях болды. Ахиях Иқабодтың ағасы Ахитұбтың ұлы, Пінехестің немересі, Елидің шөбересі еді. Ели кезінде Шилодағы ғибадатханада Жаратқан Иенің діни қызметкері болған еді. Енді Ахиях діни қызметкердің жеңсіз сырт киімін киіп жүрді.
4Філістірлердің жасақшылар тобына жету үшін Жонатан екі жағы да шыңырау, тік жартасы бар асу арқылы өтуі керек болды. Жартастар Босес және Сенех
5біреуі асудың солтүстік, Миқмас жағында, екіншісі оның оңтүстік, Геба жағында тұрған болатын.
6Жонатан нөкеріне былай деді:
7Әлгі жігіт:
8Сонда Жонатан ойындағысын білдірді:
9Егер олар: «Біз төмен түсіп келгенше күте тұрыңдар» десе, онда тұрған жерімізде қала берейік.
10Ал егер: «Бізге қарай жоғары көтеріліңдер» десе, солай істейміз. Бұл Жаратқан Иенің оларды қолымызға табыстағанының белгісі болмақ.
11Осылайша екеуі філістір жасақшылары өздерін көре алатындай жерге жетті. Оларды байқап қалған філістірлер өзара: «Қараңдаршы, бір-екі исраилдік
12екеуін: «Бері шығыңдар, сендерге бір нәрсе көрсетеміз!» — деп дауыстап шақырды.
13тырмысып жоғары өрмелей бастады. Қасындағы жігіт соңынан қалмай ілесіп отырды. Жонатан жоғары шығып алған соң, дұшпандар оның алдында құлап түсті. Артынан ерген нөкері оларды өлтіріп отырды.
14Осы бірінші шабуылда Жонатан, нөкері екеуі шағын жер танабында
15Әскер қосында және далада жүрген барлық філістір жасақшыларының зәрелері ұшып, қарауылдағы және елді тонаушы топтар да қалшылдап қорықты. Жер де сілкінді. Бұл Құдайдың жіберген өте үлкен үрейі болды.
16Бунямин жеріндегі Гибеяда Саулдың бақылаушылары філістір жасағының жан-жаққа тым-тырақай қашып жатқанын байқады.
17Саул қасындағыларына: «Сарбаздарды түгелдеңдер! Арамыздан тыс кеткен біреу бар ма екен?» — деп бұйырды. Сонда Жонатан мен оның нөкерінің жоқ екендігі анықталды.
18Саул діни қызметкер Ахияхқа: «Жеңсіз сырт киімді осында алып келіңіз», — деді.
19Бірақ Саул онымен сөйлесіп тұрған сәтте філістір қосындағы абыржудың үдеп кеткені сонша, Саул діни қызметкерге: «Қолыңызды салмай-ақ қойыңыз!» — деді де,
20сарбаздарын жинап алып, жауға қарсы ұрысқа шықты. Қараса, асып-сасқан філістірлер аласапыран болып бір-бірімен шайқасып жатыр екен!
21Філістірлермен бірге жүрген, олардың жағына бұрынырақ өтіп кеткен жалдамалылар
22Ефрем руының таулы жерінде тығылып жатқан барлық исраилдіктер де філістірлердің қаша бастағаны туралы естіп, олардың соңына түсіп, қуып кетті.
23Осылай Жаратқан Ие исраилдіктерді сол күні жау қолынан құтқарды.
24Бірақ исраилдіктер сол күні қатты шаршап, қиналған болатын. Себебі Саул оларға: «Кеш батқанға дейін, мен жауымнан кегімді алып болмайынша, тамақтан ауыз тиген әркімді қарғыс атсын!» — деп тыйым салып, онысын антпен бекіткен еді. Сондықтан жасақшылар күн ұзағына нәр татпады.
25
27Бірақ әкесінің жасақты антпен байлап қойғаны туралы естімеген Жонатан қолындағы таяғының ұшын балауызға тығып алып, біраз бал жеді. Сонда ол біршама әлденіп, көздері жайнап шыға келді.
28Сарбаздардың біреуі оған:
29Жонатан:
30Егер де бүгін халық жаудан түскен олжадан тамақ жеп, әлденіп алғанда, қазір філістірлерге берген соққымыз бұдан да зор болған болар еді! — деп қынжылды.
31Сол күні Исраилдің сарбаздары жауды Миқмастан Аялонға
32Сол себепті олар (кешке қарай) қолдарына түскен олжаға бас салып, сол жерде-ақ қой, өгіз, бұзауларды сойып, етін қанымен
33Біреу Саулға:
34Содан соң ол: — Халықтың арасына барып: «Әрқайсың ірілі-ұсақты малдарыңды қасыма алып келіп, осы жерде сойып, жеңдер! Етті қанымен жеп, Жаратқан Иенің алдында күнә жасамаңдар!» деген жарлығымды таратыңдар! — деп әмір етті.
35Бұдан кейін Саул Жаратқан Иеге арнап құрбандық жасайтын орын тұрғызды. Ол мұны сол жолы алғашқы рет істеді.
36Содан соң Саул:
37Саул Құдайдан: «Філістірлердің соңынан түсіп қуайын ба? Сен оларды Исраилдің қолына түсіресің бе?» — деп сұрағанда, Құдай еш жауап бермеді.
38Сонда Саул:
39Содан ол: — Исраилдің Құтқарушысы — мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: осы күнәні жасаған әркім, тіпті өз ұлым Жонатан болса да, өлуге тиіс! — деп ант етті. Бірақ бүкіл жасақтағы бірде-бір адам үндемеді.
40Сонда Саул бүкіл Исраилге:
41Саул Исраилдің Құдайы — Жаратқан Иеге сиынып: «Анық білдірте көр», — деп өтінді. Жеребе тасталып, ол Жонатан мен Саул жаққа түсті, ал сарбаздары ақталып шықты.
42Саул: «Енді жеребені ұлым Жонатан екеуімізге салыңдар!» — деп бұйырып, жеребе Жонатанға түсті.
43Саул одан:
44Сонда Саул:
45Алайда жасақшылар:
46Ал Саул філістірлерді қууын тоқтатып, қайта оралды. Олар да өз жерлеріне қайтып кетті.
47Саул Исраилге патшалық құруын нығайтқаннан кейін айналасындағы барлық жауларымен: Моаб, Аммон, Едом халықтарымен, (Арамадағы) Собаның
48Патша ерлікпен соғысып, Амалектің жасағын да жеңді. Осылай ол Исраилді тонаушыларынан азат етті.
49Саулдың Жонатан, Ишуи, Мәлхисуа деген үш ұлы және үлкені Мераб, кішісі Михол атты екі қызы болды.
50Оның әйелі Ахимағас қызы Ахиноғам еді.
51Саулдың әкесі Қиш пен Әбенирдің әкесі Нер екеуі Әбиелдің ұлдары болатын.
52Саулдың кезінде філістірлермен кескілескен соғыс толассыз жүріп жатты. Сол себепті Саул мықты да қайратты жігіттерге кездессе, оларды өз жасағына қосып алатын.