1Арама елінің патшасы өзінің әскер қолбасшысы Нағыманды қатты сыйлап, жоғары бағалайтын. Себебі Жаратқан Ие елге сол арқылы жеңіс сыйлаған еді. Ал Нағыман мықты да батыл жауынгер болса да, алапеспен ауыратын.
2Арамалықтар басқа елдерге шапқыншылық жасап жүрген кездерінде Исраилден бір жас қызды қолға түсірген болатын. Осы қыз енді Нағыманның әйеліне қызмет етіп жүрді.
3Бір күні қыз қожайын әйеліне былай деді: «Егер қожайыным Самарияда тұрып жатқан пайғамбармен кездессе ғой, шіркін! Сол оны алапесінен сауықтырып жіберер еді».
4Мұны естіген Нағыман қыздың сөзін патша иесіне жеткізіп:
5Патшасы:
6Солтүстік Исраилдің патшасына арналған хатта: «Осы хатты сізге тапсырған адам — менің жақсы қызметкерім. Оны ауруынан сауықтыруыңызды өтінемін!» деп жазылған еді.
7Исраилдің патшасы хатты оқығанда, абыржып көйлегінің өңірін айыра жыртып: «Біреуді өлтіріп, қайта тірілтетін мен сонша Құдай ма едім? Ол маған мына адамды алапесінен сауықтыр деп жіберіпті. Шамасы, маған тиісуге бір сылтау іздеп отырса керек», — деді.
8Құдайдың адамы Еліше Исраил патшасының көйлегінің өңірін жыртқанын естігенде, патшаға мынадай сәлем жіберді: «Неге көйлегіңіздің өңірін жыртып абыржисыз? Сол адамды маған жіберіңіз, Исраилде шынайы пайғамбардың бар екенін білсін!»
9Сонда Нағыман өзінің салт аттылары, соғыс күймелерімен бірге Еліше тұрған үйдің қақпасының алдына келіп тоқтады.
10Ал Еліше оған бір хабаршысынан:
11Нағыман бұған қатты ашуланып қайтып кетпек болып:
12Біздің Дамаск маңындағы өзендеріміз Абана мен Парпар Исраилдің барлық суларынан да артық емес пе? Шомылу керек болса, соларға барып-ақ шомыла алмас па едім? — деді. Осылай ол ашулы күйі кері бұрылып, кетуге ыңғайланды.
13Ал қызметшілері жақындап келіп: «Мырзам, егер сол пайғамбар сізге бір қиын істі тапсырса, сіз оны орындамас па едіңіз? Ал жай ғана «Барып, суға түсіп шомылыңыз, сонда айығасыз» деп айтса, соны істеп көргеніңіз әбден орынды емес пе?» — деп ұсыныс жасады.
14Қолбасшы олардың кеңесіне құлақ асып, Құдайдың пайғамбарының айтқаны бойынша Иордан өзеніне ылдилап барып, жеті рет суға түсіп, шомылды. Сонда оның тәні сәбидің тәні іспетті тап-таза болып айығып кетті.
15Содан Нағыман барлық қызметшілерімен бірге Құдайдың адамына қайтып барды да, оған:
16Бірақ Еліше:
17Нағыман сонда пайғамбарға мына өтінішті жасады:
18Алайда мына бір жайтты Жаратқан Ие кешіре көрсін: мен патшаммен бірге Риммонның
19Еліше оған:
20Құдайдың адамының қызметшісі Гехәзи былай деп ойлады: «Қарашы, менің мырзам мына арамалық Нағыманның алып келгенін қабылдамай, оған тым үлкен жеңілдік жасап жібере салды. Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: Мен оның артынан қуып жетіп, одан бірдеңе алып қалайын!»
21Содан Гехәзи Нағыманның соңынан қуып кетті. Нағыман арт жақтан біреудің жүгіріп келе жатқанын байқағанда күймесінен түсіп, қарсылап алдынан шықты да:
22Гехәзи:
23Нағыман оған:
24Олар Еліше тұрып жатқан төбеге жеткенде, Гехәзи күмісті олардан алып, үйіне сақтап қойды да, қызметшілерді қайтарып жіберді.
25Бұдан кейін ол қожайыны Елішенің алдына барды. Сонда Еліше:
26Еліше оған:
27Енді Нағыманның ауруы сенің өзіңе және үрім-бұтағыңа мәңгілікке жұғатын болады! — деді.