1«Патша Абессаломды көз жасын төгіп жоқтап жатыр» деген хабар Жоғабқа жетті.
2Дәуіттің өлген ұлын жоқтап жатқанын естігенде, оның бүкіл жасағы үшін сол жеңіс күні қаралы күнге айналды.
3Содан жасақ шайқас майданынан қашып кетіп масқара болған сарбаздардай қалаға ұрланып кірді.
4Патша бетін жауып алып, дауыстап: «Беу, сорлы ұлым Абессалом, о, Абессалом, сорлы ұлым-ай!» — деп дауыстап жоқтаумен болды.
5Сонда Жоғаб патшаның үйіне барып, оған былай деді:
6Сіз өзіңізді жек көретіндерді сүйіп, өзіңізді сүйетіндерді жек көресіз! Бүгін сіз қолбасшылар мен жауынгерлеріңізді өзіңіз үшін түкке тұрғысыз екенін айқын көрсеттіңіз. Егер Абессалом тірі қалып, біздің бәріміз қырылып қалған болсақ, сіз соған риза болар едіңіз! Мен бүгін осыны ұқтым.
7Ал енді, сыртқа шығып, қызметшілеріңізге жылы сөйлеп, жігерлендіріңіз! Жаратқан Иенің алдында ант етемін: егер шықпайтын болсаңыз, бүгін кешке дейін сіздің жағыңызда бірде-бір адам қалмайды! Бұл сіз үшін жастық шағыңыздан бері осы кезге шейін басыңызға түскен апаттардың барлығынан да зор болмақ!
8Сонда патша орнынан тұрып, қала қақпасының жанындағы өзінің арнаулы орнына барып отырды. Патшаның қақпа жанында отырғанын естігенде, бүкіл жасақ оның алдына жиналды.
9Солтүстік Исраилдің барлық руындағы адамдар өзара айтысып былай деп жатты: «Патша бізді жауларымыздың қолынан азат еткен болатын. Філістірлердің шеңгелінен құтқарған да сол. Бірақ та өзі Абессаломнан бас сауғалап, елден қашып кетуге мәжбүр болды.
10Ал біз өзіміздің үстімізден патшалық құруға май жағу рәсімін жасап тағайындаған Абессалом шайқаста мерт болды. Ендеше неге сендер патшаны кері қайтару туралы үндемейсіңдер?»
11Сонда Дәуіт патша діни қызметкерлер Садық пен Абиятарға мына сәлемін жіберді: «Яһуданың рубасыларына былай деңіздер: Патшаны өз үйіне қайтаруға сіздер неге ең соңғы болуларыңыз керек? Себебі солтүстік исраилдіктердің бұл туралы айтып жүргендері патшаға және оның үй ішіне жетті.
12Сіздер менің ағайындарымсыздар ғой, қандастарымсыздар. Ендеше неліктен сіздер патшаны кері қайтарудан тартынасыздар?
13Ал Амасаға мынаны айтыңыздар: Сен менің қандас туысымсың ғой! Жоғабтың орнына сені бүгіннен бастап болашақта да әскерімнің қолбасшысы болуға тағайындамасам, Құдай мені жазалаған үстіне жазалай берсін!»
14Осылай ол бүкіл Яһуда руының адамдарының жүректерін баурап алып, барлығын бірауыздай етті. Олар патшаға: «Өзіңіз және барлық қызметшілеріңіз, қайтып келіңіздер!» деген сәлем жолдады.
15Сонымен патша кері қайтайын деп жолға шығып, Иорданға дейін жетті. Яһуданың адамдары патшаны күтіп алып, өзеннен өткізіп жіберу үшін Ғылғалға жиналған еді.
16Бахуримнен шыққан буняминдік Гера ұлы Шимей де асығып, яһудалықтардың арасында Дәуіт патшаны қарсы алуға ылдилап сол жерге барды.
17Оның жанында Бунямин руының тағы бір мың адамы, солардың ішінде Саул әулетінің қызметшісі Сиба мен оның он бес ұлы әрі жиырма қызметшісі де болды. Олар патшаны қарсы алу үшін тездетіп Иорданға барды.
18Келгендер патшаның отбасын өзеннен өткізіп, оның барлық қалауын орындау үшін өзенді өткелмен кесіп өтті.
19оған жалбарынып былай деді:
20Алдыңыздағы пендеңіз күнәға батқанын біліп отыр. Бірақ өзіңіз көріп отырсыз, Жүсіптің үрім-бұтағы жетекшілік еткен бүкіл Исраил руларынан патша иемді қарсы алуға бірінші болып мен келіп отырмын.
21Сонда Сарұя ұлы Әбішай:
22Бірақ Дәуіт оған мынадай жауап берді:
23Патша Шимейге:
24Саулдың немересі (Жонатан ұлы) Мепібосет те патшаны қарсы алуға Иерусалимнен шығып, Иорданға келді. Патша кеткен күннен бастап, аман-есен қайтып келген күнге дейін ол аяқтарын күтпей, сақалын қырықпай, киім-кешегін жуып ауыстырмай қатты қайғырып келген еді.
25Мепібосет патшаның алдына келгенде патша оған:
26Ол былай деп жауап берді:
27Бірақ қызметшім мені патша иеме жамандап барыпты.
28Себебі менің атамның әулеті патша иемнің алдында өлімге лайықты болғанмен, маған өзіңіздің дастарқаныңыздан тамақтануға рұқсат бердіңіз. Енді менде патшадан тағы бір нәрсе талап ететіндей құқық бар ма? —
29Сонда патша:
30Мепібосет патшаға:
31Ғилақадтық Барзилай
32Барзилай тым қартайған сексен жастағы аса дәулетті адам еді. Патша Маханайымда тұрған кезде Барзилай оны барлық қажеттерімен қамтамасыз етіп тұрған еді.
33Енді патша оны:
34Бірақ Барзилай былай деп жауап берді:
35Жасым қазір сексенде. Ненің жағымды, ненің жағымсыз екенін айырудан, ішкен-жегенімнің дәмін сезуден де қалдым. Тіпті әнші жігіттер мен қыздардың салған әндерін ести алмайтын халге жеттім. Ендеше мен патша иемді әуреге салмай-ақ қояйын.
36Алдыңыздағы қызметшіңіз сізді Иорданның арғы жағына біразға дейін жолға шығарып салмақшы еді. Ал патшам неге маған осыншама зор сый көрсетуге тиіс?
37Өзімнің қаламда, әке-шешемнің қабірінің жанында көз жұма алуым үшін қызметшіңіздің қайтуына рұқсат берсеңіз екен! Ал мынау — (ұлым) Қимхам,
38Патша Барзилайға:
39Осы аралықта күллі жұрт Иорданнан өтіп шыққан болатын. Патшаның өзі де өзеннің арғы жағына өткеннен кейін, Барзилайды құшақтап,
40Патша Ғылғалға қарай сапарын жалғастыра берді. Оған Қимхам, Яһуда руының бүкіл жасағы және Солтүстік Исраилдің жасағының жартысы
41Осылай келе жатқанда Солтүстік Исраилдің бүкіл адамдары патшаға келіп, оған:
42Яһуданың барлық адамдары оларға былай деп жауап берді:
43Ал Солтүстік Исраилдің адамдары Яһуданың адамдарына былай деп қарсы сөйледі: