1Саул ұлы Ишбосет өзінің қолбасшысы Әбенирдің Хебронда қаза тапқанын естігенде, жігері құм болды. Бүкіл Солтүстік Исраил халқы да абыржып, үрейленді.
2Ишбосеттің сарбаздар топтарының екі басшысы болатын. Бағанах пен Рехап есімді олар бегероттық Риммон деген буняминдік адамның ұлдары еді. Бегерот қаласы да Бунямин руына жатады деп саналатын.
3Себебі Бегероттың бұрынғы тұрғындары кезінде Гитаимге қашып кеткен болатын. Олар осы күнге дейін сол жерде жат жұрттық кірмелер ретінде тұрып жатыр.
4
5Бегероттық Риммонның әлгі екі ұлы Рехап пен Бағанах жолға шығып, күн ыстық болып тұрған түс мезгілінде Ишбосет патшаның сарайына жетті. Патша ұйықтап жатқан болатын.
6Екі ағайынды жігіт бидайды електен өткізіп отырып, қалғып кеткен күзетші әйелдің қасынан білдірмей өтті.
7Олар Ишбосет патша өзінің ұйықтайтын бөлмесінде төсегінде демалып жатқан кезде сарайға кіріп, оны өлтіріп, басын шауып тастады. Басты өздерімен бірге алып кетті, содан Иордан алқабындағы елсіз даланың жолымен түні бойы жүрді.
8Екі жігіт Ишбосеттің басын Хеброндағы Дәуіт патшаға алып барып, оған:
9Бірақ Дәуіттің Риммонның ұлдары Рехап пен Бағанахқа берген жауабы мынау болды:
10Сикеләгке қасыма келіп, жайлы хабар жеткіземін деп ойлап, «Саул өлді!» деген адамды мен ұстап алып, өлтірттім. Менің оның әкелген хабарына берген сыйым сол болды.
11Ендеше әділ адамды өз үйінде, өз төсегінде жатқан жерінде өлтірген арам пиғылды сендерден оның төккен қанының құнын талап етуім сөзсіз емес пе? Жер бетінен сендердің көздеріңді құртпаймын ба?!
12Дәуіт қасындағы жігіттеріне бұйрық беріп, олар екі қылмыскерді өлтіріп, аяқ-қолдарын шауып тастап, мәйіттерін Хеброндағы хауыздың жанына іліп қойды. Ал Ишбосеттің басын олар Хеброндағы Әбенирдің қабіріне апарып қойды.