1Ал сен, балам менің, Мәсіх Исаның сыйлайтын рақымымен күшейе бер.
2Өзің менен естіп, көптеген кісілер растаған шынайы ілімді
3Иса Мәсіхтің «адал сарбазы» ретінде азаптарды бірге көр!
4Есіңде болсын: ешбір сарбаз тұрмыстық істермен шырмалмайды, қайта, қолбасшысының көңілінен шығуға ұмтылады.
5Сондай-ақ, балуан күрес тәртібін бұзса, жүлдені жеңіп ала алмайды.
6Жиналған өнімнен үлесін ең алдымен жан сала еңбектенген диқан алуға тиіс.
7Айтқандарым туралы ойлана бер, сонда Құдай саған бәріне түсінік береді.
8Дәуіттің ұрпағынан шыққан, өлімнен қайта тірілген Иеміз Иса Мәсіхті әрдайым есіңде ұста! Мен уағыздаған Ізгі хабар — осы.
9Соған бола азап шегіп, қылмыскердей бұғауланудамын. Алайда Құдайдың сөзі бұғаулы емес!
10Сондықтан мен Құдайдың таңдаған адамдары үшін, олардың да Иса Мәсіх арқылы құтқарылып, мәңгілік ұлылықты иемденулері үшін бәріне де төземін.
11Мынау — дәл айтылған, шынайы сөз:
12Егер қиыншылықтарға төзе берсек,
13Біз айтқанымызға адал болмасақ,
14Осыларды бәрінің есіне түсіріп, сөздер туралы айтыспасын
15Сен кінәратсыз жұмысшы
16Жай, бос әңгімелерден аулақ жүр. Бұларды айтатындар Құдайдың адал жолынан одан бетер адасып кетеді.
17Олардың сөздері қабынған жарадай жайыла беріп, рухани денені құртпақ. Солардың арасында Үменей мен Філет те бар.
18Олар шындық жолынан тайып, «Қайта тірілу болып кетті», — деп жариялап, кейбіреулердің сенімдерін жоюда.
19Бірақ Құдайдың салған негізі
20Бір үлкен үйде алтын мен күмістен ғана емес, ағаш пен қыштан жасалған ыдыс-аяқтар да бар: алдыңғылары қадірмен тұтылса, соңғылар қадір-құрметтен ада.
21Сол себепті, кім өзін соңғылардан арылтып таза ұстаса, қадірлі ыдыстар іспетті Қожайынына бағышталған, пайдалы және әрбір ізгі істер үшін қолданылуға дайын болады.
22Сонымен жастықтың құмарлықтарынан бас тартып, пәк жүрекпен Иемізге сиынатындардың бәрімен бірге әділдік, сенім, сүйіспеншілік және татулыққа ұмтыл.
23Ақылсыз, мәнсіз айтыстардан аулақ бол, олардың дау-жанжал туғызатынын білесің ғой.
24Жаратқан Иенің қызметшісінің жанжалдасуына болмайды. Ол бәріне бірдей жылы жүзді, жақсылап тәлім беретін, сабырлы болып,
25қарсыластарын ілтипаттылықпен түзету қажет. Мүмкін болса,
26Осылайша олар ақылға келіп, өзінің еркіне бағындыру үшін ұстап алған шайтанның тұзағынан босап, құтыла алмақ.