1Келесі жылғы көктемде, патшалар жорыққа аттанатын уақытта, Жоғаб Исраилдің әскерін жауға қарсы бастап шықты. Олар аммондықтардың елін жаппай ойрандап, астаналары Раббаны қоршап алды. Дәуіттің өзі Иерусалимде қалып қойды. Жоғаб Рабба қаласына қарсы шабуыл жасап, оны қиратты.
2Дәуіт аммондық патшаның басынан тәжін шешіп алып, оны өз басына киді. Салмағы бір ат басындай
3Ол қаладағы халықты да шығарып, ара, темір кетпен және балтамен жұмыс істеуге мәжбүрледі.
4Біраз уақыт өткеннен кейін Гәзердің
5Філістірлермен болған басқа бір шайқаста Жайыр ұлы Елханан ғаттық алып Ғолияттың бауыры Лахмиды өлтірді. Соның сүңгісінің сабы бақандай жуан
6Тағы басқа бір шайқас Ғат қаласының түбінде болды. Оған да өте ұзын бойлы бір адам қатысты. Соның аяқ-қолдарында алты-алтыдан, он екі саусағы мен он екі башайы бар еді. Ол да алып Рафаның ұрпағы болатын.
7Әлгі алып Исраилге тіл тигізіп оны қорлағанда,
8Осылар алып Рафаның Ғаттағы ұрпақтары болатын. Олар Дәуіт пен оның жасақшыларының қолынан мерт болды.