1Дәуіт Саулмен сөйлесіп болғанда, патшазада Жонатан оны қатты ұнатып, жанындай жақсы көріп қалды.
2Саул сол күннен бастап Дәуітті өзінің қасында қалдырып, әкесінің үйіне қайтармай қойды.
3Дәуітті сондай жақсы көріп қалған Жонатан онымен серттесіп дос болып,
4үстіндегі шапанын, қару-жарағын, тіпті семсерін, садағы мен белдігін де шешіп сыйлады.
5Саул Дәуітті қай тапсырмамен жұмсамасын, ол бәрін де ақыл-парасатпен
6Дәуіт філістірдің көзін құртып, бүкіл жасақ елге қайтып келе жатқанда, Саул патшаны қарсы алу үшін Исраилдің барлық қалаларынан әйелдер алдарынан шықты. Олар ән айтып, би билеп, даңғыраларда
7Әйелдер би билеп:
8Ал Саул қатты ашуланып, бұл сөздерді тіпті жақтырмай: «Олар Дәуітке он мыңдаған, ал маған не бары мыңдаған жеңілген жау үшін мақтау айтты! Енді оған жетпей тұрғаны патшалық билік қана!» — деп налыды.
9Сол күннен бастап Саул Дәуітке қызғанышпен қарайтын болды.
10Келесі күні Құдай жіберген қинайтын рух Саулға қайтадан бас салып, ол сарайында ерекше көңіл күйіне түсіп мазасызданды. Дәуіт оны тыныштандыру үшін бұрынғыша күй тартып отырды. Саулдың қолында сүңгісі бар болатын.
11«Дәуітті қабырғаға қадап тастайыншы!» деген оймен патша сүңгісін оған қарай лақтырып жіберді. Бірақ Дәуіт жалтарып үлгерді, екінші ретте де солай болды.
12Саул Дәуіттен қорқа бастады, себебі Жаратқан Иенің өзін тастап, Дәуітке жар болғанына көзі жетті.
13Оны қасынан алыстатып, мыңбасы етіп қойды. Бұдан былай Дәуіт сарбаздарын жорықтарға бастап жүрді.
14Ол қай істе де парасаттылық танытып отырды, өйткені Жаратқан Ие оған жар болды.
15Дәуіттің табыстарын көргенде Саул одан бетер сескенді.
16Бірақ бүкіл Исраил мен Яһуданың халқы өздерін жорықтарға бастап шығатын Дәуітті жақсы көрді.
17Сол кезде Саул: «Мен оған қол жұмсамай-ақ қояйын, соны філістірлерге қалдырайын!» деген айлалы оймен Дәуітке:
18Дәуіт:
19Алайда Саул қызы Мерабты Дәуітке ұзататын уақыты келгенде, оны Дәуітке емес, мехолалық Әдіриел деген біреуге берді.
20Ал Саулдың басқа қызы Михол
21«Дәуітке Михолды беремін. Осылай оны тұзаққа түсіріп, філістірлер арқылы көзін құртамын» деген айлалы жоспар құрды. Дәуітке екінші рет: «Қызыма үйлен», — деп ұсыныс жасап,
22қызметшілеріне де мынадай бұйрық берді: «Дәуітпен жеке сөйлесіп, оған: Сені патша қатты ұнатады, оның барлық нөкерлері де сені жақсы көреді. Ендеше патшаның қызына үйленсеңші деңдер!»
23Саулдың қызметкерлері оның бұл сөздерін Дәуітке жеткізгенде ол: «Патшаның күйеу баласы болуды болмашы нәрсе көріп отырсыңдар ма?! Мен кедеймін, беделім де зор емес!» — деп жауап берді.
24Қызметкерлер мұны Саулға хабарлағанда,
25ол: «Дәуітке былай деп айтыңдар: Патша сенен қалыңмал ретінде тек жүз філістірді өлтіріп, соның дәлелдерін
26
28Саул Жаратқан Иенің Дәуітке жар болғанын және өзінің қызы Михолдың оны жақсы көретінін түсініп,
29Дәуіттен бұрынғыдан бетер қорқатын болды. Оны өле-өлгенше өзінің қас жауындай көрді.
30Філістірлердің қолбасшылары елге шабуыл жасаған сайын Дәуіт Саулдың басқа қызметкерлеріне қарағанда әлдеқайда парасатты әрекет жасап, даңқы өскен үстіне өсе түсті.