1Ахаб Ізрел қаласына жеткенде, Езабел патшайымға Ілиястың істегендерінің барлығын, оның Бағалдың пайғамбарларының бірде-біреуін қалдырмай, семсердің жүзімен қырып тастағанын да түгелдей айтып берді.
2Сонда Езабел Ілиясқа хабаршысын жіберіп мынаны айтқызды: «Егер мен ертең осы кезге дейін сенің күллі пайғамбарларға істегеніңді өз басыңа істемесем, мені тәңірлер жазалаған үстіне жазалай берсін!»
3Сонда Ілияс қатты қорқып, бас сауғалап қашып кетті. Ол Яһуда руының жеріндегі Бер-Шеба қаласына жетіп, сонда қызметші жігітін қалдырып кетті.
4Өзі елсіз далаға қарай тағы бір күндік жол жүріп, жалғыз тұрған арша бұтасының саясына келіп отырды. Ілияс өмірден түңіліп: «Уа, Жаратқан Ие, осы көргенім де жетер, жанымды ала гөр! Менің ата-бабаларымнан еш артықшылығым жоқ», — деп мінажат етті.
5Бұдан кейін ол сол бұтаның түбіне жантайып, ұйықтап кетті.
6Ілияс айналдыра қарап, бас жағында тұрған бір таба нан мен бір құмыра суды көрді. Ол ішіп-жеп, қайтадан жата кетті.
7Жаратқан Иенің періштесі қайтадан келіп, оны түртіп оятып: «Тұр да, тамақтан. Әйтпесе алдағы жүретін жолың тым ұзақ болады», — деді.
8Ілияс тұрып, ішіп-жеп, сол тамақтың күшімен қырық күн, қырық түн жол жүріп, Құдайдың тауы — Хориб тауына
9Сол жердегі бір үңгірге түнеуге кірді.
10Ілияс былай деп жауап берді:
11Сонда Жаратқан Ие оған мына бұйрығын жеткізді: «Үңгірден шығып, тау басында Жаратқан Иенің алдында тұр! Сол жерден Жаратқан Ие өте шығады».
12Сілкіністен кейін от болды, бірақ от ішінде Жаратқан Ие болмады. Оттан кейін жай да жұмсақ бір сыбдыр естілді.
13Ілияс мұны естігенде, бетін шапанымен бүркеп алып, үңгірден шығып, оның кіреберісіне келіп тұрды. Сонда бір дауыс оған:
14Ілияс былай деп жауап берді:
15Сонда Жаратқан Ие оған мына тапсырманы берді:
16Сондай-ақ, Німши ұлы Ехуді — Исраилдің патшасы, ал Әбел-Мехоладан шыққан Шапат ұлы Елішені
17Кім Хазаилдің семсерінен қашып құтылса, Еху соның көзін құртады, ал кім Ехудің семсерінен қашып құтылса, Еліше соның көзін құртады.
18Алайда Мен Исраилде Өзіме жеті мың адамды аман қалдырып отырмын. Олар (Маған адал болып, жалған тәңір) Бағал алдында тізе бүкпегендер, оның тас мүсіндерін еріндерімен сүймегендер.
19Ілияс жолға шығып, келе жатқанда Шапат ұлы Елішені он екі пар өгізбен жер жыртып жүрген жерінде кездестірді. Еліше ең соңғы он екінші парды айдап келе жатыр екен. Ілияс жақындап келіп, өз шапанын оның үстіне лақтырып жапты.
20Сонда Еліше өгіздерін тастап, Ілиястың артынан жүгіріп жетіп, оған:
21Еліше Ілиястан қайтып келіп, екі өгізді шалып, мойынтұрығы мен соқа-сайманын отын етіп жағып, соған етті пісіріп, жұртына үлестіріп берді, олар соны жеді. Содан кейін Еліше Ілиястың соңынан еріп кетті. Енді ол Ілиясқа қызмет ететін болды.