1Еліше бұған былай деп жауап берді:
2Патша қолына сүйеніп жүретін жеке нөкері
3Сол кезде қала қақпасының маңайында алапеспен ауырған төрт адам отырған еді. Олардың біреуі қалғандарына былай деп ұсыныс жасады: «Біз осында несіне өлгенше отыра береміз?
4Қалаға кіреміз десек, онда ашаршылық, өліп қаламыз. Осы жерде қала берсек те, бәрібір өлеміз. Одан да арамалықтардың әскер тұрағына қарай өтіп барайық. Олар бізді өлтірсе, еш айырмашылық жоқ, бәрібір өлер едік. Ал өлтірмесе, аман қалатын боламыз».
5Олар ымырт түсе орындарынан тұрып, арамалық жасақтың тұрағына бет алды. Тұрақтың шетіне келіп қараса, онда ешкім де жоқ екен!
6Себебі Жасаған Ие арамалық жасаққа атты әскері, соғыс күймелері бар, оларға шабуылдап аттанып, қарсы келе жатқан бір қалың қолдың қатты гүрілін естірткен болатын. Сонда арамалықтар сасқалақтап: «Ойбай, Исраил патшасы бізге қарсы хеттік патшалар мен Мысыр патшасының әскерлерін жалдап алған екен!» — деп өзара айқайласты.
7Содан олар дереу орындарынан тұрып, шатырларын, жылқылары мен есектерін, бүкіл тұрақтарын да тастай сала таң сәріде бас сауғалап қашып кетті.
8Енді алапес адамдар тұрақтың шетіне келіп, бір шатырға кіріп, ішіп-жеп тойынды, әрі ондағы алтын-күміс, бағалы киімдерді алып, бір жерге тығып қойды. Содан қайта келіп, басқа бір шатырға кіріп, сондағы бағалы заттарды да алып, жасырып тастады.
9Кейін олар өзара былай десті: «Біздің бұлай еткеніміз дұрыс емес. Бүгін қуанышты күн, ізгі хабар күні! Ал біз оны ешкімге айтпай жүрміз. Егер таңертеңге дейін күтіп, оны ешкімге жеткізбесек, онда жазаға ілігіп қалуымыз мүмкін. Одан да қазір барып, мұны патша сарайына айтып берейік!»
10Сондықтан олар қалаға барып, қақпа күзетушілерге дауыстап: «Біз арамалықтардың тұрағына барып келдік. Онда ешкім де жоқ, бос жатыр! Тек байлаулы күйі қалған аттар мен есектерді ғана көрдік, шатырлары да дәл сол күйінде қалыпты. Бірақ бірде-бір жанның даусы шыққан жоқ!», — деп мәлімдеді.
11Қақпа күзетшілері хабарды айқайлап естіртіп, ол патша сарайына да жетті.
12Содан патша түнде төсегінен тұрды. Бірақ ол жиналған нөкерлеріне тіл қатып:
13Ал оның нөкерлерінің бірі:
14Содан олар екі күймеге аттарын жегіп, соларға барлаушыларды мінгізді. Патша оларды арамалықтардың әскеріне не болғанын біліп келуге жіберді.
15Барлаушылар арамалықтардың артынан Иордан өзеніне дейін барып, жол бойында олардың асыға қашып кетіп бара жатқанда тастап кеткен киімдері мен жабдықтарын көрді. Барлаушылар патшаға қайта оралып, көргендерін айтып берді.
16Содан халық қаладан шығып, арамалықтардың тұрағында қалған нәрселердің барлығын олжалап алды. Сонда Жаратқан Иенің айтқан сөзіне сәйкес, бір қапшық таңдаулы бидай ұны да, екі қапшық арпа да бір мысқал күміске сатылатын болды.
17Патша әлгі жеке нөкерін
18Себебі Құдайдың пайғамбары патшаға: «Ертең осы уақытта қала қақпасының жанында екі қап арпа да, бір қап таңдаулы бидай ұны да бір-ақ мысқал күміске сатылатын болады» дегенде,
19патшаның сол нөкері пайғамбарға: «Жаратқан Ие тіпті аспан қақпаларын айқара ашып тастаса да, мұндай нәрсе қалай бола алады?!» деген болатын. Сонда пайғамбар бұл нөкерге: «Сен мұны өз көзіңмен көретін боласың, әйтсе де жей алмайсың!» деген еді.
20Сол сөз дәл орындалды. Нөкер қалың халықтың табанының астында қалып, тапталып өлді.