1(Саул патшаның соңы былай болды:) Бірде філістірлер Исраилдің жасағына қарсы соғысқанда, исраилдіктер олардан қашып, көбі Гелбуе тауында қаза тапты.
2Філістірлер Саул мен оның ұлдарының соңына түсіп, ақыры ұлдары Жонатан, Әминадап,
3Саулдың айналасындағы шайқас қатты күшейе түсті. Садақшылардың жебелері дәл тиіп, оны ауыр жарақаттады.
4Саул өзінің қару-жарақ тасушы нөкеріне: «Семсеріңді суырып, маған сұғып ал! Мына құдайсыздар
5Қару тасушы нөкері Саулдың мерт болғанын көргенде, ол да дәл солай өзін-өзі өлтірді.
6Осылайша бір-ақ күнде Саул мен оның үш ұлы да қаза тауып, Саулдың әулеті түгелімен дерлік құрып кетті.
7Ізрел аңғарындағы
8Келесі күні філістірлер қаза тапқандарды тонауға келгенде, Гелбуе тауында өліп жатқан Саул мен оның үш ұлының мәйіттеріне тап болды.
9Жасақшылар Саулдың сауытын сыпырып, басын шауып алды әрі барлық қару-жарағын иемденді. Осы хабарды бүкіл філістір еліне, олардың табынатын жалған тәңірлерінің мүсіндеріне және халық арасына тарату үшін шабармандарын жіберді.
10Філістірлер Саулдың қару-жарағын тәңірсымақтарының ғибадатханасына сақтап қойып, басын Дагон есімді жалған тәңірдің ғибадатханасының ішіне
11Бірақ (кезінде Саул жаудың зұлымдығынан құтқарып алған) Ғилақадтағы Ябес қаласының күллі тұрғындары
12Қаланың мықты деген ер азаматтарының бәрі де жолға жиналып, (Бет-Шан қамалына барды. Сонда) олар Саул мен оның ұлдарының мәйіттерін қолға түсіріп, Ябеске алып келді. Содан олар сүйектерін Ябесте бір үлкен ағаштың түбіндегі қабірге қойып, жеті күн бойы ораза ұстап, мерт болғандарды жоқтады.
13Саул Жаратқан Иеге опасыздық жасап, бағынбай кеткендіктен өлді. Ол тіпті аруақ шақырушы сәуегейден кеңес сұраған болатын,
14ал Жаратқан Иеден ақыл-кеңес сұраған жоқ. Сол себепті Жаратқан Ие Саулдың өмірін қысқартып, патшалық билікті Есей ұлы Дәуітке тапсырды.