1Кейін Дәуіт қайтадан Исраилдің күллі таңдаулы ерлерін — отыз мың адамды жинап алды.
2Барлығы Құдайдың Келісім сандығын Иерусалимге алып келуге Яһудадағы Бағалаға
3
5Дәуіт пен бүкіл Исраил халқы Жаратқан Иенің алдында жан сала би билеп, шырша ағашынан жасалған әр түрлі аспаптарда, жетіген, шертер, даңғыра, шыңдауыл, асатаяқтарда ойнап, қуана әндетіп келе жатты.
6Салтанатты шеру Нахонның астық бастыратын қырманына жеткен кезде, өгіздер сүрініп, сандық шайқалды. Құлап қалмауы үшін Ұза қолын созып, Құдайдың сандығын ұстай қалды.
7Сонда Жаратқан Иенің қаһары Ұзаға қарсы лап етті. Еркінсіп сандыққа қолын тигізгені үшін Құдай оны жазалап, Ұза сол бойда Құдайдың сандығының қасында жан тапсырды.
8Жаратқан Иенің қаһары Ұзаға «бұзып-жара» төгілгендіктен, Дәуіт қатты абыржып қайғырды. Сол себепті осы жер бүгінге дейін Пәрес-Ұза («Ұзаны бұзып-жарған») деп аталып келеді.
9Дәуіт сол күні: «Жаратқан Иенің сандығы қасыма қалайша келе алады?» — деп уайымдап Жаратқан Иеден қорықты.
10Сондықтан ол Жаратқан Иенің сандығын өзінің шаһарына әкелгісі келмей, ғаттық Ғабит-Едомның
11Сонымен Жаратқан Иенің сандығы үш ай бойы сол үйде қалды, әрі Жаратқан Ие Ғабит-Едомды және оның бүкіл үй ішін жарылқады.
12Сонда Дәуіт патшаға: «Құдайдың сандығының арқасында Жаратқан Ие Ғабит-Едом мен оның барлық иелігіне ақ батасын қондырды!» — деген хабар жетті. Содан Дәуіт барып, Құдайдың сандығын салтанатпен қуана-қуана өзінің шаһарына алып келді.
13Жаратқан Иенің Келісім сандығын алып жүрушілер алты қадам жасаған сайын, Дәуіт бір жас бұқа мен бір семіз тоқтыны
14Ақ бәтестен тігілген көйлек
15Осылайша Дәуіт пен бүкіл Исраил халқы қуанышпен айқай сала, кернейлетіп Жаратқан Иенің сандығын Иерусалимге алып келе жатты.
16Жаратқан Иенің сандығы Дәуіттің шаһарына кіре бастағанда, оның әйелі Саул қызы Михол
17Осылай Жаратқан Иенің Келісім сандығы әкелініп, Дәуіт арнайы тігіп қойған шатырдың ішіне орнатылды. Содан соң Дәуіт күнәнің құнын өтеу құрбандықтарын және ризашылық құрбандықтарын шалғызып, Жаратқан Иенің алдында өртетіп ұсынды.
18Соларды ұсынып болғаннан кейін Дәуіт халыққа Әлемнің Иесінің атымен бата берді.
19Патша күллі халыққа, еркек болсын, әйел болсын, жиналған исраилдіктердің әрқайсысына бір-бір қалаш наннан, бір кесек қақталған еттен
20Дәуіт енді өз отбасына бата берейін деп сарайына қайтып келгенде, Саул қызы Михол алдынан шығып, былай деді:
21Дәуіт жауап қайтарып:
22Мен өзімді бұдан бетер төмендетемін, өз көз алдымда төмен боламын. Ал сен айтып отырған күңдердің алдында сыйға бөленемін, — деді.
23Бұдан кейін Саул қызы Михол өле-өлгенше бала таппады.