1Дәуіт өзінің барлық басшыларымен, мыңбасылары және жүзбасыларымен ақылдасып кеңесті.
2Содан ол Исраилдің бүкіл қауымына былай деп жариялады:
3Құдайымыздың Келісім сандығын өзімізге қайтарып алып келейік! Себебі Саулдың заманында біз оған тиісті көңіл бөлген жоқпыз.
4Бүкіл жиылған жамағат:
5Осылайша Дәуіт Мысырдағы Шихор өзенінен
6Содан Дәуіт пен барлық исраилдіктер Бағалаға, яғни Яһуданың жеріндегі Кирият-Иғарымға, барды. Олар сол қаладан Құдай Иенің Келісім сандығын Иерусалимге алып келмек болды. Сандық Жаратқан Иеге бағышталған еді; Оның жер бетіндегі тағы (сандық қақпағындағы) екі керуб мүсінінің үстінде орналасқан.
7Дәуіт пен оның адамдары Құдайдың сандығын жаңа арбаға қойып, Абинадаптың үйінен алып шықты. Ұза мен Ахио
8Дәуіт пен бүкіл Исраил халқы Құдайдың алдында жан сала би билеп, жетіген, шертер, даңғыра, дабыл және кернейлерде ойнап, қуана әндетіп келе жатты.
9Салтанатты шеру Хидонның астық бастыратын қырманына
10Сонда Жаратқан Иенің қаһары Ұзаға қарсы лап етті. Еркінсіп сандыққа қолын тигізгені үшін Құдай оны жазалап,
11Жаратқан Иенің қаһары Ұзаға «бұзып-жара» төгілгендіктен, Дәуіт қатты абыржып қайғырды. Сол себепті ол осы жерге Пәрес-Ұза («Ұзаны бұзып-жарған») деген ат қойды. Бұл жер қазірге дейін солай аталып келеді.
12Дәуіт сол күні: «Құдайдың Келісім сандығын қасыма қалайша әкеле аламын?» деп уайымдап, Құдайдан қорықты.
13Сондықтан ол Келісім сандығын өзінің шаһарына әкелмей, ғаттық Ғабит-Едомның
14Құдайдың Келісім сандығы үш ай бойы сол үйде қалды. Сонда Жаратқан Ие Ғабит-Едомның үй іші мен қолындағы дүние-мүлкінің бәрін жарылқады.