1Дәуіт патша қартайып, жасы ұлғайған кезінде үстіне көрпе жамылса да бойы жылымайтын болды.
2Сонда нөкерлері оған: «Уа, патша ие, сіздің қасыңыздан шықпай, күтім жасайтын бір пәк қызды тауып алып келейік! Ол қойныңызда жатып, денеңізді жылытсын», — деген ұсыныс жасады.
3Содан олар бүкіл Исраил елі бойынша сұлу қыз іздеп, Шунем қалашығынан Абисаға есімді қызды тауып, оны патшаға алып келді.
4Қыз өте сұлу екен, ол әрқашан патшаның жанында болып, оған күтім жасап қызмет етіп жүрді. Ал патша онымен жақындасқан жоқ.
5Сол кездері Дәуіттің Аггит деген әйелінен туған ұлы Адониях
6Адониях Дәуіттің Абессаломнан
7Адониях қолбасшы Сарұя ұлы Жоғабпен және діни қызметкер Абиятармен ақылдасып сөз байласқан еді. Енді олар Адонияхты жақтап, оған қолдау көрсетті.
8Алайда діни қызметкер Садық, Еходай ұлы Бенаях, Натан пайғамбар, Шимей, Реги және Дәуіттің батырлары
9Бір күні Адониях Ен-Рогел атты бұлақ көзінің жанындағы Жылан
10Тек Натан пайғамбарды, Бенаяхты, патшаның батырларын және інісі Сүлейменді
11Сонда Натан пайғамбар Сүлейменнің шешесі Барсабияға барып, былай деді:
12Енді өз өміріңізді және ұлыңыздың өмірін сақтап қалуыңыз үшін мына ақыл-кеңесіме құлақ сала көріңіз.
13Дереу Дәуіт патшаның алдына барып, оған былай деңіз: «Уа, патша ием, өзіңіз алдыңыздағы пендеңізге былай деп ант берген емес пе едіңіз: сенің ұлың Сүлеймен өзімнен кейін патшалық құрады! Менің тағымда отыратын сол болады! Ендеше Адониях неге патша болып алды?»
14Сіз осыны айтып тұрған кезіңізде мен кіріп келемін де, айтқан сөздеріңізді толықтырып растаймын.
15Сонда Барсабия патша жатқан бөлмеге кірді. Патша қатты қартайған екен, шунемдік Абисаға оған қызмет етіп жүрді.
16Барсабия патшаның алдында жерге дейін иіліп тағзым етті. Патша одан:
17Сонда әйел оған былай деп жауап берді:
18Алайда енді Адониях патша болып алды, ал сіз, патша ием, бұл туралы білмейсіз де.
19Ол мүйізді ірі қара, бордақыланған өгізшілер мен қой-ешкіні көптеп құрбандыққа шалғызды. Соған сіздің барлық ұлдарыңызды, діни қызметкер Абиятарды, әскер қолбасшысы Жоғабты шақырды. Бірақ ол қызметшіңіз Сүлейменді шақырмады.
20Уа, патша ием, сізге бүкіл Исраил халқы көз тігіп, өзіңізден кейін патша тағына кімнің отыратынын жариялауыңызды күтіп отыр.
21Әйтпесе сіз көз жұмып, ата-бабаларыңызға жөнелгенде, өзім де, ұлым Сүлеймен де қылмыскер деп саналамыз, о тақсыр ием.
22Барсабия осыны патшаға айтып тұрған кезде Натан пайғамбар келе қалды.
23Нөкерлері патшаға: «Натан пайғамбар келіп тұр», — деп хабарлады. (Сонда Барсабия бөлмеден шығып кетті.)
24Содан соң ол былай деді:
25Өйткені Адониях бүгін қала сыртында мүйізді ірі қара, бордақыланған өгізшілер мен қой-ешкіні көптеп құрбандыққа шалғызды. Ол күллі патшазадалар мен қолбасшыларды және діни қызметкер Абиятарды шақырды. Олардың барлығы оның қасында ішіп-жеп, «Адониях патша жасасын!» деп құттықтауда.
26Ал сіздің құлыңыз мені әрі діни қызметкер Садықты, Еходай ұлы Бенаяхты және қызметшіңіз Сүлейменді шақырмады.
27Уа, патша ием, бұл сіздің еркіңізбен болып отыр ма? Өзіңізден кейін кімнің таққа отыратындығы жайында қызметшілеріңізге неге ештеңе білдірген жоқсыз?
28Сонда Дәуіт патша: «Барсабияны осында шақырыңдар!» — деп бұйырды. Ол бөлмеге қайта кіріп, Дәуіттің алдында тұрды.
29Патша ант етіп былай деді:
30Мен Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің атымен саған бұрын берген антымды бүгін-ақ жүзеге асырамын. Ұлың Сүлеймен өзімнен кейін патшалық құрады! Менің орнымды басып тағыма отыратын сол болады!
31Осыны естігенде Барсабия патшаның алдында басын жерге дейін иіп тағзым етті де:
32Содан соң Дәуіт патша: «Діни қызметкер Садықты, Натан пайғамбарды, Еходай ұлы Бенаяхты қасыма шақырыңдар!» — деп әмір етті. Олар патшаның алдына келген соң,
33ол былай деп бұйырды:
34Сол жерде діни қызметкер Садық пен Натан пайғамбар екеуің оны май жағу рәсімінен өткізіп Исраилдің патшасы етіп тағайындаңдар! Мұнан кейін кернейлеріңді тартып, «Сүлеймен патша жасасын!» деп дауыстап жар салыңдар!
35Содан оған еріп өрлеп қайтып келіңдер. Ол сарайыма кіріп, менің тағыма отырып, өзімнің орныма патшалық құратын болсын. Мен оған Исраил мен Яһуданың үстінен басшы болуды өсиеттедім. —
36Сонда Еходай ұлы Бенаях патшаға:
37Жаратқан Ие патша иеме жар болғандай, Ол Сүлейменге де жар бола берсін! Оның тағын патша ием Дәуіттің тағынан да жоғары қыла көрсін! — деп жауап берді.
38Содан соң діни қызметкер Садық, Натан пайғамбар, Еходай ұлы Бенаях және кереттік, пелеттік ұлан бөлімдері Сүлейменді патшаның қашырына мінгізіп, Гихон бұлақ көзіне ылдилап ертіп алып барды.
39Діни қызметкер Садық киелі шатырдан зәйтүн майына толған мүйіз құтыны алып келіп, Сүлейменге май жағу рәсімін жасап, оны патша етіп тағайындады. Кернейшілер керней тартып, сол жердегі күллі халық: «Сүлеймен патша жасасын!» — деп жар салды.
40Содан соң бүкіл халық оның соңынан еріп қалаға қайтып өрлеп бара жатты. Олар сыбызғы тартып, зор қуанышпен шаттанып, дауыстарынан жер сілкінгендей болды.
41Адониях пен оның жанындағы шақырылғандар қонақасыларын енді ғана бітірген кезде мұны олар да естіді. Жоғаб кернейлердің даусын естіп: «Қаладан шыққан бұл не айқай-шу?» — деп сұрады.
42Жоғаб осыны айта бергенде, діни қызметкер Абиятардың ұлы Жонатан келе қалды. Адониях оған:
43Ал Жонатан оған былай деп жауап берді:
44Патша онымен бірге діни қызметкер Садықты, Натан пайғамбарды, Еходай ұлы Бенаяхты, кереттік және пелеттік ұландарды жіберіп, олар Сүлейменді патшаның қашырына мінгізіп,
45Гихон бұлақ көзіне алып барды. Сол жерде діни қызметкер Садық пен Натан пайғамбар оған май жағу рәсімін жасап патша етіп тағайындапты. Содан олар зор қуанышпен мақтау айтып кері қайтты. Енді қала дүрлігіп соны тойлап жатыр. Өздеріңіз естіген айқай-шу солардікі.
46Сүлейменнің өзі қазір патшалық тақта отыр екен.
47Сонымен қатар патшаның нөкерлері патша иеміз Дәуітке кіріп, оны құттықтап былай депті: «Құдайыңыз Сүлейменді сіздің өзіңізден де атақты етіп, оның тағын сіздің тағыңыздан да жоғары қылсын!» Патша өзінің төсегінде иіліп тағзым етіп,
48«Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мадақталсын! Ол бүгін менің патшалық тағыма отыратынды тағайындап, маған соны өз көзіммен көруді бұйыртты» депті.
49Мұны естіген Адонияхтың шақырған қонақтары дірілдеп қорқып, өз жөндеріне бытырап кетті.
50Адонияхтың өзі де Сүлейменнен қорқып, бас сауғалау үшін киелі шатырға асығып барып, сондағы құрбандық үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарынан жабыса
51Сонда Сүлейменге мына хабар жетті:
52Сонда Сүлеймен:
53Содан Сүлеймен патша адамдарын жіберіп, Адонияхты құрбандық үстелінің қасынан алдыртты. Адониях Сүлеймен патшаның алдына келіп, басын иіп тағзым етті. Сүлеймен оны: «Үйіңе бара бер!» — деп жөніне жіберді.