1
2
3
4
5
6Таңертең тұқымыңды сеп, кешке де қол қусырып отырма! Өйткені қайсысының өнімді боларын, анаусы ма, мынаусы ма, әлде екеуі де бітік шыға ма, соны білмейсің.
7Жарық ұнамды, күн сәулесін көре алу көз үшін сондай ғанибет!
8Адам көп жасаса, барлық күндеріне қуансын! Ал алдындағы түнекке толы күндерінің де көп болатынын есінен шығармасын. Келешектегінің бәрі де күңгірт.
9Уа, жасөспірім, жас кезіңде көңіл көтер, сен нені қалап, өзіңе не ұнаса, соны істей бер. Әйтсе де бар істерің үшін Құдайға жауап беретініңді есіңнен шығарма!
10Сондықтан жан дүниеңнен ашу-ызаны, өміріңнен зұлымдықты аластат! Себебі балалық пен жастық шағың тез ғайып болмақ.