1Содан соң исраилдіктер көшіп барып, Иерихон қаласына қарама-қарсы, Иордан өзенінің бойындағы Моабтың елсіз алқаптарына орналасты.
2Исраилдің аморлықтарға не істегені туралы (Моаб халқының патшасы) Сипор ұлы Балақ хабардар болатын.
3Исраил халқының соншама көп екенін көргенде, моабтықтар олардан қатты қорқып,
4Мадиян халқының ақсақалдарына мына хабарды жолдады:
5елшілерін жіберіп, Беғор ұлы Балағамды өзіне шақыртты. Балағам Евфрат өзенінің бойындағы Петор деген туған жерінде тұрып жатты. Патша Балағамға мынадай сәлем жіберді: «Мысырдан бір халық көшіп шығып, жер бетін қаптап кетті. Олар енді қасымызға қоныстанып жатыр.
6Өтінемін, келіп, сол халықты қарғап беріңіз. Олар бізден сондай қуатты! Мүмкін, осылай оларды күйретіп, елден қуып шыға алармын. Себебі сіз кімге бата берсеңіз, соның жарылқанатынын, ал кімді қарғасаңыз, соның қарғысқа ұшырайтынын білеміз».
7Осылайша Моаб пен Мадиянның ақсақалдары Балағамға сәуегейлігі
8Балағам оларға: «Бүгінше осында түнеп шығыңыздар. Жаратқан Ие маған не айтса, соны сіздерге жеткіземін», — деді. Содан Моабтың әміршілері Балағамның қасында қалды.
9Түнде Құдай
10Балағам:
11«Мысырдан көшіп шығып келген халық жер бетіне қаптап кетті. Келіп, оларды қарғап беріңіз. Мүмкін, сонда олармен шайқасып, қуып шыға алармын», — деп жауап берді.
12Құдай Балағамға:
13Ертеңіне таңертең Балағам орнынан тұрып, Балақтың жіберген әміршілеріне былай деді: «Елдеріңізге қайта беріңіздер. Өйткені Жаратқан Ие маған сіздерге ілесіп жолға шығуға рұқсат берген жоқ».
14Моабтың әміршілері Балаққа қайтып келіп: «Тақсыр, Балағам бізге ілесіп келуден бас тартты», — деді.
15Сонда Балақ Балағамға бұлардан да қадірлі әрі көбірек әміршілерін жіберді.
16Олар Балағамға келіп, былай деді:
17Мен сізге зор сый көрсетіп, айтқаныңыздың бәрін де орындаймын. Өтінемін, тек келіп, ана халықты қарғап берсеңіз екен.
18Балағам Балақтың жіберген адамдарына мынадай жауап қайырды:
19Сіздер де бүгін осында түнеп шығыңыздар. Жаратқан Ие маған тағы не айтар екен, соны біліп алайын.
20Түнде Құдай тағы да Балағаммен кездесіп: «Мына адамдар сені шақыруға келген соң жолға жиналып, оларға еріп бара бер. Бірақ тек Менің айтқанымды ғана істейтін бол!» — деп бұйырды.
21Балағам таңертең тұрып, мәші есегін
22Бірақ оларға ілесіп шыққаны үшін Құдай Балағамға қаһарланды.
23оның астындағы мәші есегі Жаратқан Иенің періштесінің қолына жалаң семсер ұстап жолда тұрғанын көрді. Есек жолдан шығып, ашық далаға қарай беттеді. Ал Балағам оны ұрғылап, жолға қайтарды.
24Бұдан кейін Жаратқан Иенің періштесі жүзімдіктердің арасындағы соқпақ жолға тұрып алды. Соқпақтың екі жағынан да дуалдар қоршап тұрды.
25Есек Жаратқан Иенің періштесін көріп, дуалға жабыса ығысып, Балағамның аяғын қысып тастады. Балағам жануарды қайтадан ұрғылады.
26Ал Жаратқан Иенің періштесі алға жылжып, не оңға да, не солға да бұрылып өтуге мұрша бермейтін бір тар жерге келіп тұрып алды.
27Жаратқан Иенің періштесін көрген мәші есек жерге жата кетті. Бұдан Балағамды ашу кернеп, есегін таяғымен ұра бастады.
28Сонда Жаратқан Ие мәшіге тіл бітіріп, ол:
29Балағам есекке:
30Ал есек Балағамға:
31Сонда Жаратқан Ие Балағамның көзін ашып, ол Жаратқан Иенің періштесінің қолына жалаң семсер ұстап жолда тұрғанын көрді. Балағам оның алдында иіліп, етпетінен жерге жығыла кетті.
32Періште оған:
33Ал есегің мені көріп, үш рет қатарынан менен жалтарды. Ол солай етпегенде, мен қазір-ақ сені өлтіріп, оны тірі қалдыратын едім, — деп ескертті.
34Балағам Жаратқан Иенің періштесіне:
35Бірақ Жаратқан Иенің періштесі:
36Балақ патша Балағамның келе жатқанын ести салысымен, оны қарсы алу үшін жолға шығып, өз елінің шекарасындағы Арнон өзенінің бойында орналасқан моабтық қалаға барды.
37Балақ:
38Ал Балағам оған:
39Сонымен Балағам Балақ патшаға еріп Кирият-Хусотқа барды.
40Сол жерде патша мүйізді ірі қара мен ұсақ малдарды құрбандыққа шалып, солардың біраз бөлігін Балағамға және қасындағы әміршілеріне берді.
41Ертеңіне таңертең патша Балағамды ертіп алып, Моаб оны халқы Бағал атты жалған тәңірге құлшылық ететін биіктеу орындарға шығарды. Сол жерлерден көріпкел төмендегі Исраил халқын шет-шетіне дейін көре алды.