1Осы екі арада Дәуіт Рамақтағы Найоттан қашып кетіп, Жонатанға барып, оған:
2— Жоқ, өлтірілмейсің! Не үлкен, не кіші, қандай іс болмасын әкем маған айтпай істемейді. Мұндай жоспарын да менен жасырмаған болар еді. Қателесіп тұрсың! — деп жауап берді ол.
3Бірақ Дәуіт ант етіп былай деді:
4Жонатан:
5Сонда Дәуіт оған мынадай өтініш жасады:
6Егер әкең мені сұрай қалса, оған: «Дәуіттің қаласы Бетлехемде барлық жегжат-жұрағатының жылдық құрбандық мейрамы өткізілейін деп жатыр екен. Дәуіт соған тездетіп барып келуге менен қоймастан сұранып, сонда кетті» деп түсіндір.
7Патша: «Жарайды» десе, онда маған төнген еш қауіп жоқ. Ал егер қатты ашуланса, маған қарсы зұлымдық жасауға ұйғарды деп біле бер.
8Жаратқан Иенің алдында сертпен бекіткен достығымызды
9— Ондай ешқашан болмас! Әкемнің саған жамандық істеуге ұйғарғанын біліп қалсам, саған айтпас па едім? — деп жауап берді Жонатан.
10Дәуіт одан:
11ол
12Сол жерде Жонатан Дәуітке ант беріп былай деді:
13Ал шынымен әкемнің саған жамандық істейтін ойы болса, мен соны саған айтып, қатерден арашалау үшін басқа жаққа жіберемін. Егер уәдемде тұрмасам, Жаратқан Ие мені жазалаған үстіне жазаласын! Жаратқан Ие әкеме жар болғандай, енді саған да жар бола көрсін!
14Көзім тірісінде маған Жаратқан Иенің тұрақты мейірімділік көрсеткені сияқты, сен де әрдайым мейірімділік көрсетіп, мені аман-есен қалдыра гөр.
15Егер өліп қалсам, отбасыма жасайтын қамқорлығыңды доғарма. Жаратқан Ие Дәуіттің жер бетіндегі барлық жауларының бірде-біреуін қалдырмай құртқан кезде де солай істей бер! —
16Сонымен Жонатан Дәуіттің әулетімен келісім жасап: — Жаратқан Ие Дәуіттің жауларын жауапқа тартып, жазаласын! — деп,
17Дәуітке деген сүйіспеншілігі туралы сертін қайтадан жаңартты.
18Бұдан кейін ол былай деді:
19Бүрсігүні кешке таман абайлап төмен түсіп, бұрын
20Ал мен бір нысананы көздегендей болып, сол жаққа қарай үш рет садақ атамын.
21Содан: «Жебелерімді іздеп тауып кел!» деп, бір жас нөкерімді жіберемін. Егер оған: «Міне, жебелер өзіңнен бері жатыр, оларды осында алып кел!» десем, сен тасадан шығып, қасыма кел. Себебі шынымен саған ешқандай қауіп төніп тұрмағаны.
22Егер де сол жігітке: «Әне, жебелер сенің ар жағыңда жатыр» десем, онда Жаратқан Ие сені басқа жаққа жібергендіктен кетіп қаларсың.
23Ал өзара байласқан сөзімізге Жаратқан Ие мәңгі бақи куә
24Сонымен Дәуіт қалаға кірмей, далада жасырынып қалды.
25өзінің төрдегі орнына жайғасты. Жонатан оның қарсысында,
26Саул: «Әрине, оған бір жағдай болып, тазару рәсімін орындай алмаған соң
27Бірақ айдың екінші күні де Дәуіттің орны бос тұрғанда Саул Жонатаннан:
28Жонатан мынадай жауап берді:
29«Біздің қалада жегжат-жұрағаттарымыз құрбандық ас береді. Ағам маған соған келуің керек деген еді. Мейірімділік көрсетіп, мені ағайындарыма жібере гөр» деп өтінді. Сол себептен Дәуіт патша ағзамның дастарқанына келе алмай қалды. —
30Бірақ Саул Жонатанға қатты ашуланып:
31Есейдің сол баласы жер басып жүргенде, өзің де, патшалығың да қауіпсіз болмайсыңдар! Ал енді, адам жіберіп, оны маған алып кел! Ол өлуге тиіс! — деп айқайлап жіберді.
32Жонатан:
33Сонда Саул қолындағы сүңгісін оған қадамақ болып лақтырып жіберді. Бұдан әкесінің Дәуітті өлтіруге нақты бел буғанына Жонатанның көзі жетті.
34Ол қатты ашуланып, дастарқан басынан ұшып тұрып, кетіп қалды. Әкесінің Дәуітті масқаралағанына ренжіп, айдың екінші күнгі асынан ауыз тимеді.
35Ертеңгісін ертемен Жонатан Дәуітпен кездесу үшін даладағы келісілген жерге бір нөкер жігітін ертіп барды.
36Оған: «Мен қазір садақ атамын, сен жүгіріп барып, жебелерімді алып келетін бол!» — деді де, жүгіріп кеткен жас жігіттен әрірек барып түсетіндей етіп бір жебені атып жіберді.
37Нөкердің артынан: «Жебе сенің ар жағыңда жатыр,
38тұра берме, тез бол!» — деп дауыстады. Жас жігіт жебелерді жинап, қожасына алып келді.
39Айтылғандардың астарлы мәнісін ол ұқпағанмен, Жонатан мен Дәуітке бәрі анық еді.
40Жонатан нөкеріне садақ пен жебені табыстап, оған: «Бұларды қалаға алып кет», — деп бұйырды.
41Жігіт кетісімен Дәуіт тасаланып отырған алып тастың
42Жонатан: «Аман-есен жүр! Екеуіміз Жаратқан Иенің атымен байласқан антымызды сенің де, менің де, кейінгі ұрпақтарымыздың да орындайтынына Оның Өзі кепіл болсын», — деп Дәуітпен қоштасты.
43Содан Дәуіт кетіп қалды, ал Жонатан қалаға қайтты.