1Масақ іспетті жиналып, байланыңдар, уа, арсыз
2Әйтпесе алдын ала белгіленген шешім орындалып, теріс жолдарыңнан қайту мүмкіндіктерің жел ұшырған қабықтай ғайып болады! Сонда Жаратқан Иенің лаулаған қаһары сендерге лап етіп, Оның қаһары ашылатын күн бастарыңа туады.
3Жиналып, Жаратқан Иеге бет бұрып сиыныңдар, уа, елдегі кішіпейіл әрі Оның еркін орындаушы жандар! Оған мойынсұнып әділдік үшін ұмтылыңдар! Мүмкін, сол күні Жаратқан Иенің қаһарынан аман сақталып қаларсыңдар.
4(Філістір еліндегі) Газа қаласы қаңырап бос қалып, Ашқалон да қирап үйіндіге айналады; Азоттың тұрғындары тал түсте айдалып әкетіліп, Әкронның
5Уа, теңіз жағасында тұратын кереттік халық,
6Содан теңіз жағасындағы жерлерің шопандардың баспаналары мен мал қоралары орналасқан жайылымға айналады.
7Сол кезде теңіз жағалауы Яһуда халқының аман қалғандарына өтеді. Олар сонда малдарын бағып, Ашқалонның үйлерінде түнейтін болады. Себебі өздерінің Құдайы Жаратқан Ие аман қалған яһудалықтарды назарында ұстап, қайтадан игілікке кенелтеді.
8«Менің халқымды ренжітіп, олардың еліне қоқан-лоқы жасаған моабтықтардың
9Сондықтан Әлемнің мәңгі тірі Иесі, Исраилдің Құдайы, өз атымен ант етіп былай дейді: — Моаб елі Содом іспетті, аммондықтар елі Ғоморра
10Олардың менменсіп, Әлемнің Иесінің халқына тіл тигізіп, мазақ еткендерінің қарымтасы осы болады.
11Жаратқан Ие оларға айбат көрсетіп, сол елдегі бүкіл тәңірсымақтарды әлсіретіп құртады. Сонда теңіз жағалауындағы барлық халықтар Оған өз жерлерінде ғибадат ететін болады.
12
13Жаратқан Ие Өзінің қолын тағы солтүстікке қарай созып, Ассур елін
14Қаланың ортасында отар-табындар мен әр түрлі аңдар жайылып, дамылдайтын болады. Бірқазан мен батпақ жапалағы қираған сарайлардың бағаналарының бастарын паналап, дауыстары терезелерден жаңғырады. Есіктерді үйінділер бөгеп, самырсын тақталары сыртқа шығып жатады.
15Біліп қойыңдар, бұрын масайрап, бейқам жатқан қаланың сиқы осындай болады. Сол кезде ол мақтанып: «Мен өзім бар болушымын, маған тең келер еш нәрсе жоқ!»