1
2Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп тапсырды:
3«Мен Исраил халқына табыстап отырған Қанахан елін барлап келу үшін сол жерге адамдар жібер. Ата-бабаларынан тараған он екі рудан бір-бір басшыдан жібер».
4Сонымен Мұса оларды Жаратқан Иенің нұсқауы бойынша Паран атты иен даладан жұмсап жіберді. Олардың барлығы Исраил халқының басшыларынан болатын.
5Олардың аты-жөндері мыналар: Рубен руынан Зақур ұлы Шаммуа,
6Шимон руынан Хори ұлы Шапат,
7Яһуда руынан Ефунне ұлы Халеп,
8Исашар руынан Жүсіп ұлы Иғал,
9Ефрем руынан Нұн ұлы Ошия,
10Бунямин руынан Рафу ұлы Палти,
11Забулон руынан Соди ұлы Ғаддиел,
12Жүсіптен тараған Манаса руынан Суси ұлы Ғадди,
13Дан руынан Гемалли ұлы Әмиел,
14Ашир руынан Михайл ұлы Сетур,
15Нафталим руынан Уопси ұлы Нахби,
16Ғад руынан Махи ұлы Геуел.
17Мұсаның елді барлап келуге жіберген адамдарының есімдері осылар. Ал Мұса Нұн ұлы Ошияға Ешуа деген жаңа ат қойды.
18Сонымен Мұса оларды Қанахан елін барлап келуге жіберіп, мынадай тапсырма берді: «Осы Негев аймағы арқылы елдің таулы жеріне өрлеп барыңдар.
19Байқап көріңдер: ел қандай екен? Онда тұрып жатқан халықты да байқаңдар, қуатты ма, әлде әлсіз бе, көп пе, әлде аз ба?
20Халықтың тұрып жатқан жері де қандай: жақсы ма, жоқ па? Қандай елді мекендерде тұрады екен, шатырлы қоныстарда ма, әлде бекіністі қалаларда ма?
21Жерлерінің топырағы қандай: құнарлы ма, әлде құнарсыз ба? Онда ағаш өсе ме, жоқ па? Батыл да қайсар болып сол елдің жемістерінен де біраз алып келіңдер!» — Бұл жүзім піскен мезгіл болатын.
22Жіберілгендер елге өрлеп барып, оны Сін
23Олар елге Негев арқылы еніп, Хеброн
24Мұнан кейін олар Ешқол аңғарына барып, онда жүзім бұтасынан шоғы бар бір сабағын кесіп алып, оны ағаш бақанға іліп, екеулеп көтеріп кетті. Сонымен бірге олар анар, інжір жемістерінен де ала жүрді.
25Сол жер исраилдік барлаушылардың кесіп алған жүзім шоғына бола Ешқол (демек, жүзім шоғы) аңғары деп аталып кетті.
26Жіберілгендер қырық күн бойы елді барлап болғаннан кейін қоныстарына қайта оралды.
27Олар Паран даласындағы Қадеште
28Барлаушылар Мұсаға баяндап былай деді:
29Алайда онда тұратын халық сондай мықты екен! Ондағы қалалар да бекіністі әрі өте үлкен. Біз одан тіпті Анақтың алып ұрпақтарын да көрдік.
30Елдің оңтүстігіндегі Негев аймағында Амалек тайпасы тұрады. Ортадағы таулы аймақта хеттіктер, ебустіктер, аморлықтар орналасыпты. Қанахандықтар (батыстағы) теңіз жағасында және (шығыстағы) Иордан өзені бойында қоныстанған екен.
31Ал Халеп Мұсаның алдында халықты тыныштандырып:
32Бірақ онымен бірге барып келген басқалар:
33Сол он барлаушы
34Бұл жерде алыптың тұқымынан