1Осылай Самуилдің айтқандары бүкіл Исраил халқына кеңінен тарап жатты.
2Жау жасағын сапқа тұрғызып, шабуылға шықты. Кескілескен шайқаста исраилдіктер жеңіліп, төрт мыңдай адамы ұрыс даласында қаза тапты.
3Қалғандары жасақтың қосына оралғанда, Исраилдің рубасылары ақылдасып: «Жаратқан Ие бүгін неліктен філістірлердің бізді талқандап жеңулеріне жол берді? Жаратқан Иенің Келісім сандығын Шилодан осында алдыртайық. Сонда ол ортамызда болып, бізді жау қолынан құтқарып алады», — деп ұйғарды.
4Сонымен Шилоға бірнеше адам жіберіп, олар Әлемнің Иесінің Келісім сандығын алып келді. Оның жер бетіндегі «тағы» сандық қақпағындағы керуб мүсіндерінің үстінде болды.
5Жаратқан Иенің Келісім сандығы жасақтың қосына жеткізілген кезде исраилдіктердің қуана салған айқайынан жер жаңғырықты.
6Айқай-шуды естіген філістірлер: «Исраилдіктердің қосындағы бұл не деген қатты айқай-шу?» — деп таңғалысты.
7үрейлері ұшып: «Олардың араларына Құдай келіпті!
8Сорладық! Осы құдіретті тәңірлерден
9Кәне, філістірлер, нығайыңдар! Батыл да ержүрек болыңдар! Әйтпесе исраилдіктердің сендерге құл болып келгеніндей, енді сендер олардың құлдары боласыңдар. Ендеше нағыз батырларша жан аямай соғысыңдар!» — деп сарбаздарын жігерлендірді.
10Содан філістірлер жан сала шайқасып, исраилдіктер ойсырай жеңілді. Барлығы бытырап, әркім өз үйіне қашып кетті. Қырғынның зор болғаны сонша, отыз мың исраилдік жаяу жасақтың мәйіттері ұрыс даласында қалды.
11Бұған қоса Құдайдың сандығы жаудың қолына түсті, әрі Елидің екі ұлы Опни мен Пінехес қаза тапты.
12Шайқасып жатқандардың арасынан Бунямин руының бір адамы сытылып шығып, жүгірген бойы сол күні Шилоға жетті. Ол қатты қайғырып, көйлегінің өңірін айыра жыртып, басына топырақ сеуіп алыпты.
13Сол кезде Құдайдың сандығын уайымдап, жүрегі қобалжып елегізген Ели қақпа алдында, жол жиегіндегі орындығында отырған еді. Хабаршы қалаға келіп, болған жайдың бәрін айтып бергенде күллі халық айқай салып жоқтай бастады.
14Зарлы айқайды естіген Ели:
15Елидің жасы тоқсан сегізде болатын, ол көзі көрмей, зағип болып қалған еді.
16Әлгі жігіт оған:
17Хабаршы:
18Құдайдың сандығына не болғаны туралы айтылғанда, Ели қақпа жанындағы отырған орындығынан
19Бұл кезде Елидің келіні, Пінехестің әйелінің босанатын мезгілі жақындап қалған болатын. Әйел Құдайдың сандығының жау қолына түскені, әрі қайын атасы мен күйеуінің дүние салғаны туралы хабар естігенде сол жерде толғатып, босанды. Алайда толғағы өте ауыр болды.
20Хал үстінде жатқанда қасындағы әйелдер оны: «Қайғырма, ұл тудың», — деп жұбатты. Бірақ ол бұған жауап қайырмады, тіпті көңіл де бөлген жоқ.
21Құдайдың сандығы жаудың қолына түсіп, қайын атасы мен күйеуі дүние салғандықтан, әйел: «Салтанатты ұлылық Исраилді тастап кетті!» — деп, ұлына Иқабод (яғни «Ұлылық жоқ») деген ат қойды.
22Ол: «Салтанатты ұлылық Исраилді тастап кетті, себебі жау Құдайдың сандығын қолына түсірді», — деп налыды.