1Сүлеймен Жаратқан Иеге киелі үй, өзіне патшалық сарай салып, барлық қалағандарын жүзеге асырып болғанда,
2Жаратқан Ие оған екінші рет аян берді. Оған бұрынырақ Гибеонда да аян берген болатын.
3Бұл жолы Жаратқан Ие Сүлейменге былай деді:
4Егер сен әкең Дәуіт сияқты, жүрегің таза, әділ болып жүріп, өзіңе берген өсиеттерімді көз алдымда орындап, ережелерім мен шешімдеріме бағынатын болсаң,
5онда Мен Исраил елінде Сенің патшалық тағыңды мәңгілікке берік етемін. Өйткені көзі тірісінде әкең Дәуітке: «Әрдайым сенің ұрпақтарыңның біреуі Исраилдің патшалық тағында отыратын болады», — деп уәде берген едім.
6Алайда егер өзің және кейінгі ұрпақтарың Менен теріс бұрылып, өздеріңе тапсырған өсиеттерім мен ережелерімді орындамай, басқа тәңірлерге құлшылық етіп табынатын болсаңдар,
7онда Мен Исраилді Өзім табыстаған осы елден қуып шығамын, әрі өз есіміме бағыштаған бұл киелі үйді де қасымнан алып тастаймын. Осылайша барлық басқа халықтар Исраилді мысалға келтіріп, табалап мазақтайтын болады.
8Осы киелі үй қазір салтанатты болып тұрғанмен қиратылып, үйінді болып қалады. Сонда оның қасынан өткен-кеткен әркім аңтарыла жаны түршігіп: «Жаратқан Ие неліктен бұл ел мен мына киелі үйге осындай қорқынышты нәрсені істеді екен?» — деп мұрнын шүйіріп, ысқыратын болады.
9Сонда жұрт: «Себебі олар ата-бабаларын Мысырдан бастап алып шыққан Құдайы — Жаратқан Иені елемей тастап кетіп, бөтен тәңірлерге бет бұрды да, соларға табынып, құлшылық ететін болды. Сондықтан Жаратқан Ие олардың бастарына осы бақытсыздықтың барлығын үйіп-төкті!» деп мысалдайтын болады.
10Сүлеймен екі ғимаратты: Жаратқан Иенің киелі үйін және өзінің патшалық сарайын жиырма жылда салып бітірді.
11Осы кезеңнің ішінде Тир патшасы Хирам Сүлейменді қалаған барлық самырсын, қарағай
12Ал Хирам Тирден келіп, Сүлеймен берген осы қалаларды аралап көргенде, олар оған ұнамады.
13Хирам: «Маған бергендерің не деген қалалар өзі, бауырым?!» — деп наразылығын білдіріп, осы өңірге «Қабул жері» (демек, «түкке тұрғысыз жер») деген ат қойды.
14Себебі Хирам Сүлеймен патшаға жүз жиырма ат басындай
15Сонымен Сүлеймен патша Жаратқан Иеге киелі үй, өзіне патшалық сарай салып, қорғанның саты тәрізді беткейін,
16Гәзер қаласын Мысыр патшасы перғауын басып алып, өртеп, оның қанахандық тұрғындарының көздерін құртқан еді. Перғауын қызын Сүлейменге ұзатқанда, осы қаланы қызына еншісі ретінде сыйлады.
17Сонда Сүлеймен Гәзер қаласын қайтадан салғызды.
18Бағалат және (Яһуда) жеріндегі елсіз далада орналасқан Тамар
19Патша, сондай-ақ, астық сақтау үшін қойма қалаларын және соғыс күймелері мен атты әскерінің жылқылары үшін арнайы қалаларды да салғызды. Жалпы, ол Иерусалимде, Ливан тауларында және өзінің билігіне бағынатын барлық жерде саламын дегендерінің бәрін де жүзеге асырды.
20Елдің Исраил халқына жатпайтын байырғы тұрғындары, яғни аморлық, хеттік, перездік, хевтік, ебустік ұлттар да болды.
21Солардың исраилдіктер елді иемденіп алғанда құртып жібере алмаған ұрпақтарының бәрін Сүлеймен жұмыс істеуге мәжбүрледі. Бұл жағдай әлі күнге дейін сақталып келеді.
22Ал патша исраилдіктердің ешқайсысын малайы етпеді. Бұларды жасақшылары, нөкерлері, әміршілері,
23Сүлеймен патшаның түрлі жұмыстарын басқарған бес жүз елу қызметкері де осылардың арасынан еді.
24Сүлеймен өзінің жұбайы — Мысыр патшасы перғауынның қызына арнап сарай салғызып, оны Дәуіттің шаһарынан сол сарайға көшірді. Мұнан кейін ол қорғанның саты тәрізді беткейін
25Сүлеймен жылына үш рет Жаратқан Иеге арналған құрбандық үстелінде шалынып, түгелдей өртелетін және Онымен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықтарын ұсынып, Жаратқан Иенің алдындағы арнайы үстелде хош иісті заттарды да түтететін. Сонымен ол Жаратқан Иенің киелі үйін салып бітірді.
26Сүлеймен патша Едом жерінің Қызыл теңіз жағалауында орналасқан Елат
27Хирам патша өзінің тәжірибелі теңізшілерін сол кемелерде Сүлейменнің қызметшілерімен бірге қызмет етуге жіберді.
28Олар кемемен (Қызыл теңіз арқылы) Опыр