1Зифтің халқы қайтадан Гибеяда тұрып жатқан Саулға барып, Дәуіттің Есімонға қарама-қарсы жатқан Һақила қырында жасырынып жүргені туралы айтып берді.
2Саул қасына елдегі үш мың таңдаулы жауынгерді ертіп алып, Дәуітті іздеуге Зиф маңындағы елсіз аймаққа қарай аттанып,
3Есімонға қарама-қарсы жатқан Һақила қырындағы жолдың бойына қосын тікті. Елсіз қыратта жүрген Дәуіт өзін Саулдың іздеп, соңына түскенін ұғынды.
4Содан ол барлаушыларын жіберіп, Саулдың шынымен келгенін анықтап білді.
5Мұнан кейін Дәуіт Саулдың қос тіккен жеріне жақындап, (қырат басынан) Саул мен қолбасшысы Нер ұлы Әбенирдің қай жерде жатқандарын мұқият қарап алды. Саул бекінген тұрақтың ортасында, ал жауынгерлері оны айналдыра қоршап жатыр екен.
6Дәуіт хеттік Ахимәліктен және Сарұяның ұлы, Жоғабтың інісі Әбішайдан:
7Дәуіт пен Әбішай түн жамылып, әскер қосына қарай төмен түсті. Саул бекінген тұрақтың ортасында, сүңгісі бас жағында жерге қадаулы күйі ұйықтап, ал Әбенир мен жауынгерлер оны қоршап жатыр екен.
8Әбішай Дәуіттен:
9Бірақ Дәуіт оған тыйым салып:
10Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: Оның Өзі Саулды өлтіретін болады. Не уақыты жетіп қайтыс болады, не соғысқа шығып қаза табады.
11Бірақ Өзінің тағайындаған патшасына қол тигізу дегеннен Жаратқан Ие сақтай көрсін! Одан да бас жағындағы сүңгісі мен құмырасын ал, сосын кетейік, — деген еді.
12Осылай Дәуіт Саулдың бас жағындағы сүңгісі мен су құятын құмырасын алып, екеуі сол жерден кетіп қалды. Ешкім оларды көрген де, білген де жоқ, тіпті ешкім оянған да жоқ. Жаратқан Ие жауынгерлерді терең ұйқыға батырғандықтан бәрі қатты ұйықтап жатты.
13Дәуіт сайдың арғы бетіне өтіп, әскер қосынан алысырақ жердегі қырат басына шықты. Олардың арасы бірталай қашық болды.
14Сол жерден Дәуіт әскерге және Нер ұлы Әбенирге тіл қатып:
15Дәуіт:
16Сенің бұның дұрыс емес. Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: Сендер өлім жазасына лайықсыңдар! Өйткені өз иелеріңді, Жаратқан Иенің тағайындаған патшасын дұрыстап күзетіп қорғамадыңдар! Іздеп көр: патшаның бас жағындағы сүңгісі мен құмырасы қайда? — деп айқайлады.
17Дәуіттің даусын таныған Саул:
18сөзін жалғастырып былай деді: — Уа, патша, бұл пендеңіздің соңына неге түсіп жүрсіз? Мен не істеп қойдым, жазығым не?
19Тақсыр ием, айтқаныма құлақ аса көріңіз! Егер сізді маған қарсы қойып отырған Жаратқан Ие болса, онда Ол күнәмнің құнын өтейтін құрбандығымды қабылдай көрсін. Ал егер осыны істеп отырған адамдар болса, оларды Жаратқан Иенің қарғысы атпақ. Олардың мені Жаратқан Иенің өз жерінен қуып жүргендері «Кет, жалған тәңірлерге табын!» деп азғырумен тең.
20Жаратқан Иеден алыс жерде
21Сонда Саул былай деп дауыстады:
22Ал Дәуіт оған былай деп жауап қатты:
23Жаратқан Ие әрбір адамға оның әділдігі мен сенімділігіне қарай сыйын береді. Жаратқан Ие сізді бүгін қолыма берсе де, мен сізге қарсы қол көтеруден бас тарттым. Өйткені Жаратқан Иенің тағайындаған патшасысыз.
24Сіздің өміріңізді бүгін қалай қымбат көрген болсам, Жаратқан Ие де менің өмірімді солай қымбат көріп, қиындық атаулыдан құтқара көрсін! —
25Саул: