1Сүлеймен Мысыр патшасы перғауынмен одақтасып, оның қызына үйленді.
2Сол кездері Жаратқан Иенің атына арналған ғибадатхана әлі де салынбағандықтан, халық биіктеу жерлердегі табыну орындарында құрбандық шалуларын жалғастыра берді.
3Сүлеймен Жаратқан Иені шын жүректен сүйіп, әкесі Дәуіт қалдырып кеткен ережелеріне бағынғанмен, ол да биіктеу жерлердегі табыну орындарында құрбандық шалып, хош иісті заттарды түтететін.
4Гибеон қаласындағы биіктеу жерде өте үлкен ғибадат орны
5Гибеонда Жаратқан Ие Сүлейменге сол түні түсінде аян берді. Сонда Құдай оған тіл қатып:
6Сүлеймен былай деп жауап берді:
7Уа, Құдайым Жаратқан Ие, әкем Дәуіттің орнын бастырып алдыңдағы пендеңді патша етіп қойдың. Ал мен әлі жаспын, өз міндеттерімді қалай атқаруды білмеймін.
8Міне, мен Сенің таңдап алған халқыңның арасында тұрмын. Ол — көптігінен өлшеп-санауға келмейтін ұлы халық.
9Өз халқыңның істеріне әділ шешімдерді жасап, дұрыс пен бұрысты ажырата алуым үшін айтқандарыңа құлақ түріп, түсінетін жүрек
10Жаратқан Ие Сүлейменнің дәл осы нәрсені сұрағанына риза болды.
11Сондықтан Құдай оған былай деп жауап берді:
12Біліп қой, сол үшін Мен өтінішіңді орындап, саған даналық пен түсінік сыйлап отырмын. Мұндай даналық пен түсінік сенен бұрын ешкімде болмаған, өзіңнен кейін де ешкімде болмайды.
13Менен сұрамағандарыңды — байлық пен атақ-даңқты да саған сыйлаймын. Сендегі болатындай асқан байлық пен атақ-даңқ сенің тірі кезіңде патшалардың арасында ешкімде болмайды.
14Егер әкең Дәуіт сияқты өзің де Менің ізгі жолдарыммен жүріп, ережелерім мен өсиеттерімді орындайтын болсаң, ғұмыр жасыңды ұзақ қыламын!
15Сүлеймен оянып, мұның түсі екенін ұқты. Ол Иерусалимге қайта оралып, Жаратқан Иенің Келісім сандығының алдына барды. Сол жерде ол Жаратқан Иеге арнап түгелдей өртелетін және Онымен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықтар ұсынды. Мұнан кейін өзінің барлық нөкерлері үшін үлкен той жасады.
16Бір күні екі жезөкше әйел
17Олардың біреуі былай деді:
18Үш күн өткеннен кейін мына әйел де бала туды. Сол кезде екеуімізден басқа үйде ешкім болмады.
19Ал мына әйел түнде ұлын қасына алып жатып, тұншықтырып өлтіріп алды.
20Сонда ол тұрып, пендеңіз ұйықтап жатқан кезде менің ұлымды алып, өзінің өлген ұлын қойныма салып қойды.
21Таң сәріде ұлымды емізейін деп тұрсам, ол шетінеп кетіпті! Бірақ күн шыға балаға зер сала қарағанымда оның өз ұлым емес екенін көрдім! —
22Екінші әйел қарсы шығып:
23Сонда патша:
24Ендеше маған бір семсер алып келіңдер! — деп бұйырды. Семсер келтірілгенде,
25патша: — Тірі баланы шауып, екіге қақ бөліңдер де, жартысын біреуіне, өзге жартысын екіншісіне беріңдер! — деп әмір етті.
26Бірақ тірі ұлдың шешесі нәрестесіне жаны ашып, патшаға:
27Сонда патша былай деп шешті:
28Бүкіл Исраил халқы Сүлеймен патшаның шығарған әділ шешімі туралы естігенде, патшаны қатты қастерлейтін болды. Себебі олар әділдікті жүзеге асыратын Құдайдың даналығы патшада бар екендігіне көздерін жеткізді.