1Еліше бұдан ертерек баласын өлімнен қайта тірілткен әйелге былай деп кеңес берген болатын: «Жаратқан Ие елге жеті жылға созылатын ашаршылық
2Сонымен әйел Құдайдың адамының кеңесі бойынша отбасымен бірге філістірлердің еліне көшіп барып, сонда жеті жыл тұрды.
3Жеті жылдан кейін әйел еліне қайта оралып, үйі мен егістік жерінің өзіне қайтарылуын сұрап патшаға жүгінді.
4Дәл сол кезде Құдайдың пайғамбарының қызметшісі Гехәзимен сөйлесіп отырған патша одан: «Маған Елішенің істеген ұлы істері туралы айтып берші», — деп сұрады.
5Гехәзи Елішенің өліп қалған баланы тірілткені туралы айтып отырған кезде, сол ұлдың шешесі үйі мен жері туралы патшаға өтінішпен келе қалды. Сонда Гехәзи: «Уа, патша ием, мен сізге жаңа ғана айтқан әйел, міне, осы! Ал мынау — Еліше қайта тірілткен оның ұлы!» деді.
6Патша әйелдің өзінен сұрағанда, ол бәрін де айтып берді. Сонда патша арнайы бір уәзірін әйелдің мәселесін шешуге тағайындап, оған: «Мына әйелге меншігінде болғанының барлығын да, оның басқа елге кеткен кезінен күні бүгінге дейін жерінен түскен өнімдерінің бәрімен қоса қайтарып алып бер!» — деп тапсырды.
7Бірде Еліше Дамаск қаласына барды. Сол кезде Арама елінің патшасы Бен-Хадад
8патша нөкерлерінің бірі — Хазаилге
9Хазаил Дамаскінің ең жақсы заттарынан қырық түйеге сыйлық артып алып, жолға шықты. Елішенің үйіне кіріп, оның алдында тұрып:
10Еліше:
11Еліше Хазаилға қадала қарап қалғаны сонша, ол өзін қатты ыңғайсыз сезінді. Бұдан кейін Құдайдың пайғамбары жылай бастады.
12Хазаил:
13Хазаил:
14Хазаил Елішенің қасынан кетіп, патшасына қайта оралды. Бен-Хадад:
15Алайда келесі күні Хазаил бір көрпені суға малып, сонымен патшаның бетін жауып, тұншықтырып өлтірді. Содан кейін Хазаил оның орнына өзі патша болып алды.
16Солтүстік Исраилге Ахаб ұлы Жорам патшалық құрған бесінші жылы Яһуданың бұрынғы патшасы Жосапаттың
17Сол кезде Жорамның жасы отыз екіде еді. Ол Иерусалимде сегіз жыл билік жүргізді.
18Ахабтың әулеті сияқты, Яһуда патшасы Жорам да Солтүстік Исраилдің патшаларының теріс жолымен жүрді, себебі оның әйелі
19Сонда да Жаратқан Ие Өзінің адал қызметшісі Дәуітке
20Жорамның заманында Едом халқы Яһуда патшалығының үстемдігіне
21Сонда Жорам өзінің барлық соғыс күймелерімен шекарадан өтіп, Сайырға
22Содан бері Едом халқы осы күнге дейін
23Жорамның қалған барлық іс-әрекеттері туралы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
24Жорам көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде,
25Солтүстік Исраилдің патшасы Ахаб ұлы Жорамның патшалық құрған он екінші жылы Яһуда елінің патшасы Жорамның ұлы Охозиях патшалық құра бастады.
26Сол кезде Охозияхтың жасы жиырма екіде еді. Ол Иерусалимде бір жыл билік жүргізді. Оның шешесі Солтүстік Исраилдің бұрынғы патшасы Омридың
27Охозиях Ахабтың әулетінің азғын жолымен жүріп, Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Себебі оның нағашылары сол әулеттен болып (оны теріс жолға тайдырды).
28Охозиях Ахаб ұлы Жорамға еріп Арама патшасы Хазаилмен соғысуға Ғилақадтағы Рамотқа аттанды. Арамалықтар шайқаста Жорамды жарақаттады.
29Жорам жарақаттарынан емделіп жазылу үшін Ізрел қаласына қайта оралды. Сондықтан Яһуда патшасы Охозиях Жорамның халін сұрап қайтпаққа Ізрелге ылдилап барды.