1«Егер біреу қауым басқарушысы болуға ынталанса, оның игілікті істі қалағаны». Бұл — дәл айтылған шынайы сөз.
2Ал қауым басқарушысының ешбір кінәратсыз таза болуы қажет: ол әйеліне адал,
3не арақ-шарапқа құмар, не ұрыншақ та емес, шыдамды, айтыс-тартыстан аулақ жүретін, ақшаға да құнықпайтын жан болуға тиіс.
4Ол отбасына жақсы басшылық жасап, балаларын өзін құрметпен тыңдайтындай етіп тәрбиелеуі шарт.
5Өйткені өз отбасына басшылық ете алмаған адам қалайша Құдайдың қауымын қамқорлай алады?
6Басқарушы сенім жолына жуықта ғана түскен біреу болмауға тиіс. Әйтпесе ол әзәзіл шайтан іспетті мақтаныштан кеудесін көтеріп, Құдайдың үкіміне ұшырауы мүмкін.
7Сондай-ақ, масқараланып, шайтанның торына түсіп кетпеуі үшін
8Сол сияқты, қауым қызметшілері де байыпты, өтірік айтпайтын жандар болып, маскүнемдік пен пайдақұмарлықтан аулақ жүрулері қажет.
9Олар бізге сенім туралы ашылған шынайы ілімдерді
10Бұлар да алдымен сыналсын.
11Сондай-ақ (қауым қызметшілерінің) әйелдері
12Қауым қызметшілері әйелдеріне адал болып,
13Міндеттерін жақсы атқаратындар зор беделге және Мәсіх Исаға деген сенімде үлкен батылдыққа ие болады.
14Жақын арада саған баруға үміттенсем де, осы хатты жазып отырмын.
15Сөйтіп, егер кешіксем, сенушілердің «Құдайдың отбасының» мүшелері ретінде
16Құдайға ұнамдылық туралы бізге ашылған мына құпияның ұлы екендігі еш шүбәсіз: