1Амасиях патша болған кезде оның жасы жиырма бесте еді. Ол Иерусалимде жиырма тоғыз жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні иерусалимдік Ехоғадан еді.
2Амасиях Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істесе де, онысын шын жүректен істеген жоқ.
3Өзінің патшалық билігі берік орнатылғаннан кейін, Амасиях әкесін өлтірген нөкерлерді
4Бірақ патша олардың балаларын өлтірткен жоқ. Амалиях мұны Жаратқан Иенің Мұса арқылы тапсырған Таурат заңы кітабында берген мына бұйрығына сай істеді: «Не балаларының істері үшін әкелерін, не әкелерінің істері үшін балаларын өлімге кесуге болмайды. Әркім тек өз қылмысы үшін ғана өлімге кесіледі».
5Кейін Амасиях Яһуда елінің ер адамдарын жинап алды. Оларды Яһуда мен Бунямин руларының күллі әулеттеріне сәйкес мыңбасылар мен жүзбасылардың қарамағына үлестіріп белгіледі. Жасы жиырмадан жоғарыларды санап шыққанда патша сүңгімен және қалқанмен соғыса алатын сарбаздардың
6Оның үстіне патша Солтүстік Исраилден жүз ат басындай күміске тағы жүз мың мықты да ержүрек жасақшыны жалдап алды.
7Бірақ Құдай жіберген пайғамбар
8Ал егер олармен бірге шайқасқа шықсаңыз, бар күшіңізбен соғысып көріңіз, Құдай сізді бәрібір жаудың алдында тізе бүктіретін етеді! Өйткені Құдайдың құдіреті сізді қолдауға да, құлатуға да жетеді. —
9Амасиях Құдай жіберген пайғамбардан:
10Сонда Амасиях Ефремнен келген жасақшыларды таратып, жөндеріне жіберді. Осыған бола олар Яһудаға қатты ызаланып, үйлеріне қарай беттеді.
11Амасиях батылданып, әскерін өзі бастап, Тұз аңғарына
12Яһудалықтар жаудың тағы он мыңын тірідей ұстап алып, бір жартастың басына жетелеп барды да, барлығын төмен қарай құлатып жіберді. Бәрі де құлап, мылжаланып қырылды.
13Ал Амасиях шайқасқа қатыстырмай, қайтарып жіберген ефремдік жасақшылар сол екі арада Самария қаласынан Бет-Хоронға дейінгі аралықтағы Яһуданың қалаларына бұзып кіріп, үш мың адамын өлтіріп, көп олжаны тонап алып кеткен еді.
14Амасиях патша болса, Едомның әскерін жеңіп, талқандап, қайта оралғаннан кейін, Сейір тауларын мекендеген сол халықтың жалған тәңірлерінің мүсіндерін ала келді. Патша сол мүсіндерді өзінің сиынатын тәңірлері болуға орнатып қойды. Олардың алдында бас иіп табынып, хош иісті заттарды түтетіп ұсынатын болды.
15Содан Жаратқан Иенің қаһары Амасияхқа лаулап, оған пайғамбарын жіберді. Пайғамбар тіл қатып:
16патша оның сөзін бөліп:
17Бұдан кейін Яһуда елінің патшасы Амасиях кеңесшілерімен ақылдасып, Солтүстік Исраилдің патшасы Жоғасқа елшілерін жіберді. Осы Жоғас Ехудің немересі, Жоғахаздың ұлы еді. Амасиях оған:
18Ал Солтүстік Исраилдің патшасы Амасияхқа мынадай (мысалды келтіріп) жауап қайтарды:
19Сен: «Міне, мен Едомды жеңдім!» деп, паңдана өркөкіректеніп кетіпсің. Алайда өз сарайыңда қалсаң игі болады. Басыңа пәле іздеп, не қыласың?! Әйтпесе Яһудаңмен қоса құрып кетесің!
20Бірақ Амасиях оның сақтандыруын тыңдамай қойды. Өйткені Яһуда халқы Амасияхтың бастауымен Едомның жалған тәңірлеріне бет бұрып табынып кеткендіктен, Құдай оларды Солтүстік Исраилдің қолына тапсыруды ұйғарған болатын.
21Содан Солтүстік Исраилдің патшасы әскерін ертіп Амасияхқа қарсы аттанып барды. Екеуінің арасындағы шайқас Яһуда жеріндегі Бет-Шәміш қаласының маңында болды.
22Яһуда әскері Солтүстік Исраилден жеңіліп, барлық жасақшылары үйлеріне қашып кетті.
23Жоғас патша Бет-Шәміште Яһуда елінің патшасы Амасияхты
24Жоғас, сондай-ақ, Құдайдың киелі үйінде Ғабит-Едомның қарамағында болған алтын-күмісті және арнайы құрал-жабдықтардың бәрін тонап, патша сарайындағы қымбат бұйымдарды да қолға түсірді, әрі кепілдікке адамдар алып, Самарияға қайтып кетті.
25Солтүстік Исраилдің патшасы Жоғахаз ұлы Жоғас қайтыс болғаннан кейін,
26Амасияхтың қалған іс-әрекеттері басынан аяғына дейін «Яһуда мен Солтүстік Исраилдің патшаларының кітабында» баяндалған.
27Амасиях Жаратқан Иеден бас тартқан кезден бастап дұшпандары оған қарсы астыртын сөз байласып жүрген еді. Содан патша Лахышқа қашып кетті. Бірақ олар артынан адам жіберіп, Амасияхты сол қалада өлтіртті.
28Оның мәйіті атқа артылып Иерусалимге әкелініп, ата-бабаларының жанына Дәуіттің шаһарындағы