1Дәуіт өзінің көз жұмар кезі жақындағанда, ұлы Сүлейменге мынадай өсиет айтты:
2— Адам атаулы іспетті мен де бұ дүниеден өтпекшімін. Ал сен күшті де батыл ер азамат бол!
3Қайда барсаң да, не істесең де, табысты болуың үшін Құдайың Жаратқан Иенің өзіңе тапсырған міндетін орындайтын бол! Оның Мұса арқылы берген Таурат заңында жазылған барлық ережелері мен өсиеттерін, шешімдері мен бұйрықтарын
4Сонда ғана Жаратқан Ие маған берген мына уәдесін орындайтын болады: «Егер сенің ұрпақтарың ізгі жолыммен жүруге мұқият болып, Менің көз алдымда шын жүректен адал өмір сүрсе, онда әрдайым сенің ұрпақтарыңның біреуі Исраилдің патшалық тағында отыратын болады!»
5Ал тағы айтарым мынау: Сарұяның ұлы Жоғабтың маған не істегенін өзің білесің. Ол Исраилдің екі қолбасшысын: Нер ұлы Әбенир мен Етер ұлы Амасаны өлтірді. Сонда Жоғаб шайқаста төгілген қанның кегін бейбіт кезде қайтарды. Ол осылай қастандықпен қан төгіп, беліне таққан белбеуін, аяғына киген аяқкиімін былғап арамданды.
6Сен даналықпен әрекет етіп, оның ақ қырау шалған басының өз өлімімен қабірге түсуіне жол берме!
7Ал ғилақадтық Барзилайдың ұлдарына мейірім көрсетіп, оларды өз дастарқаныңнан тамақтанатындардың қатарына қос. Ағаң Абессаломнан бас сауғалап қашқанымда солар менің алдымнан шығып, қолдау көрсеткен болатын.
8Бахуримнен шыққан буняминдік Гера ұлы Шимейдің өзіңе жақын тұратынын ұмытпа! Мен Маханайымға бара жатқанымда, ол маған қарғыс айтып, нәлет жаудырды. Бірақ кейін ол Иорданның жағасында қарсылап алдымнан шыққанда, мен оған «Сені өлтірмеймін!» деп ант бердім.
9Ал енді оны кінәсіз деп жүрме. Сен парасатты адамсың ғой, оған не істеу керек екендігін білетін боласың: Басын ақ қырау шалған ол қаны төгіліп о дүниеге аттанатын болсын!
10Сонымен Дәуіт көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелді.
11Дәуіт Исраил еліне барлығы қырық жыл: Хебронда жеті жыл, Иерусалимде отыз үш жыл патшалық құрған еді.
12Енді Сүлеймен әкесі Дәуіттің тағына отырып, оның патшалық билігі берік орнықты.
13Бірде Аггиттің ұлы Адониях Сүлейменнің шешесі Барсабияға барды. Патшайым одан:
14Сізге айтатын бір шаруам бар еді, — деп қосты. Барсабия:
15Адониях:
16Ал енді, менің сізге деген бір өтінішім бар, қолымды қаға көрмеңізші! — деді. Патшайым:
17Адониях:
18Барсабия:
19Барсабия Адонияхтың өтініші туралы сөйлесу үшін Сүлеймен патшаға барды. Сүлеймен шешесін қарсы алып орнынан тұрып, құрмет көрсете иіліп, қайтадан тағына отырды. Шешесіне арнап өзінің оң жағынан тақ қойғызып, соған отырғызды.
20Барсабия тіл қатып былай деді:
21— Шунемдік Абисаға ағаңыз Адонияхқа әйелдікке берілсе екен, — деп өтінді.
22Сүлеймен патша мұны естігенде, шешесіне:
23Содан патша Жаратқан Иенің атымен былай деп ант етті: «Осы нәрсені айтқаны үшін Адониях жанынан айырылмаса, Құдай мені жазалаған үстіне жазалай берсін!
24Мәңгі тірі Жаратқан Ие мені патша етіп әкем Дәуіттің тағына отырғызған, әрі Өзі уәде еткендей әулетімді де бекіткен. Оның алдында шын айтамын: Адониях бүгін-ақ өледі!»
25Патша Еходай ұлы Бенаяхқа бұйрық беріп, ол Адонияхты семсермен шауып өлтірді.
26Патша діни қызметкер Абиятарға былай деп бұйырды: «Анатоттағы өзіңнің егістік жеріңе бар. Сен өлімге лайықтысың.
27Осылай Сүлеймен Абиятарды Жаратқан Иеге бағышталған діни қызметтен шеттетіп, Жаратқан Иенің Шилодағы Елидің әулетінің үстінен шығарған үкімін жүзеге асырды.
28Осы болып жатқан оқиғалар туралы хабар Жоғабқа да жетті. Ол кезінде Абессаломның бүлігін жақтамаған болса да, енді Адонияхтың көтерілісін қолдаған еді. Сондықтан Жоғаб Жаратқан Иенің киелі шатырына қашып кетті. Сондағы құрбандық үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарынан жабысып ұстап алды.
29Сүлеймен патшаға: «Жоғаб Жаратқан Иенің шатырына қашып барды, енді ол құрбандық үстелінің қасында тұр», — деген хабар жетті. Сүлеймен Еходай ұлы Бенаяхты: «Оны өлтір!» — деген бұйрықпен сонда жіберді.
30Бенаях Жаратқан Иенің шатырына барып, Жоғабқа:
31Сонда патша Бенаяхқа былай деп әмір етті: «Оның айтқанын істе! Оны шауып өлтіріп, қабірге қойғыз. Осылайша Жоғаб төккен жазықсыз қанның кінәсінен өзімді және әкемнің әулетін тазарт.
32Енді Жаратқан Ие жазықсыз төккен қанын Жоғабтың мойнына салады. Себебі ол әкем Дәуіт марқұмға білдірмей, өзінен әділ де ізгі екі адамды: Исраилдің қолбасшысы Нер ұлы Әбенирді және Яһуданың қолбасшысы Етер ұлы Амасаны семсерімен шауып өлтірді.
33Олардың төгілген қаны мәңгі бақи Жоғабтың және оның үрім-бұтағының мойындарында болсын! Ал Дәуіттің өзіне, оның үрім-бұтағына, әулетіне және патшалық тағына Жаратқан Ие мәңгілік амандық пен тыныштық сыйласын!»
34Еходай ұлы Бенаях киелі шатырға қайтып барып, Жоғабты шауып өлтірді. Оның мәйіті айдаладағы үйінің маңындағы қабірге қойылды.
35Патша Жоғабтың орнына Еходай ұлы Бенаяхты әскердің қолбасшысы, ал Абиятардың орнына Садықты
36Мұнан кейін патша буняминдік Шимейді шақырып алып, оған былай деп бұйрық берді:
37Біліп қой, қаладан шығып, Қидрон сайын кесіп өтетін болсаң, сен міндетті түрде өлесің. Сонда төгілген қаның өз мойныңда болады. —
38Шимей патшаға:
39Алайда үшінші жылдың соңына қарай Шимейдің құлдарының екеуі Ғат патшасы Маха ұлы Анхұсқа қашып кетті. Құлдарының Ғатта екендігі туралы Шимей де естіді.
40Сонда ол есегін ерттеп, Ғаттағы Анхұс патшаға барып, құлдарын іздеп тауып, қайтарып алып келді.
41Шимейдің Ғатқа барып-қайтқандығы туралы Сүлеймен біліп қойды.
42Содан патша Шимейді шақырып алды да, оған былай деді: «Мен саған Жаратқан Иенің атынан ант еткізіп, «Қаладан шығып, басқа жаққа барған күні міндетті түрде өлесің» деп ескертпеп пе едім!? Сонда сен: «Айтқаныңыз дұрыс, құлдық!» деп келіскен едің.
43Ал енді, Жаратқан Иеге берген сол сертіңді және менің өзіңе тапсырған бұйрығымды неге бұздың? —
44Содан патша Шимейге тағы мынаны айтты: — Әкем Дәуіт марқұмға жасаған барлық зұлымдықтарыңды өзің де білесің.
45Ал Сүлеймен патша жарылқанып, Дәуіттің патшалық тағы Жаратқан Иенің алдында мәңгілікке орнығатын болады!»
46Содан патша Еходай ұлы Бенаяхқа бұйрық беріп, ол Шимейді сыртқа шығарып, шауып өлтірді.