1Сендерге бауырласымыз Фөбе апайды ұсынамын,
2Оны Иеміздің кісісі ретінде Құдайдың адамдарына лайықты қабылдап, мұқтаж нәрселерімен қамтамасыз етіңдер! Бұл кісі көп адамдарға қамқорлық жасап келеді, солардың арасында мен де бармын.
3Мәсіх Исаның қызметіндегі әріптестерім Прискила мен Ақилаға сәлем айтыңдар.
4Олар мен үшін өмірін қиюға дайын болды. Бұған өзім ғана емес, басқа халықтардың күллі қауымдары да алғыс айтуда. Екеуінің үйінде бас қосатын қауымға да сәлемімді жеткізіңдер.
5Азия
6Сендер үшін жан аямай қызмет еткен Мәриямға да сәлем айтыңдар.
7Түрмеде бірге отырған ағайындарым Андроник пен Юнияға
8Иемізбен байланысымыздағы ерекше жақсы көретін бауырласым Амплиға да сәлем.
9Мәсіхтің қызметіндегі әріптесіміз Ұрбанға және қымбатты досым Стахиға сәлемімді жеткізіңдер.
10Мәсіхке деген сенімі дәлелденген Апеллеске де сәлем. Аристобулдың отбасына сәлем айтыңдар.
11Туысқаным Иродионға, Иеміздің қарамағындағы Нарқистың үй ішіндегілерге де сәлем.
12Иеміз үшін құлшына жұмыс істеп жүрген Трифена мен Трифозаға сәлем айтыңдар; Иеміз үшін көп еңбек сіңірген қымбатты Персидаға да сәлем.
13Иеміздің таңдаулысы Руфқа
14Асинкіритке, Філегонға, Ерімге, Патробқа, Ермиге және олармен бірге бас қосатын бауырластарға да сәлем жолдаймын.
15Филолог пен Юлияға, Нире мен оның қарындасына және Олимпанға, сондай-ақ олармен бірге жиналатын Құдайдың барлық адамдарына да сәлем айтыңдар.
16Шын жүректен бір-біріңе сүйіспеншіліктеріңді білдіріп,
17Бауырластарым, сендерге өтіне айтарым: жік шығарып, өздеріңе үйреткен ілімге қарсы араздық туғызушылардан
18Мұндайлар Иеміз Иса Мәсіхке қызмет етпейді, қайта, қарындарының ғана қамын ойлап, жағымпазданып, майда да сылдыр сөздерімен тәжірибесіздерді алдайды.
19Сендердің Құдайға мойынсұнғандықтарың әлемге әйгілі болды. Сондықтан сендер үшін қуаныштымын, әрі жақсылыққа дана, жамандықтан аулақ болуларыңды тілеймін.
20Тыныштық сыйлайтын Құдай жуық арада әзәзіл шайтанды аяқтарыңа жығып бермек.
21Қызметкерім Тімоте және ағайындарым Лұси, Ясон және Сосипатыр сәлем айтуда.
22Осы хатты (Пауыл үшін) қағазға түсіріп отырған мен, Терти, Иса Мәсіхпен жүрген сендерге сәлем жолдаймын.
23Маған және бүкіл қауымға қонақжайлылық танытқан Гайдан да сәлем. Осы қаланың қазына бастығы Ераст пен бауырласымыз Кварт та сәлем айтуда.
24(Бәріңе де Иеміз Иса Мәсіх жар болып, рақымын жаудыра көрсін! Аумин.)