1Солтүстік Исраилге Жоғас ұлы Еробоғамның патшалық құрған жиырма жетінші жылы Амасиях ұлы Ұзиях
2Сол кезде Ұзияхтың жасы он алтыда еді. Ол Иерусалимде елу екі жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні иерусалимдік Ехолия болатын.
3Әкесі Амасиях (алғашқыда) істегендей,
4Дегенмен биіктеу жерлердегі табыну орындары қиратылып тасталмады. Халық бұрынғыдай сол жерлерде хош иісті заттарды түтетіп ұсынуларын жалғастыра берді.
5Кейінірек Жаратқан Ие Ұзияхты (еркінсіп жасаған күнәсі үшін) жазалап алапес ауруын жіберді.
6Ұзияхтың қалған барлық іс-әрекеттері туралы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
7Ұзиях көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті Дәуіттің шаһарындағы соларға жақын қабірге қойылды.
8Яһуда еліне Ұзиях патшалық құрған отыз сегізінші жылы Еробоғам ұлы Зәкәриях Самария қаласында Солтүстік Исраилдің үстінен патша болды. Ол алты ай билік жүргізді.
9Зәкәриях өзінің ата-бабалары сияқты Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп, ежелде Набат ұлы Еробоғамның Солтүстік Исраилдің халқын азғырған күнәларынан бас тартпады.
10Ябес ұлы Шаллум Зәкәрияхқа қарсы астыртын сөз байласып, оны халықтың көз алдында өлтіріп, оның орнына өзі патша болып алды.
11Зәкәрияхтың қалған іс-әрекеттері туралы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
12Сонымен Жаратқан Иенің Ехуге айтқан мына сөзі
13Яһуда еліне Ұзиях
14Себебі Ғади ұлы Менахим Тирса қаласынан Самарияға өрлеп барып, сол қалада Ябес ұлы Шаллумды қастандықпен өлтіріп, оның орнына өзі патша болып алды.
15Шаллумның қалған іс-әрекеттері және оның жасаған қастандығы туралы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
16Бұдан кейін Менахим Тирсадан аттанып, Типсах
17Яһуда еліне Ұзиях патшалық құрған отыз тоғызыншы жылы Ғади ұлы Менахим Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Ол Самарияда он жыл билік жүргізді.
18Менахим Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп, ежелде Набат ұлы Еробоғамның Солтүстік Исраилдің халқын азғырған күнәларынан
19Менахимнің заманында Ассур патшасы Тығылат-Пеләсер
20Менахим осы күмісті Исраил еліндегі барлық дәулетті адамдардан күшпен жинап алды. Патша солардың әрқайсысын елу мысқал күміс төлеуге мәжбүрледі. Күмісті алған Ассур патшасы Исраилден кетіп, еліне қайта оралды.
21Менахимнің қалған барлық іс-әрекеттері туралы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
22Менахим көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, оның ұлы Пақиях орнын басып патша болды.
23Яһуда еліне Ұзиях патшалық құрған елуінші жылы Менахим ұлы Пақиях Самария қаласында Солтүстік Исраилдің үстінен патша болды. Ол елге екі жыл бойы билік жүргізді.
24Пақиях Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп, ежелде Набат ұлы Еробоғамның Солтүстік Исраилдің халқын азғырған күнәларынан бас тартпады.
25Кейін оның Ремалиях ұлы Пақах деген бір нөкері оған қарсы астыртын сөз байласты. Сол Пақах елу ғилақадтық адамды ертіп алып, Пақиях патшаға және Арғоп пен Арие деген тағы екі адамға Самариядағы патша сарайының қорғанында бас салып, оларды өлтірді. Содан кейін Пақах Пақияхтың орнына өзі патша болып алды.
26Пақияхтың қалған барлық іс-әрекеттері туралы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
27Яһуда еліне Ұзиях патшалық құрған елу екінші жылы Ремалиях ұлы Пақах Самария қаласында Солтүстік Исраилдің үстінен патша болып, оған жиырма жыл билік жүргізді.
28Пақах Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп, ежелде Набат ұлы Еробоғамның Солтүстік Исраилді азғырған күнәларынан бас тартпады.
29Солтүстік Исраилдің патшасы Пақахтың заманында Ассур патшасы Тығылат-Пеләсер қайтадан аттанып келіп, Ион, Әбел-Бет-Маха, Янох, Қадеш, Хасор қалаларын жаулап алды. Жау сондай-ақ Ғилақад пен Ғалилея аймақтарын және Нафталим руының бүкіл жерін басып алып, тұрғындарын Ассурға жер аударып алып кетті.
30Бұдан кейін Ила
31Пақахтың қалған барлық іс-әрекеттері туралы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
32Солтүстік Исраилге Ремалиях ұлы Пақах патшалық құрған екінші жылы Ұзиях ұлы Жотам Яһуда елінің патшасы болды.
33Сол кезде оның жасы жиырма бесте еді. Ол Иерусалимде он алты жыл билік жүргізді. Жотамның шешесінің аты-жөні Садық қызы Еруша болатын.
34Әкесі Ұзиях (алғашқыда) істегендей, Жотам да Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеді.
35Дегенмен биіктеу жерлердегі табыну орындары қиратылып тасталмады. Халық сол жерлерде құрбандық шалып өртеп, хош иісті заттарды түтетіп ұсынуларын жалғастыра берді. Ал Жотам патша Жаратқан Иенің киелі үйінің Жоғарғы қақпасын қайта салғызды.
36Жотамның қалған істерінің бәрі туралы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
37Оның патшалық құрған заманында Жаратқан Ие Араманың патшасы Ресинді және Солтүстік Исраилдің патшасы Ремалиях ұлы Пақахты Яһуда еліне қарсы аттандырып, шабуыл жасата бастады.
38Жотам көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті олардың жанына түп атасы Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Оның ұлы Ахаз орнын басып патша болды.