1Сол кездері Арама елінің патшасы Бен-Хадад күллі әскерін жинап алды. Онымен бірге өзіне қарасты тағы отыз екі патша өздерінің салт аттылары және соғыс күймелерімен қоса аттанды. Барлығы өрлеп барып, Самария қаласын қоршап алып, оған шабуыл жасамақ болды.
2Бен-Хадад сол қалада орналасқан Солтүстік Исраилдің патшасы Ахабқа елшілерін жіберіп, оған былай деп сәлем жолдады:
3Сенің алтын-күмісің менікі, әйелдерің мен балаларыңның ең көріктілері де менікі! —
4Солтүстік Исраилдің патшасы жауап беріп былай деді:
5Бен-Хададтың елшілері Ахабқа қайтадан келіп, былай деді:
6Ендеше ертең шамамен осы уақытта нөкерлерімді жіберемін. Олар сенің сарайыңды, нөкерлеріңнің үйлерін тінтіп, сен үшін құнды нәрселердің барлығын да алып кететін болады!
7Солтүстік Исраилдің патшасы елдің ақсақалдарын шақырып алып, оларға:
8Сонда барлық ақсақалдар да, күллі халық та патшаға:
9Содан Ахаб патша Бен-Хададтың елшілеріне былай деп жауап берді:
10Сонда Бен-Хадад мына хабарды жіберді:
11Ал Солтүстік Исраилдің патшасы Ахаб оған мына мақалмен жауап берді:
12Осы хабарды естігенде Бен-Хадад шатыр ішінде одақтас патшаларымен бірге шарап ішіп отырған еді. Ол нөкерлеріне: «Шабуылға дайындалыңдар!» — деп бұйырды. Олар барып, қалаға бас салу үшін өз орындарына бекінді.
13Сол кезде бір пайғамбар Солтүстік Исраилдің патшасы Ахабтың қасына барып, оған былай деді:
14Ахаб:
15Сонда патша аймақ әкімдерінің қарауындағы жас жігіттерді шақырып алды. Олар екі жүз отыз екі адам екен. Содан кейін бүкіл исраилдік жасақты түгендеп санағанда, олар жеті мың болды.
16Бұлар түс кезінде соғысуға аттанып шықты. Сол уақытта Бен-Хадад өзімен одақтасқан отыз екі патшамен бірге шатыр ішінде ішіп, мас болып отырды.
17Ең алдымен қаладан аймақ әкімдеріне қарасты жас жігіттер бастап шықты. Бен-Хадад жіберген барлаушылар оларды байқап, оған:
18Сонда ол:
19Осы аралықта аймақ әкімдерінің жас жігіттері және соңдарынан ілескен Исраил жасағы қаладан аттанып шығып,
20олардың әрқайсысы өзіне қарсы тап болған жаудың адамын күйретіп өлтірді. Сонда арамалықтар бас сауғалап қашып, исраилдіктер олардың артынан қуа жөнелді. Арама патшасы Бен-Хадад атқа мініп, біраз салт аттылармен бірге қашып кетті.
21Енді Исраилдің патшасы да қаладан аттанып шығып, жаудың аттары мен күймелерін қиратып, арамалықтарды қатты қырғынға ұшыратты.
22Бұдан кейін пайғамбар қайтадан Солтүстік Исраил патшасының қасына барып, былай деді: «Ал енді, бекінісіңізді нығайтып, тағы не істеу керектігін ойластырып көріңіз! Себебі келесі жылғы көктемде Арама патшасы қайтадан сізге қарсы шабуылға аттанып келеді».
23Осы кезде Арама патшасының нөкерлері оған былай деп ақыл-кеңес берді: «Солардың тәңірлері — тау-төбенің тәңірлері. Сол себепті олар бізден күшті болды. Ал егер олармен жазық далада шайқассақ, біз міндетті түрде олардан басым боламыз.
24Енді былай істеңіз: қол астыңыздағы патшаларды әскери шендерінен босатып, орындарына қолбасшыларды тағайындап қойыңыз.
25Құрып кеткен әскеріңіз сияқты жаңа бір әскерді қайтадан түгендеп жинап алыңыз, оның салт аттылары мен соғыс күймелерінің саны да бұрынғысымен бірдей болсын. Содан кейін біз олармен жазық далада шайқасып, олардан міндетті түрде басым боламыз!» — Бен-Хадад патша нөкерлерінің айтқандарына құлақ асып, солай істеді де.
26Келесі жылғы көктемде Бен-Хадад арамалықтардың жасақшыларын түгендеп жинап, Исраилмен соғыспаққа Әфек қаласына қарай өрлей аттанды.
27Исраилдіктер де түгенделіп жиналып, жабдықталған соң, оларға қарсы аттанды. Исраилдіктердің тіккен қостары жайылып жүрген шағын екі отар ешкіге ұқсап тұрды, ал арамалықтардың қалың қолы жер бетін түгелдей жауып кетті.
28Сонда Құдайдың бір пайғамбары
29Екі әскер осылай бір-біріне қарсы жеті күн бойы қос тігіп тұрды. Ал жетінші күні шайқас басталып, исраилдіктер бір күннің ішінде арамалықтардың жүз мың жаяу әскерін жойды.
30Аман қалғандары Әфек қаласына қашып барды. Алайда қала қабырғасы олардың үстіне құлап, сол жерде тағы жиырма жеті мыңы қаза тапты. Бен-Хадад та қалаға бас сауғалап қашып барып, сол жердегі бір ішкі бөлмеге кіріп, тығылып қалды.
31Ал нөкерлері оған: «Біздің естуімізше Исраил патшалары мейірімді екен. Біз азалы киім киіп, мойнымызға арқан салып алып, Исраил патшасының алдына барайық. Соған рұқсат берсеңіз екен. Мүмкін, ол жаныңызды сақтап қалар!» — деді.
32Содан олар үстеріне азалы киім киіп, мойындарына арқан салып алып, Солтүстік Исраил патшасының алдына барып, былай деді:
33Сонда бұл сөзді жақсылыққа жорыған олар онысына жармаса кетіп:
34Сонда Бен-Хадад Ахабқа былай деп ұсынды:
35Сол кезде пайғамбарлар шәкірттерінің
36Сонда әлгі пайғамбар: «Жаратқан Иенің айтқан сөзіне құлақ аспағаның үшін менен шыққанда саған арыстан бас салады», — деді. Оның серігі кетіп бара жатқанда-ақ бір арыстан оған тап беріп, өлтіріп тастады.
37Пайғамбар басқа біреуді тауып алып, оған: «Мені ұрып-соқшы!» — деді. Сол адам оны ұрып-соғып, жарақаттады.
38Мұнан кейін пайғамбар ешкім танымастай етіп көзін бір ораумен таңып алды да, жол бойына барып, Ахаб патшаны тосып тұрды.
39Ақыры патша өтіп бара жатқанда, пайғамбар оған айқайлап, былай деді:
40Сонда ананы-мынаны істеп жүріп, қолым босамай кеткенде, тұтқын жоқ болып кетті! — Патша оған:
41Ахаб патша осыны айтқанда, пайғамбар дереу көзіндегі орауын алып тастады. Сонда патша оның пайғамбарлардың біреуі екенін таныды.
42Пайғамбар оған:
43Мұны естігенде Ахаб патша қапаланып, түнере ашуланған күйі Самариядағы сарайына қайтып кетті.