1Келесі жылғы көктемде, патшалар жорыққа шығатын уақытта Дәуіт Жоғабты, өзінің қызметшілерін және Исраилдің бүкіл әскерін жауға қарсы аттандырды. Олар аммондықтарды жаппай қырып, астаналары Раббаны қоршап алды. Бірақ Дәуіттің өзі Иерусалимде қалып қойды.
2Бір күні кешке қарай Дәуіт төсегінен тұрып, сарайының төбесінде әрлі-берлі жүрді. Төмен қараған ол шомылып жатқан бір әйелді көрді. Әйел өте сұлу екен.
3Дәуіт ол туралы сұрастыру үшін біреуді жіберіп, оның Елиямның қызы, хеттік Ұрияның әйелі Барсабия
4Сонда Дәуіт хабаршыларын жіберіп, оны алдыртты. Әйел келіп, Дәуіт онымен бірге болды. Кейін әйел үйіне қайтып кетті. Бұдан бірнеше күн бұрын ғана ол айлық етеккірінен тазарған болатын.
5Содан әйел жүкті болып қалып, Дәуітке: «Аяғым ауыр», — деген хабар жіберді.
6Сонда Дәуіт соғысып жатқан Жоғабқа: «Маған хеттік Ұрияны жеткіз!» — деген бұйрық жолдап, Жоғаб сол кісіні Дәуітке жіберді.
7Ұрия оның алдына келгенде, Дәуіт одан Жоғаб пен әскердің жағдайы туралы және соғыстың қалай өтіп жатқандығы жайлы сұрастырды.
8Дәуіт соңынан Ұрияға: «Үйіңе барып, жуынып-шайынып демал!»
9Бірақ Ұрия үйіне бармай, патша иесінің басқа да қызметшілерімен бірге сарайдың кіреберісінің жанында түнеп шықты.
10«Ұрия үйіне барған жоқ!» — дегенді естіген кезде, Дәуіт оны қасына шақырып алып:
11Ал Ұрия жауап қайтарып:
12Сонда Дәуіт:
13Дәуіт оны ішіп-жесін деп шақырып, тойдыра мас қылды. Алайда кешке Ұрия тағы да өз үйіне бармай, патша иесінің қызметшілерімен бірге түнеді.
14Сондықтан Дәуіт таңертең Жоғабқа хат жазып, оны Ұриядан беріп жіберді.
15Хатында ол былай деді: «Ұрияны ең қатты шайқас болып жатқан майданның алдыңғы шебіне қойып, оны өлімге қалдырып, өздерің кері шегініп кетіңдер!»
16Содан Жоғаб қоршалған қаланың ең мықты жауынгерлері орналасқан жеріне Ұрияны қойды.
17Қаланың адамдары шығып, Жоғабқа шабуыл жасады. Сонда Дәуіттің бірнеше жауынгері қаза тауып, ішінде хеттік Ұрия да болды.
18Жоғаб Дәуітке шайқас туралы толық мәлімет жібермек болып,
19хабаршысына былай деп нұсқау берді:
20патша ашуланып, саған «Қалаға неге тым жақындадыңдар, қабырғадан ататынын білмедіңдер ме?
21Еруб-Бесет
22Хабаршы барып, Дәуітке Жоғабтың тапсырғандарын былай деп баяндады:
23— Қарсыластар бізді тықсырып, қаладан сыртқа шыға келді. Бірақ біз оларды тойтарып, қала қақпасына дейін қуып тастадық.
24Сонда олардың садақшылары қызметшілеріңізді қала қабырғасынан атты. Патша иемнің бірқатар жауынгері мерт болып, қызметшіңіз хеттік Ұрия да қаза тапты.
25Ал Дәуіт оған мына бұйрықты берді:
26Ұрияның әйелі күйеуінің өлгенін естіп, оны жоқтап аза тұтты.
27Жоқтау мерзімі біткенде Дәуіт біреуді жіберіп, әйелді өз үйіне алдыртты. Ол Дәуітке әйел болып, бір ұл туып берді.