1Дәуіт адамдарымен үшінші күні Сикеләгке
2Олар қаладағы әйелдер мен үлкенді-кішілі басқа адамдардың барлығын да тұтқындап, ешқайсысын өлтірмей, өздерімен бірге алып кеткен болатын.
3Дәуіт сарбаздарымен Сикеләгке жеткенде, қала өртелген, ал әйелдері мен ұл-қыздары айдалып әкетілген екен.
4Сонда бәрі дауыстап жоқтап, әлдері құрығанша егіліп жылай берді.
5Дәуіттің екі әйелі, ізрелдік Ахиноғам мен кәрмелдік Набалдың жесірі Әбигел де тұтқындалыпты.
6
8Дәуіт Жаратқан Иеден:
9Сонда Дәуіт қасындағы алты жүз сарбазымен жорыққа шығып, Босор сайының жағасына жетті. Алайда олардың кейбіреулері сол жерде қалып қойды.
10Себебі екі жүз жігітінің қатты шаршағандықтан сайдың
11Жолшыбай олар далада жатқан бір мысырлық жігітті тауып, оны Дәуітке алып келді. Оған су ішкізіп,
12жеуге нан, кепкен інжір жемістерін және екі бума мейіз берді. Жігіт үш тәулік бойы нәр татпаған екен. Жүрек жалғап, әл жинап алғаннан кейін,
13Дәуіт одан:
14Біз кереттіктердің оңтүстік жағына, Яһуданың жеріне және Халептің
15Дәуіт:
16Сонымен жігіт Дәуіт пен серіктерін амалектіктер кеткен жаққа бастап алып жүрді. Олар жаудың қостарына таяп, қараса, амалектіктер бір кең жерге алаңсыз жайғасып, філістірлердің және Яһуданың елдерінен қолдарына түсірген ұлан-ғайыр олжаларына қуанғаннан ішіп-жеп тойлап жатыр екен.
17Дәуіт сарбаздарымен оларға ымырт жабыла бас салып, келесі күннің кешіне дейін шайқасты. Түйелеріне мініп қашып кеткен төрт жүз жас жігіттен басқа амалектіктердің ешбіреуі құтыла алмады.
18Дәуіт осылайша амалектіктердің алып кеткендерінің бәрін де, өзінің екі әйелін де құтқарып алды.
19Сарбаздардың үлкенді-кішілі адамдарынан, ұл-қыздары мен жинаған олжаларынан, амалектіктердің бұлардан қолға түсіргендерінен ештеңе де жоғалмапты, Дәуіт бәрін де қайтарып алды.
20Оның үстіне жаудың бүкіл ірілі-ұсақты малдарын да қолына түсірді. Адамдары осы малдарды өз малдарынан бұрын айдап, «Бұл — Дәуіттің олжасы!» — десті.
21Осылай сарбаздар қатты қалжырап, ере алмайтын болғандықтан Босор сайының жағасында қалдырып кеткен екі жүз адамына жақындап келді. Сонда олар Дәуіт пен оның жанында жүргендердің алдарынан шықты. Дәуіт оларға жолығып, амандық сұрасты.
22Бірақ онымен бірге жүргендердің ішіндегі кейбір пасық та арсыз адамдар:
23Бірақ Дәуіт былай деп шешті:
24Сендердің бұл ұсыныстарыңа кім құлақ түреді?
25Сол күннен бастап Дәуіт мұны Исраилдегі міндетті ереже ретінде бекітті. Ол әлі күнге дейін сақталып келе жатыр.
26Дәуіт Сикеләгке қайта оралған соң, олжаның біразын Яһуда елінің өзімен достасқан рубасыларына жіберіп: «Бұл — сізге Жаратқан Иенің жауларынан түскен олжадан сыбаға!» — деген сәлемін жолдады.
27Дәуіттің тартулар жіберген жерлері мыналар еді: Бетел, оңтүстіктегі Рамот, Ятир,
28Арогер, Сифмот, Ештемоға,
29Рахал, ерахмелдіктер мен кендіктердің қалалары,
30Хорма, Хорашан,
31Хеброн және өзі адамдарымен бірге барып тұрған барлық басқа жерлер.