1Сарұяның ұлы Жоғаб Дәуіт патшаның Абессаломды сағынғанын байқап қалды.
2Жоғаб Текояға адам жіберіп, ол жақтан бір ақылды әйелді алдыртып, оған былай деді: «Жоқтап қайғырғандай болып, азалы киім киіп ал. Өзіңді маймен сылама, керісінше, көп күн бойы өлген адамды жоқтап келген біреудей бол!
3Патшаның алдына барып, оған былай де», — деп, Жоғаб оған не айту керек екендігін үйретті.
4Текоялық әйел патшаның алдына барып, басын жерге тигізе жығылып, қошемет көрсетті. Содан кейін жалынып:
5Патша одан:
6Алдыңыздағы күңіңіздің екі ұлы бар еді. Олар бір күні далада жүргенде бір-бірімен төбелесіп қалыпты, ал оларды ажырататын ешкім болмаған. Сөйтіп біреуі екіншісін ұрып, өлтіріп тастады.
7Қазір бүкіл әулет маған қарсы шығып отыр. Олар: «Бауырын өлтіргенді бізге тапсыр! Оны өлтіріп, бауыры үшін кек алудан тайынбаймыз.
8Патша әйелге:
9Сонда текоялық әйел патшаға:
10Патша оған:
11Әйел:
12Әйел:
13Әйел былай деді:
14Біздің бәріміз әйтеуір бір кезде өліп, қайта жинауға келмейтін төгілген су сияқты боламыз. Бірақ Құдай кісі өлтіруші іспетті емес. Қайта, Ол қудаланған адамды Өзінен алшақ жүрмесін деп қайтаруды көздейді.
15Сол адамдар мені қорқытқандықтан мен патшаммен сөйлесейін, мүмкін, өтінішімді орындар деген оймен осыны айтуға патша иемнің алдына келіп отырмын.
16Мүмкін, патша осыған құлақ асып, мені де, ұлымды да Құдай бізге мұралыққа берген үлесімізден
17Сонымен алдыңыздағы күңіңіз іштей: «Патша ием Құдайдың періштесі сияқты, жақсы мен жаманды дұрыс ажырата алатындықтан, патша иемнің сөздері жаныма тыныштық әкелсін!» деп ойлады. Лайым Құдайыңыз Жаратқан Ие сізге жар бола берсін!
18Осыны тыңдап болып, патша:
19Патша:
20Бұл жайтты басқа қырынан көрсету үшін қызметшіңіз Жоғаб осыны істеп отыр. Ал жер бетінде болып жатқанның бәрінен де хабардар Құдайдың періштесінің дана екені іспетті, тақсыр ием де сондай дана, — деп жауап берді.
21Патша Жоғабты қасына шақырып алып, оған:
22Жоғаб жерге дейін иіліп қошемет көрсетті де, патша үшін игі тілек тілеп, оған:
23Осыдан кейін Жоғаб шығып кетті де, Гешурге бет алды. Сол жерден ол Абессаломды Иерусалимге қайтарып алып келді.
24Алайда патша: «Үйіне барсын, менің көзіме еш көрінбесін!» — деп бұйырды. Сондықтан Абессалом патшамен жүздесе алмай, өз үйіне кетті.
25Бүкіл Исраилде көркі Абессаломның көркінен көбірек мақталған ер адам болмады. Басынан аяғына дейін оның бойынан ешбір мін табылмады.
26Абессалом шашын тым ауыр болып кеткен кезде ғана жылына бір-ақ рет қырқатын. Сонда оның қырқылған шашының салмағы патшалық өлшемнің екі жүз мысқалына
27Абессаломның үш ұлы және Тамар атты бір қызы болды. Тамар өте сұлу болатын.
28Абессалом Иерусалимде патшамен жүздесе алмай екі жыл жүрді.
29Бұдан кейін Абессалом патшаға жіберейін деп Жоғабты шақыртты. Бірақ Жоғаб оған келуден бас тартты. Екінші рет адам жіберіп шақыртқанда да, ол келмей қойды.
30Сонда Абессалом қасындағы қызметшілеріне: «Менің егістігімнің жанындағы Жоғабтың егістігін білесіңдер ғой. Сонда қазір арпа пісіп тұр. Барыңдар да, егістігіне от қойыңдар!» — деп бұйырды. Олар от қойып, егінді өртеп жіберді. Жоғабтың қызметшілері оған жүгіріп келіп: «Абессаломның қызметшілері егінге от қойды!» — деп мәлімдегенде,
31Жоғаб орнынан тұрып, Абессаломның үйіне барды. Оған:
32Абессалом Жоғабқа:
33Содан Жоғаб патшаға барып, Абессаломның өтінішін жеткізді. Патша Абессаломды өзіне шақырып алды. Ол патшаның алдына келіп, басын жерге тигізе қошеметтеп жығылды. Ал патша Абессаломды құшақтап сүйді.