1Алайда Құдай Иенің тағайындаған пайғамбары
2Сонда пайғамбар Жаратқан Иенің өзіне бұйырған мына сөздерін құрбандық үстеліне қарсы қатты дауыстап айтты: «О, құрбандық үстелі, (жексұрын) құрбандық үстелі! Жаратқан Ие мынаны айтады: Дәуіттің әулетінен Жосия есімді біреу шығады. Қазір сенің үстіңде биіктеу жерлердегі табыну орындарының діни қызметкерлері құрбандықтар өртеп, хош иісті заттарды түтетіп жатыр. Бірақ Жосия осы діни қызметкерлердің өздерін сенің үстіңде құрбандық іспетті өртеп жібереді! Сонда үстіңде адамның сүйектері өртелетін болады! —
3Сол күні пайғамбар өзінің хабарының шындығын дәлелдейтін пайғамбарлық сөз айтып былай деді: — Жаратқан Ие көрсететін керемет белгі мынадай болады: құрбандық үстелі қақ жарылып, оның үстіндегі майлы бөлшектердің күлі шашылып қалатын болады!»
4Еробоғам патша Құдайдың пайғамбарының құрбандық үстеліне қарсы айтқан сөзін естігенде, қолын құрбандық үстелінің қасынан төмен созып, пайғамбарға шұқшита: «Ұстаңдар мынаны!» — деп айқайлап жіберді. Бірақ созған қолы лезде семіп, ол қолын қайта тартып ала алмай қалды.
5Сонымен қатар құрбандық үстелі қақ жарылып, үстіндегі майлы бөлшектердің күлі төгіліп, шашылып қалды. Осылай Құдай Иенің өз пайғамбары арқылы айтқаны жүзеге асып, оның сөзінің шындығын дәлелдеді.
6Ал патша Құдайдың пайғамбарынан өтініп: «Құдайыңыз Жаратқан Иеге жалбарына көріңіз! Ол маған рақым етіп қолымды бұрынғы қалпына келтіре көрсін деп мінажат етсеңіз екен!» — деді. Құдайдың пайғамбары Жаратқан Иеге жалбарынып мінажат еткенде патшаның қолы жазылып, бұрынғы қалпына қайта келді.
7Сонда патша Құдайдың пайғамбарына:
8Бірақ Құдайдың пайғамбары оған былай деп жауап берді:
9Себебі маған Жаратқан Ие сөзін арнап: «Сол жерде не нан жеп, не су ішпе, әрі келген жолыңмен кері қайтпа!» деп бұйырды. —
10Осыны айтып, пайғамбар Бетелге келген жолымен емес, басқа бір жолмен кетіп қалды.
11Сол кезде Бетел қаласында бір қарт пайғамбар тұратын еді. Оның ұлдары сол күні Құдайдың Яһуда елінен жіберген пайғамбарының не істеп, патшаға не дегенінің барлығын әкелеріне келіп айтып берді.
12Сонда әкесі ұлдарынан: «Ол қай жолмен кетті?» — деп сұрады. Ұлдары оған Яһудадан келген Құдайдың пайғамбарының қай жолмен кеткенін көрсетті.
13Әкесі ұлдарына: «Маған есегімді ерттеп беріңдерші!» — деді. Ұлдары есегін ерттеп беріп, ол соған мініп алып,
14Құдайдың пайғамбарының соңынан кетті. Оны бір емен ағашының түбінде отырған жерінен тауып алып, одан:
15Қарт пайғамбар оны:
16Бірақ яһудалық пайғамбар оған былай деп түсіндірді:
17Себебі маған Жаратқан Ие сөзін арнап: «Сол жерде не нан жеп, не су ішпе, әрі келген жолыңмен кері қайтпа!» деп бұйырды. —
18Ал қарт пайғамбар оған:
19Сонда Құдайдың жіберген адамы жолынан кері қайтып, онымен бірге үйіне кіріп, нан жеп, су ішті.
20Олар дастарқан басында отырғанда сол адамды қайтарып алып келген қарт пайғамбарға Жаратқан Иенің сөзі жетті.
21Ол Яһудадан келген Құдайдың хабаршысына дауыстап былай деді: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Сен Жаратқан Иенің сөзіне қарсы шықтың, Құдай Иеңнің өзіңе берген бұйрығын орындамадың!
22Сен жолыңнан кері қайтып келіп, Ол: «Не нан жеп, не су ішпе!» деп бұйырған осы жердің өзінде нан да жеп, су да іштің. Сондықтан сен өлген кезіңде мәйітің ата-бабаларыңның жанына қабірге қойылмайды!»
23Қонағы тамағын ішіп-жеп болған соң, оны қайтарып алып келген қарт пайғамбар оның есегін ерттеп беріп, жолға шығарып салды.
24Сонымен ол қаладан шығып кетіп қалды. Алайда кетіп бара жатқанда, оған бір арыстан тап беріп, өлтіріп тастады. Оның денесі арыстан лақтырып тастаған жерде жол үстінде жата берді. Ал жанында есегі мен арыстан тұрды.
25Сол жермен жүріп өткен адамдар жолда жатқан дене мен жанында тұрған арыстанды көріп, бұл туралы қарт пайғамбар тұрып жатқан Бетел қаласына айтып келді.
26Құдайдың жіберген пайғамбарын жолынан қалдырған қарт пайғамбар сол туралы естігенде былай деді: «Бұл Жаратқан Иенің берген бұйрығына қарсы шыққан пайғамбар болса керек. Сондықтан да Жаратқан Ие Өзінің алдын ала айтқанын жүзеге асырып, осы адамды арыстанның талап өлтіруіне тапсырды».
27Мұнан соң ол ұлдарына: «Маған есегімді ерттеп беріңдер!» — деді. Олар солай істеп,
28ол қаладан шығып, жол үстінде жатқан денені және оның жанында тұрған есек пен арыстанды тауып алды. Арыстан денені жемеген де, есекті жармаған да екен.
29Қарт пайғамбар Құдай жіберген адамның мәйітін жерден көтеріп алып, есегіне артып өз қаласына қайта алып келді. Сонда оны аза тұтып,
30өзі үшін дайындаған қабіріне қойды да: «Ой, бауырым!» — деп қайғырып жоқтаумен болды.
31Қарт пайғамбар оны қабірге қойып болғаннан кейін ұлдарына өсиеттеп былай деді: «Мен қайтыс болғанда, мәйітімді Құдай жіберген осы пайғамбар қойылған қабірге қойып, сүйегімді оның сүйегінің жанына орналастырыңдар!
32Себебі Жаратқан Иенің сол пайғамбар арқылы Бетел қаласындағы құрбандық үстелі жайлы әрі Самария елінің
33Алайда осы оқиғадан кейін де Еробоғам зұлым жолынан қайтпады. Керісінше, ол жалған тәңірлерге арналған ғибадат орындарына тағы көбірек діни қызметкерлер тағайындады. Осылай ол діни қызметкер болғысы келген кез келген адамды тағайындай берді.
34Осы сұмдық іс Еробоғамның әулетінің ауыр күнәсіне айналды. Соның кесірінен бүкіл әулет жоғалып, жер бетінен құрып кететін болды.