1Сол жерде Бихридің ұрпағы Шеба
2Сонда Солтүстік Исраилдің күллі адамдары Дәуітті тастап, Шебаның соңынан еріп кетті. Бірақ Яһуданың адамдары өз патшаларына адал болып қала берді. Олар Дәуітке ілесіп Иордан өзенінен Иерусалимге дейін барды.
3Дәуіт өзінің Иерусалимдегі сарайына қайтып келгенде, сарайын күтуге қалдырып кеткен он кәнизагын
4Патша Амасаға: «Яһуданың ер адамдарын жинап, үш күннің ішінде өзің де осында бол!» — деп әмір етті.
5Амаса Яһуданың адамдарын шақыруға кетті, бірақ патшаның белгілеген уақытынан кешігіп қалды.
6Сонда Дәуіт Әбішайға бұйрық беріп: «Бихридің ұрпағы Шеба бізге Абессаломнан да зор зиян келтіретін болады. Тездетіп иеңнің жасақшыларын ертіп алып, Шебаның соңынан түс! Әйтпесе ол бір бекіністі қалалар тауып алып, көзімізден тасаланып, қашып кетіп жүрер!» — деді.
7Осылайша Жоғабтың адамдары, кереттік және пелеттік ұлан бөлімдері әрі барлық батырлар қосылып, Әбішайға еріп Иерусалимнен аттанып шықты да, Шебаның ізіне түсті.
8Олар Гибеондағы дәу жартастың жанында болған кездерінде Амаса алдарынан шықты. Жоғаб жауынгерлік киім киіп, семсерлі қынап бекітілген белдік тағып алған еді. Жоғаб алға қарай ұмтылғанда семсері түсіп қалды.
9Жоғаб Амасаға: «Амансың ба, бауырым?» — деп, оны бетінен сүю үшін оң қолымен сақалынан ұстап алды.
10Амаса Жоғабтың сол қолындағы семсерді байқамады. Сонда Жоғаб семсерін оның ішіне сұғып қалып, ішек-қарны жерге ақтарылып түсті. Жоғаб Амасаны екінші рет соқпай-ақ, өлімші етіп жарақаттады.
11Осы кезде Жоғабтың жас жігіттерінің бірі Амасаның жанында тұрып, «Кімде-кім Жоғабты қолдаса әрі Дәуітті жақтаса, сол Жоғабтың соңынан ерсін!» — деді.
12Ал Амаса әлі де жол ортасында жанталаса дөңбекшіп өз қанына былғанып жатқан болатын. Жаңағы жас жігіт барлық жасақшылардың Амасаның жанында тоқтап жатқанын байқағанда, оны жолдан сүйреп, егістікке шығарып, үстін жамылғымен жауып тастады.
13Амасаның денесін жолдан алып тастағаннан кейін адамдардың бәрі Жоғабқа еріп Шебаның соңынан қуып кетті.
14Ал Шеба Исраилдің бүкіл руларының жерінен өтіп шығып, Әбел-Бет-Махаға
15Жоғабтың жасағы Әбел-Бет-Махаға жетіп, оны қоршап алды. Олар қаланы басып алу үшін қаланың сыртқы қамал қабырғасына қарсы үймек үйді. Жоғабтың жанындағы жасақтың барлығы қабырғаны құлату үшін оны соққылап қирата бастады.
16Сонда бір ақылды әйел қала ішінен былай деп дауыстады:
17Жоғаб оған таяп келгенде, әйел одан:
18Сонда әйел оған былай деді:
19Мен Исраилдегі бейбіт те адал адамдардың бірімін. Ал сіз Исраилдегі қалалардың анасы іспетті сыйлы қаланы құртайын деп отырсыз. Жаратқан Иенің меншікті жерін неге жалмап қойғыңыз келіп отыр? —
20Бірақ Жоғаб былай деп жауап берді:
21Мәселе тіпті де олай емес! Ефремнің таулы аймағынан шыққан Бихридің ұрпағы Шеба деген біреу Дәуіт патшаға қарсы бүлік шығарды! Тек соны ғана маған ұстап беріңдер! Сонда мен қаладан кетемін. — Әйел:
22Әйел бүкіл халқымен сөйлесіп, дана ақыл-кеңес берді. Олар бүлікшіл Шебаның басын шауып алып, оны Жоғабқа лақтырып жіберді. Жоғаб осыдан кейін керней тартып белгі берді. Барлық адамдары қаладан шегініп, үйлеріне тарап кетті. Жоғабтың өзі Иерусалимдегі патшаның жанына қайтып барды.
23Жоғаб Исраилдің бүкіл жасағының қолбасшысы, ал Еходай ұлы Бенаях кереттік және пелеттік ұландарының қолбасшысы болды.
24Адорам
25Шеуа — хатшы, Садық пен Абиятар — діни қызметкерлер, ал
26жайырлық Ирақ — Дәуіттің қасындағы діни қызметкер болды.