1Сонымен Дәуіт сарайына орнығып алғаннан кейін
2Натан:
3Бірақ сол түні Құдай Натанға сөзін арнап былай деді:
4— Қызметшім Дәуітке барып, оған хабарымды жеткіз: Жаратқан Ие мынаны айтады: Жер бетіндегі тұрағым болу үшін Маған арнап үй салатын адам сен емессің.
5Мен Исраил халқын Мысырдан бастап алып шыққан кезден бері осы күнге дейін мықты салынған үйде тұрмай-ақ келе жатырмын ғой. Бүкіл Исраил халқымен бірге бір мекеннен екіншісіне көшіп-қонып жүргенімде араларында бір шатырда, яғни кездесу шатырында,
6Сонда Мен халқым Исраилді басқаруға тағайындаған билерге
7Ал енді, қызметшім Дәуітке былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Сені қой бағып жүрген жайылымнан алып, халқым Исраилдің басшысы болуға тағайындаған Менмін!
8Қайда барсаң да, саған жар болып, өзіңе қарсы шыққан күллі жауларыңды құртып жүрдім. Сенің атыңды шығарып, жер бетіндегі ең ұлы адамдар іспетті даңқты қыламын.
9Мен өз халқым Исраил үшін тұрақты орын дайындап, оларды сол жерге қоныстандырамын. Осы мекендерінде халқым тыныш өмір сүріп, бұдан былай ешкім оларды қорқытып, мазаламайтын болады. Зұлымдар оларға бұрынғыдай зорлық-зомбылық жасамайды.
10Мен халқымды басқаратын билер
11Күндерің тамамданып, ата-бабаларыңа аттанғаныңда, Мен артыңнан бір ұрпағыңды: өз ұлдарыңның біреуін тағайындап, оның патшалық билігін нығайтамын.
12Маған арнап киелі үйді салатын сол болмақ. Оның патшалық тағын мәңгілікке
13Мен оған Әке боламын, ал ол Менің рухани ұлым болады.
14Мен оны өз үйім мен патшалығымда берік орнатамын, оның ұрпақтарының патшалық тағы дәйім тұрақты болмақ.
15Жаратқан Иенің аян беріп айтқан осы сөздерінің бәрін Натан пайғамбар Дәуітке айтып берді.
16Сонда Дәуіт патша (киелі шатырға) кіріп, Жаратқан Иенің алдында отырып былай деді:
17Бірақ бұл Сен үшін әлі де аз болып көрінді, о, Құдай. Сен алдыңдағы пендеңнің
18Қызметшің Дәуіт өзін салтанатқа бөлейтінің туралы Саған тағы не айта алады? Сен қызметшіңді жақсы білесің ғой.
19О, Жаратқан Ием, алдыңдағы пендеңнің игілігі үшін және өз еркіңе сай, Сен осы ұлы істердің бәрін орындап, үлкен уәделерді ашық білдірдің.
20Өз құлақтарымызбен естіген барлық хабарымыз бойынша Саған тең келетін ешкім де жоқ, Сенен басқа құдай да жоқ.
21Сенің халқың Исраил сияқты жер бетінде қандай басқа халық бар еді? Себебі Сен, уа, Құдай, оны меншікті халқың болу үшін таңдап, Мысырдан азат етіп, көшіріп алдың. Олардың алдарында жүріп, ұлы кереметтер, үрей туғызатын ғажап істер жасап отырдың. Саған мойынсұнбайтын бөтен ұлттарды халқыңның алдынан уәделі елден қуып шықтың. Бұл істеріңмен Сен өз есіміңнің даңқын асырдың.
22Осылай Исраилді әрдайым меншікті халқың болуға Өзің үшін бекітіп қойдың, уа, Жаратқан Ие, әрі олардың ғибадат ететін Құдайы болдың.
23Ал енді, о, Жаратқан Ием, өз қызметшің мен оның әулеті туралы берген сөзіңді ұдайы бекітіп, уәдеңді орындайтын бола гөр.
24Содан адамдар: «Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы — шынымен Исраилдің үстінен қарайтын Құдай!» дейтін болады. Әрдайым Сенің атыңның даңқы шығады және қызметшің Дәуіттің әулеті өз алдыңда нық тұрады.
25Уа, Құдайым, Сен «шаңырағыңды бекітемін»
26Уа, Жаратқан Ие, Сен Құдайсың. Осы қызметшіңе сол игіліктерді уәде еттің.
27Сонымен енді пендеңнің әулетін өз алдыңда әрқашан жалғаса берсін деп жарылқауды құп көрдің. Өйткені Өзің, уа, Жаратқан Ие, жарылқағандықтан, осы әулет ұдайы жарылқанатын болады.