1Арама мен Солтүстік Исраил елдерінің арасында соғыссыз үш жыл өткен болатын.
2Үшінші жылы Яһуда елінің патшасы Жосапат сапарға шығып, Солтүстік Исраилдің патшасы Ахабқа қонаққа келді.
3Ал Ахаб өзінің уәзірлерінен: «Ғилақадтағы Рамот қаласы біздікі болғанымен, оны Арама патшасының қолынан қайтарып алуға неге еш нәрсе істеп келген жоқпыз?»
4Енді Ахаб Жосапатқа:
5Мұнан кейін ол: — Алдымен Жаратқан Иенің осыған айтатын сөзін біліп алсаңыз екен, — деп қосты.
6Сонда Ахаб патша пайғамбарларды: шамамен төрт жүз адамды жинап алып, оларға мына сұрақты қойды:
7Ал Жосапат:
8Ахаб:
9Содан Солтүстік Исраилдің патшасы бір нөкерін шақырып алып, оған: «Имелах ұлы Миқаяны тез алып кел!» — деп бұйырды.
10Осы сәтте Солтүстік Исраилдің патшасы Ахаб және Яһуда елінің патшасы Жосапат патшалық киімдерін киіп, Самария қаласының қақпасының жанындағы ашық алаңда
11Хенаған ұлы Седекиях өзіне темірден екі мүйіз жасап алып:
12Басқа пайғамбарлардың барлығы да дәл солай:
13Миқаяны шақыруға барған нөкер оған былай деп бұйырды:
14Бірақ Миқая:
15Миқая пайғамбар патшаның алдына келгенде, патша оған:
16Ал Ахаб патша оған:
17Сонда Миқая былай деді:
18Солтүстік Исраилдің патшасы Ахаб Жосапатқа: «Ол мен туралы әрдайым жақсы емес, тек жағымсыз пайғамбарлық сөздерді ғана айтады демеп пе едім?!»
19Ал Миқая сөзін жалғастырып былай деді:
20Сонда Жаратқан Ие: «Ахабты Ғилақадтағы Рамотқа өрлеп аттанып, сол жерде қаза табуға қайсың сендіресіңдер?» деген сауал қойды. Біреуі ананы, біреуі мынаны айтты.
21Ақыры бір рух
22рух: «Мен сол жерге барып, Ахабтың барлық пайғамбарларының аузындағы өтірік хабар айтқызатын рух боламын!» деп жауап берді. Сонда Жаратқан Ие: «Сен оны сендіріп, табысты боласың. Бар да солай істе!» деп шешті.
23Ал енді, міне, қараңыз: Жаратқан Ие мына барлық пайғамбарларыңыздың ауыздарына өтірік хабар айтқызатын рухты салып қойған. Себебі Жаратқан Ие сіздің басыңызға пәле түсетінін алдын ала кесіп қойды!
24Сол сәтте Хенаған ұлы Седекиях Миқаяның қасына барып, оны бетінен шапалақпен тартып жіберіп:
25Миқая оған:
26Ал Ахаб патша былай деп әмір етті:
27Оларға былай деңдер: «Патшаның бұйрығы мынау: Осы адамды түрмеге жабыңдар! Мен аман-есен қайтып келгенше, оған біразырақ нан мен су ғана беріңдер!» —
28Сонда Миқая оны сақтандырып:
29Сонда да Солтүстік Исраилдің патшасы Ахаб пен Яһуда елінің патшасы Жосапат әскерлерін ертіп Ғилақадтың таулы аймағындағы Рамот қаласына өрлеп аттанды.
30Ахаб Жосапатқа: «Мен шайқасқа патшалық киімдерімді кимей-ақ шығайын, ал сіз киіп шығыңыз», — деп ұсынған еді. Содан Ахаб патша өзін ешкім танып қоймасын деп киімін өзгертіп, шайқасқа шықты.
31Арама патшасы өзінің соғыс күймелерін басқаратын отыз екі басшысына: «Не жасақшылардың біреуімен, не қайсыбір басшымен емес, тек Солтүстік Исраилдің патшасының өзімен ғана шайқасып, соның көзін құртыңдар!» — деп бұйырып қойған болатын.
32Сол себепті соғыс күймелерін жүргізушілер (патшалық киімдерін киген) Жосапатты көргенде, «Бұл әрине Солтүстік Исраилдің патшасы!» — деп айқай салды. Содан олар оған қарай бұрылып, бас салды. Ал Жосапат (өз ұранын) айқайлап жіберді.
33Сонда соғыс күймелерін жүргізушілер оның Солтүстік Исраилдің патшасы емес екенін аңғарып, одан кері бұрылып, жібере салды.
34Ал бір жасақшы садағын кездейсоқ ата салғанда, жебесі Солтүстік Исраилдің патшасы Ахабқа дәл тиіп, оның сауытының қосылған жеріне қадалды. Ахаб өзінің күймесін жүргізушіге бұйырып: «Күймені бұр да, мені шайқастан алып шық! Жараланып қалдым», — деді.
35Күні бойы қатты ұрыс болып, Ахаб патша арамалықтарға қарама-қарсы өз күймесінің ішінде тік тұрғызылған қалпы қала берді. Қансыраған патша кешке қарай өлді. Жарақатынан аққан қаны күйменің түбін толтырды.
36Күн батқанда Исраилдің бүкіл әскер қосы бойынша мына айқай таралды: «Әркім өз қаласына! Өз жерімізге қайтайық!
37Патша қаза тапты!»
38Патшаның соғыс күймесі Самарияның тоғанында жуылды. Сонда оның аққан қанын иттер жалады. Жаратқан Ие солай болады деп алдын ала айтқан болатын.
39Ахабтың қалған іс-әрекеттерінің барлығы, оның піл сүйегімен қапталған сарайы және бекітіп нығайтқан күллі қалалары туралы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
40Сонымен Ахаб көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелді. Оның ұлы Охозиях орнын басып патша болды.
41Солтүстік Исраилге Ахаб патшалық құрған төртінші жылы Аса ұлы Жосапат Яһуда елінің патшасы болды.
42Сол кезде Жосапаттың жасы отыз бесте еді. Ол Иерусалимде жиырма бес жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні Сілхи қызы Азуба болатын.
43Жосапат барлық жағынан әкесі Асаның жолымен жүріп, одан еш таймай, Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеді. Алайда оның заманында биіктеу жерлердегі табыну орындары қиратылмай қала берді. Халық әлі де соларда құрбандықтар шалып өртеп, хош иісті заттарды түтетулерін жалғастырды.
44Сонымен қатар Жосапат (Жаратқан Иенің жолынан тайған) Солтүстік Исраилдің патшасымен бейбітшілік келісімін жасап, одақтасты.
45Жосапаттың қалған іс-әрекеттерінің барлығы, оның көрсеткен қажыр-қайраты мен жүргізген соғыстары туралы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
46Әкесі Асаның заманынан бері жалған тәңірлердің табыну орындарында азғындықпен айналысқан еркектердің кейбіреулері әлі де елде қалып отырған еді.
47Сол кездері Едомда патша болмайтын, елді Яһуда патшасы тағайындаған аймақ әкімі басқаратын.
48Жосапат патша алысқа жүзіп бара алатын үлкен сауда кемелерін жасатып, Опыр елінен алтын алып келуге жіберген еді. Бірақ сол кемелері алысқа ұзамай, сапарға шықкан Есион-Гәбер
49Сонда Солтүстік Исраилдің патшасы Ахаб ұлы Охозиях Жосапатқа: «Менің қызметшілерім сіздің теңізшілеріңізбен бірге жүрсін», — деп ұсынды. Бірақ Жосапат бұған келіспеді.
50Жосапат патша көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті түп атасы Дәуіттің шаһарында қабірге қойылды. Оның ұлы Жорам
51Яһудаға Жосапат патшалық құрған он жетінші жылы Ахаб ұлы Охозиях Самарияда Солтүстік Исраилдің патшасы болып, елді екі жыл басқарды.
52Охозиях Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп, әке-шешесінің азғын жолымен және кезінде Исраил халқын еліктіріп күнәға батырған Набат ұлы Еробоғамның теріс жолымен жүрді.
53Әкесі Ахаб істегендей, Охозиях та Бағалға бас ұра табынып, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің қаһарын туғызды.