1Бұдан кейін Саулдың әулеті мен Дәуіттің әулетінің арасында ұзаққа созылған соғыс болды. Дәуіттің күші барған сайын арта түсіп, ал Саулдың әулеті әлсірей берді.
2Хебронда Дәуіттің мына ұлдары дүниеге келді: тұңғышы — Амнон, оның шешесі ізрелдік Ахиноғам еді.
3Екіншісі — Хилеяба, ол кәрмелдік Набалдың жесірі Әбигелден
4Төртінші ұлы — Адонияхтың шешесі Аггит, бесіншісі — Шафатияхтың шешесі Абитал,
5әрі алтыншысы — Ітерамның шешесі Дәуіттің өзге әйелі Әгла болды. Бұлардың бәрі Хебронда туды.
6Саулдың әулеті мен Дәуіттің әулеті өзара соғысып жатқан кезде қолбасшы Әбенир Саулдың әулетінің арасында өз жағдайын күшейтумен айналысып жатты.
7Саулдың тірі кезінде Аях қызы Риспа есімді кәнизагы бар болатын. Бір күні Ишбосет Әбенирді:
8Ишбосеттің осы сөздеріне Әбенир қатты ашуланып былай деп жауап берді:
9Жаратқан Ие Дәуітке уәде еткенді мен жүзеге асырмасам, онда Құдай мені жазалаған үстіне жазалай берсін! —
10Себебі патшалықты Саулдың әулетінен алуға, әрі солтүстіктегі Даннан оңтүстіктегі Бер-Шебаға дейінгі бүкіл Исраил мен Яһуданың үстінен Дәуіттің тағын орнатуға Жаратқан Ие Дәуітке ант етіп уәде берген еді ғой.
11Сонда Ишбосет сескеніп, Әбенирге әрі қарай сөз айта алмай қалды.
12Ал Әбенир Хебронда тұратын Дәуітке елшілерін жіберіп, оған мынадай ұсыныс жасады:
13Дәуіт оған жауап беріп:
14Дәуіт Саул ұлы Ишбосетке де елшілерін жіберіп, оған: «Маған өз әйелім Михолды қайтарып беріңіз. Оны алу үшін мен (қалыңмалдың орнына) жүз філістірдің көзін құртқан болатынмын»,
15Содан Ишбосет адам жіберіп, Михолды Лаиш ұлы Палтиел есімді күйеуінен алғызды.
16Күйеуі көз жасын төгіп зар жылап Бахуримге дейін артынан қалмай еріп келді. Сол жерде Әбенир оған кездесіп: «Үйіңе қайт!» — деп бұйырды. Сонда ғана ол үйіне қайта оралды.
17Сол екі арада Әбенир Солтүстік Исраилдің рубасыларына мынадай сәлем жіберді: «Біраз уақыттан бері сіздер Дәуіттің өздеріңе патша болғанын қалап келесіздер.
18Ал енді, соны жүзеге асырыңыздар. Жаратқан Ие: «Мен қызметшім Дәуіт арқылы Өзімнің халқым Исраилді філістірлердің және басқа да жауларының қолынан құтқарамын!» деп Дәуітке уәде етті емес пе!»
19Әбенир буняминдіктермен де жеке сөйлесті. Содан соң ол бүкіл Солтүстік Исраилдің әрі Бунямин руының не деп шешкенін Дәуітке оңаша жеткізу үшін Хебронға барды.
20Әбенир өзінің жиырма адамын ертіп, Хеброндағы Дәуітке келгенде, Дәуіт оның және қасындағы адамдарының құрметіне қонақасы берді.
21Әбенир Дәуітке ұсыныс жасап былай деді: «Мен сапарға шығып, бүкіл Исраил халқын сізге, патша иеме, жинап берейін. Олар сізбен келісім жасамақ. Сонда өзіңіз қалаған елдің үстінен билік жүргізе алатын боласыз». — Бұдан кейін Дәуіт оны еркіне жіберіп, Әбенир аманшылықпен кері қайтты.
22Ал Дәуіт Әбенирді аман-есен қайтарып жіберген кезде Жоғаб Дәуіттің қызметшілерін бастап, жорықтан мол олжамен Хебронға қайтып келе жатты.
23Жоғаб пен оның бүкіл сарбаздар тобы қалаға жеткен соң, біреу Жоғабқа Нер ұлы Әбенирдің патшаға келгендігі және патшаның оны еркіне жіберіп, Әбенирдің тыныштықпен кетіп қалғандығы туралы айтып берді.
24Сонда Жоғаб патшаға барып: «Бұл істегеніңіз қалай? Әбенир сізге келіп, ал сіз оны еркіне жібере салғаныңыз не? Енді ол кетіп қалыпты!
25Нер ұлы Әбенирдің қандай адам екенін білесіз ғой. Ол сізді алдап, тек қайда барып, не істеп жүргеніңіздің бәрін біліп алу үшін ғана келді емес пе?!» — деп риза еместігін білдірді.
26Содан Жоғаб Дәуіттің қасынан шығып, Әбенирдің артынан қуғыншылар жіберді. Олар оны Сира құдығының маңында қуып жетіп, кері қайтарды. Ал Дәуіт бұл туралы ештеңе де білген жоқ.
27Әбенир Хебронға қайтып келгенде, оңаша бір жерде сөйлесемін деп Жоғаб оны қала қақпасының бір қалтарысына алып шықты. Кенеттен оның ішіне семсерін кірш еткізіп сұғып алды. Әбенир Жоғабтың бауыры Асахилдің қанын төккені үшін
28Бірақ Дәуіт кейін осы оқиға туралы естігенде наразылығын білдіріп былай деді: «Жаратқан Иенің алдында Нер ұлы Әбенирдің төгілген қанына өзім де, патшалығым да еш кінәлі емеспіз!
29Кінә Жоғаб пен оның әкесінің бүкіл әулетінің мойнына жүктелсін! Бұдан былай Жоғабтың әулетінен денесінен ірің ағатын немесе алапеспен ауыратын, ақсақ-тоқсақ, не біреудің семсерінен өмірі қиылатын, не тамаққа тапшылықтан көз ашпайтын адам ешқашан үзілмесін!»
30Себебі Жоғаб пен оның інісі Әбішай туған інілері Асахилді Гибеондағы шайқаста өлтіргені үшін Әбенирдің көзін қастандықпен құртқан еді.
31Дәуіт Жоғаб пен оның қасындағы барлық адамдарға бұйрық беріп:
32Әбенир Хебронда қабірге қойылғаннан кейін, патша қабірдің жанында дауыс көтеріп Әбенирді жоқтап жылады. Сонда бүкіл халық та жылады.
33Патша Әбенирге былай деп жоқтау айтты:
34Ешкім қолдарыңды да байламады,
35Дәуіт сол күні тамақ ішуден бас тартты. Ал халық Дәуітке келіп, оны наннан ауыз тисін деп қолқалай бастады. Бірақ Дәуіт: «Күн батқанға дейін нан жеп не басқа тамақ ішсем, Құдай мені жазалаған үстінен жазалай берсін!» — деп ант еткен еді.
36Халықтың барлығы мұны көріп, риза болды. Расында патшаның істегенінің бәрі де халыққа ұнады.
37Осылайша сол күні бүкіл Яһуда халқы мен күллі Исраил елі Нер ұлы Әбенирдің өліміне Дәуіт патшаның еш қатысы болмағанын ұқты.
38Патша өз нөкерлеріне тіл қатып былай деді: «Бүгін Исраилдің ұлы басшысы көз жұмды, соны түсінбейсіңдер ме?
39Мен май жағу рәсімінен өтіп патша болып тағайындалсам да, бүгін әлсізбін. Сарұяның осы ұлдары мен үшін тым қатыгез болып тұр. Жаратқан Ие зұлымдық істеген адамға сонысына сәйкес жазасын тартқызсын!»