1Рохабоғамның билігі орнығып, күшейген кезде оның өзі және бүкіл халқы Жаратқан Иенің Таурат заңына
2Олар Жаратқан Иеден бас тартқандықтан, Мысыр патшасы Шұшақ
3Шұшақ Мысырдан бір мың екі жүз соғыс күймесін, алпыс мың салт атты сарбазды әрі либиялық, сұққилық және құштық
4Перғауын Яһуда еліндегі бекіністі қалаларды басып алып, Иерусалимге жетті.
5Сонда Шемаях пайғамбар Шұшақтан бас сауғалап Иерусалимге жиналған Рохабоғамға және Яһуданың әміршілеріне барып, оларға былай деді:
6Мұны естіген Исраилдің әміршілері мен патшасы:
7Жаратқан Ие олардың күнәларына өкініп отырғанын көріп, Шемаяхқа сөзін арнап: «Олар күнәларын мойындады. Мен енді оларды біржола құртпай, біршама
8Бірақ Маған қызмет ету мен бөтен елдердің патшалықтарына қызмет етудің айырмашылығына көздері жету үшін олар перғауынның құлдарына айналсын»,
9Сонымен Мысыр патшасы Шұшақ Иерусалимге өрлеп жеткен соң Жаратқан Иенің ғибадатханасының және патша сарайының қазыналарын қолына түсірді. Олардың бәрін де, Сүлеймен патша алтынмен қаптатқызып жасатқан қалқандарды
10Рохабоғам патша солардың орнына қоламен қапталған қалқандар жасатып, оларды патша сарайының есіктерін күзететін сақшылардың басшыларына табыстады.
11Патша Жаратқан Иенің киелі үйіне барған сайын сақшылар қалқандарды көтеріп алып келіп, кейін қайтадан күзетшілер үйіне апарып қоятын.
12Рохабоғам күнәсін мойындағанда Жаратқан Ие қаһарынан қайтып, патша біржола құрып кетуден аман қалды. Сол кезде Яһуда елінде әлі де Құдай жолымен жүретін адамдар болды.
13Рохабоғам Иерусалимде билігін бекітіп, жалғастыра берді. Ол патша болған кезде қырық бір жаста еді. Рохабоғам он жеті жыл бойы Иерусалим қаласында билік жүргізді. Жаратқан Ие осы қаланы Исраилдің барлық руларынан Өзінің атына киелі үйін орнатуға таңдап алған болатын. Рохабоғамның шешесі аммондық Нағама еді.
14Патша Жаратқан Иеге шын жүректен бет бұрмаған еді, содан оның істегендері жалпы әділетсіз болды.
15Рохабоғамның іс-әрекеттері басынан аяғына дейін Шемаях пайғамбардың
16Рохабоғам көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Оның ұлы Абиях орнын басып патша болды.