2Иісмайыңның жұпары аңқып кетті, Атың шашылған иіссудай әйгілі, Сондықтан да қыздар өзіңе тәнті.
3Ала кетші мені өзіңмен бірге, Жылдам жүгірейік екеуіміз, кәне! Патшам [3] мені кіргізді өз бөлмелеріне. (Қалыңдықтың құрбылары:) Саған шаттанып өзіңді жырлаймыз, Махаббатыңды шараптан көп мақтаймыз. (Қалыңдық:) Өзіңді ұнатқандарына осылардың, Уа, жаным, сен әбден лайықтысың!
4Өңім қара торы, әйтсе де сұлумын, Уа, қыздары Иерусалим қаласының. Қидардағы шатырлардай қара торымын, Сүлейменнің қара перделеріне ұқсаймын. [4](Қалыңдық:)
5Қарамаңдаршы маған тесірейе, Бетімді күйдірді күн сәулелері. Ағаларым маған ашуланған еді, Баққызып қойды содан жүзімдіктерді, Сөйтіп күте алмадым өз жүзімдігімді. [5]
6Айтшы маған, уа, сүйіктім, қай жерде Бағып жүресің өз отарыңды? Әрі сен қайда барып, түскі кезде Тынықтырып аласың қойларыңды? Мен несіне қаңғырамын бет-перде Жамылған жүгенсіздей, достарыңның Отарлары арасынан сені іздеуге?
6(Құрбылары:)
7Ең сұлу ару, сен мұны білмеймісің? Ұсақ малдың соқпақтарымен жүр сонда, Жайып бақ лақтарыңды өзіңнің Шопан қостарының маңайында.