1(Алғашқыда Жақып деп аталған) Исраилдің ұлдары:
2Дан, Жүсіп, Бунямин, Нафталим, Ғад, Ашир.
3Яһуданың ұлдары: Ер, Онан, Шелах. Осы үш ұлы Шуа есімді қанахандық адамның қызынан туған. Яһуданың тұңғыш ұлы Ердің мінез-құлқы Жаратқан Иеге жек көрінішті болғандықтан, Жаратқан Ие оның өмірін қысқа қылды.
4Кейін Яһуданың келіні Тамар оған Парес пен Зарахты туды. Яһуданың барлығы бес ұлы болды.
5Парестің ұлдары: Хесрон мен Хамул.
6Зарахтың ұлдары: Зімри, Етан, Хеман, Халқол, Дара, барлығы бесеу.
7(Зарахтың шөбересі) Қарми ұлы Ахан Жаратқан Иеге бағышталған, жойылуға тиісті заттан алып, Исраилдің басына пәле келтірді.
8Етанның ұлы: Азариях.
9Хесронның ұлдары: Ерахмел, Рам, Халеп.
10Рамнан Әминадап, Әминадаптан Яһуданың рубасы Нағасон,
11Нағасоннан Салмон, Салмоннан Боғоз,
12Боғоздан Ғабит, Ғабиттен Есей туды.
13Есейдің ұлдары: тұңғышы Елияп, екіншісі Абинадап, үшіншісі Шаммах,
14төртіншісі Нетанел, бесіншісі Раддай,
15алтыншысы Осем, ал жетіншісі Дәуіт (патша) еді.
16Есейдің қыздары: Сарұя, Әбигел. Сарұяның үш ұлы: Әбішай, Жоғаб, Асахил.
17Әбигел ысмағұлдық Етерге күйеуге шығып, Амасаны
18Хесрон ұлы Халеп әйелі Азубадан мына ұлдарын сүйді: Ешер, Шобаб және Ардон. Халеп Ериоттан да бала сүйген.
19Азуба қайтыс болғанда, Халеп Ефратаға үйленді, ол Халепке Һұрды туды.
20Һұрдан Ұри, ал Ұридан Беселиел
21Кейінірек Хесрон жасы алпысқа толғанда, Ғилақадтың әкесі Махырдың
22Ғилақадтағы жиырма үш елді мекенді иемденген Жайыр
23Ал кейін Гешур мен Арама патшалықтары
24Хесрон Халеп-Ефратада қайтыс болғаннан азғана уақыт өткенде, әйелі Абия оның ұлы Ашхұрды туды. Ашхұр Текояның әкесі болды.
25Хесронның тұңғыш ұлы Ерахмелдің
26Ерахмелдің Атара деген тағы бір әйелі болды, ол Онамды туды.
27Ерахмелдің тұңғыш ұлы Рамның ұлдары: Мағас, Ямин, Екер.
28Онамның ұлдары: Шаммай мен Ядақ. Шаммайдың ұлдары: Надаб, Абишур.
29Абишурдың әйелінің аты Әбихаил, ол оған Ахбан мен Молидті туды.
30Надабтың ұлдары: Селед, Афаим. Селед соңынан бала қалдырмай қайтыс болды.
31Ал інісі Афаимнан Иши, одан Шешан, одан Ахлай тарады.
32Шаммайдың інісі Ядақтың ұлдары: Етер, Жонатан. Етер соңынан бала қалдырмай қайтыс болды.
33Жонатанның ұлдары: Пелет, Заза. Осылардың барлығы Ерахмелден тараған ұрпақтар.
34Шешанның ұлдары болмай, тек қыздары болды. Шешан Жарқа деген мысырлық қызметшісіне
35бір қызын қосып, ол Аттайды туды.
36Аттайдан өрбіген ұрпақтар: Аттайдан Натан, одан Зауад,
37одан Ефлал, одан Ғабит,
38одан Еһу, одан Азариях,
39одан Хелес, одан Елеаса,
40одан Сисмай, одан Шаллум,
41одан Екамиях, одан Әлишама.
42Ерахмелдің інісі Халептің
43Хебронның ұлдары: Қорах, Таппуах, Рекем, Шема.
44Шемадан өрбіген ұрпақтар: Шемадан Рахам, одан Жорқиям, одан Шаммай,
45одан Мағон, одан Бет-Сұр.
46Халептің Ефа есімді кәнизагы Харан, Моса, Ғазезді туды. Харанның ұлының есімі де Ғазез еді.
47Яхдайдың ұлдары: Регем, Жотам, Гешан, Пелет, Ефа, Шағаф.
48Халептің Маха есімді кәнизагы Шебер мен Тирханахты туды.
49Мадманахтың әкесі Шағафты және Махбенах пен Гибеяның әкелері Шеуаны туған да сол Маха болатын. Халептің бір қызының есімі Ахса еді.
50Осылардың барлығы Халептің үрім-бұтағы.
51Бетлехемнің басқарушысы Салмон, Бетгәдердің басқарушысы Хареф.
52Кирият-Иғарымның басқарушысы Шобалдың ұрпақтары: Хароге,
53әрі Кирият-Иғарымды мекендеген Итір, Пұт, Шумат, Мишра атты әулеттер. Бұлардан Сора мен Ештағолдың тұрғындары тарады.
54Салмонның ұрпақтары: Бетлехем, Нетопат және Атырот-Бет-Жоғабтың тұрғындары, Манахат тұрғындарының қалған жартысы және Сораның тұрғындары.
55Ябесте тұрып жатқан хатшылар: