1Сонда Жаратқан Ие Ханани ұлы Еху пайғамбарға сөзін арнап, оған Бағасаны айыптап былай дегізді:
2«Мен сені шаң-тозаңнан көтеріп, өз халқым Исраилдің үстінен билеуші етіп тағайындадым. Бірақ сен Еробоғамның теріс жолымен жүріп халқым Исраилді күнә жасауға еліктіріп келесің. Сол күнәларымен олар Менің қаһарымды туғызуда.
3Біліп қой, сол үшін Мен Набат ұлы Еробоғамның әулетін түгел құртқанымдай, енді Бағасаның өзін және оның әулетін де қырып-жоямын.
4Бағасаның әулетіне жататын адам қалада өлсе, оны иттер жейді, далада өлсе, әуедегі құстар шоқиды!»
5Ал Бағасаның қалған іс-әрекеттері мен қажыр-қайраты «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
6Бағаса көз жұмып, ата-бабаларының жанына жөнелгенде мәйіті Тирсадағы қабірге қойылды. Оның ұлы Ила әкесінің орнын басып патша болды.
7Жаратқан Ие Ханани ұлы Еху пайғамбар арқылы Бағасаның өзіне әрі оның әулетіне қарсы үкім шығарған еді. Бағаса Жаратқан Иенің көз алдында Еробоғамның әулеті іспетті зұлым істер істегені үшін, сондай-ақ, оның Еробоғамның әулетін құртқанына бола,
8Асаның Яһуда еліне патшалық құрған жиырма алтыншы жылы Бағаса ұлы Ила Солтүстік Исраилдің патшасы болып, елдің астанасы Тирсада екі жыл билік құрды.
9Алайда патшаның соғыс күймелерінің жартысына басшылық ететін Зімри есімді қызметкері Илаға қарсы қастандық дайындады. Бір күні Ила патша Тирса қаласында сарай басқарушысы Арсаның үйінде көңіл көтеріп мас болып отырды.
10Сонда Зімри үйге кіріп келіп, Иланы семсерімен шауып өлтіріп, орнына өзі патша болып алды. Бұл оқиға Асаның Яһуда еліне патшалық құрған жиырма жетінші жылы орын алды.
11Таққа отыра салысымен Зімри Бағасаның әулетінің барлық мүшелерінің көзін құртты. Ол тіпті Бағасаның тума-туыстары мен дос-жарандарының арасынан да бірде-бір еркек кіндіктіні тірі қалдырмады.
12Сонысымен Зімри Жаратқан Иенің Еху пайғамбар арқылы Бағасаға қарсы айтқан сөздеріне
13Себебі Бағаса мен оның ұлы Ила жасаған барлық күнәларымен және өздерінің түкке тұрғысыз тәңірсымақтарға табынып, Исраил халқын да осы күнәға еліктіргендерімен Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің қаһарын туғызған еді.
14Иланың қалған іс-әрекеттерінің барлығы туралы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
15Яһудаға Аса патшалық құрған жиырма жетінші жылы Зімри жеті күн-ақ Тирса қаласында Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Сол кезде Солтүстік Исраилдің жасағы філістірлердің Гибетон қаласын
16Жасақшылар Зімридің патшаға қастандық жасап, оны өлтіргенін естігенде, олар өздерінің қолбасшысы Омриды
17Омри және қасындағы жасақшылар Гибетоннан елдің астанасы Тирсаға аттанып, қаланы қоршауға алды.
18Олардың қаланы қолға түсіргеніне көзі жеткенде, Зімри сарайдың ішкі қорғанына кіріп алып, ғимаратқа от қойып, өртеніп өлді.
19Бұл оның жасаған күнәлары үшін осылай болды, себебі ол да Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп Еробоғамның теріс жолымен жүріп, оның жасаған күнәларына Исраил халқын да еліктірген еді.
20Зімридің қалған іс-әрекеттері, соның ішінде оның жасаған қастандығы жайлы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
21Бұдан кейін Солтүстік Исраилдің халқы екіге бөлінді: бір жартысы Ғинат ұлы Тамниды
22Ал Омридың жақтастары Ғинат ұлы Тамнидың қолдаушыларынан үстем болып шықты. Тамни қаза тауып, Омри патша болды.
23Сонымен Асаның Яһудаға патшалық құрған отыз бірінші жылы Омри Солтүстік Исраилдің патшасы болып, он екі жыл бойы билік құрды. Соның алты жылын ол Тирсада өткізді.
24Кейін Омри Шемер деген біреуден Самариядағы қыратты екі ат басындай
25Алайда Омри Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп, өзінен бұрын болған барлық патшалардан бетер күнәға батты.
26Омри Набат ұлы Еробоғамның теріс жолымен толығымен жүріп, Исраил халқын да түкке тұрғысыз тәңірсымақтарға табынып, күнә жасауға еліктірді. Осындай опасыздық жасауларымен халық Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің қаһарын туғызды.
27Омридың қалған іс-әрекеттері және көрсеткен қажыр-қайраты жайлы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
28Ақыры Омри көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті Самариядағы қабірге қойылды. Оның ұлы Ахаб әкесінің орнын басып патша болды.
29Асаның Яһудаға патшалық құрған отыз сегізінші жылы Омри ұлы Ахаб Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Ол Самария қаласында жиырма екі жыл бойы билік құрды.
30Ахаб патшаның Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істей беруі өзінен бұрын өткен патшалардың қай-қайсысынан да жаман болды.
31Ахабтың Еробоғам патша сияқты күнәға батқаны былай тұрсын, ол Сидон патшасы Етбағалдың қызы Езабелге үйленіп, жалған тәңір Бағалға құлшылық етіп, оған бас ұра табынып кетті.
32Ахаб Самарияда Бағалға бағыштап ғибадатхана салып, құрбандық ұсыну үстелін тұрғызды.
33Бұған қоса Ахаб жалған тәңір Ашераға арнап ағаш бағаналар да жасатып, орнатты.
34Ахаб патшалық құрып тұрған кезде бетелдік Хиел Иерихон қаласын қайта салды. Жаратқан Ие Нұн ұлы Ешуа арқылы алдын ала айтқандай,