1Әзәзіл шайтан Исраилге қарсы шығып, Дәуітті Исраилді
2Дәуіт Жоғабқа және халықтың
3Жоғаб патшаға:
4Алайда патша Жоғабты өзінің бұйрығын орындауға көндірді. Жоғаб жолға шығып, бүкіл Исраилді аралап өтті, содан соң Иерусалимге қайта оралды.
5Жоғаб Дәуітке халық санағының мына қорытындысын баяндады: Семсер ұстауға жарамды ер адамдардың саны солтүстік Исраилде бір миллион жүз мың, Яһудада төрт жүз жетпіс мың ер адам екен.
6Бірақ Жоғаб Дәуіттің берген тапсырмасына қатты наразы болғандықтан, Леуі мен Бунямин руларын санақтан өткізбеді.
7Осы шара Құдайдың көзінше жасалған зұлымдық болып, Ол Исраилді жазалады.
8Дәуіт Құдайға: «Мен осыны істеп ауыр күнә жасадым. Өтінемін Сенен, алдыңдағы қызметшіңнің күнәсін кешіре гөр! Мен зор ақымақтық жасадым», — деп сиынды.
9Сонда Жаратқан Ие Дәуітке қызмет ететін Ғад пайғамбарға
10«Дәуітке барып, хабарымды жеткіз: Жаратқан Ие мынаны айтады: саған біреуін таңдап алуға үш жазаны ұсынамын. Таңдап алғаныңды Мен өзіңе қолданамын».
11Сонымен Ғад Дәуітке барып, былай деді:
12не еліңде үш жыл бойы ашаршылық жайлағанын ба; не өзіңнің үш ай бойы жауларыңның семсерінен қашып, жеңілгеніңді ме; не еліңнің үш күн бойы Жаратқан Иенің семсері — індет арқылы күйреп, Оның періштесінің бүкіл Исраил бойынша қырғын салғанын ба? Енді ойланып, өзімді Жібергенге қандай жауап қайтаруымды шешіп айта гөр! —
13Дәуіт Ғадқа:
14Сол себепті Жаратқан Ие Исраилге індет жайлатып, Исраилдің жетпіс мың ер адамы өлді.
15Құдай Иерусалимді де құртуға періштесін
16Дәуіт жоғары қарағанда Жаратқан Иенің періштесінің аспан мен жердің арасында тұрғанын байқап қалды. Періштенің қолындағы жалаң семсер Иерусалимнің үстіне сілтенген еді. Сонда азалы киім киген Дәуіт пен Исраилдің ақсақалдары етпеттерінен жығыла кетті.
17Дәуіт Құдайға сиынып: «Халық санағын өткізуге бұйырған мен ғой! Күнә жасап, зұлым іс жасаған да мен. Бірақ қарамағымдағы осы «қойларым» не істеді?! Уа, Құдайым Жаратқан Ие, өзімді және отбасымды жазалай гөр, бірақ өз халқыңа осы індетті жіберіп күйрете көрме!» — деп жалбарынды.
18Сонда Жаратқан Иенің періштесі Ғад пайғамбарға мына хабарды Дәуітке жеткізуді тапсырды: «Дәуіт ебустік Орнаның астық бастыратын қырманына өрлеп барсын! Сол жерде Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызсын!»
19Дәуіт Ғад жеткізген Жаратқан Иенің бұйрығын орындау үшін солай қарай өрледі.
20Бидай бастырып жатқан Орна артына қарағанда, ол да періштені байқады. Орнаның қасындағы төрт ұлы дереу тығылып қалды.
21Осы екі арада Дәуіт сол жерге жақындап келе жатқан еді. Орна қарап, оны көрген бойда қырманынан шығып, Дәуіттің алдында жерге дейін иіліп тағзым етті.
22Дәуіт Орнаға өтініш жасап:
23Орна Дәуітке:
24Алайда Дәуіт патша Орнаға:
25Сонымен Дәуіт осы жер танабын алты жүз мысқал
26Дәуіт сол орында Жаратқан Иеге арнап құрбандық үстелін тұрғызып, малдарды құрбандыққа шалып, түгелдей өртеп жіберді. Ол Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықтарын да ұсынып, Оған дауыстап сиынды. Жаратқан Ие үстелдегі түгелдей өртелетін құрбандыққа аспаннан от түсіріп Дәуітке жауабын берді.
27Содан Жаратқан Ие періштеге әмір етіп, ол семсерін қынабына салып қойды.
28Дәуіт Жаратқан Иенің ебустік Орнаның қырманында өзіне жауап бергеніне көз жеткізген соң, сол жерде тағы да құрбандықтар шалды.
29Исраил халқы иен даланы кезіп жүрген ежелгі кезде Мұса пайғамбар Жаратқан Иеге арнап кездесу шатырын және құрбандық үстелін жасатқан болатын. Енді сол шатыр мен құрбандық үстелі Гибеон қаласының биіктеу жерінде орнатылған еді.
30Ал Дәуіт Құдайдан ақыл-кеңес сұрауға сол жаққа бара алмады. Өйткені ол Жаратқан Иенің періштесінің семсерінен