1Жосия патша болған кезде оның жасы сегізде еді. Ол Иерусалимде отыз бір жыл билік жүргізді.
2Жосия Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеп, түп атасы Дәуіттің жолымен жүрді және мұнысынан не оңға, не солға таймады.
3Жосия патшалық құрған сегізінші жылы, әлі де жасөспірім шағында түп атасы Дәуіт сиынған Құдайына бет бұрып, Оның еркін сұрай бастаған еді. Содан кейін ол билігінің он екінші жылы Яһуда мен Иерусалимді биіктеу жерлердегі табыну орындарынан, жалған тәңір Ашераға бағышталған бағаналардан
4Жосияның қызметкерлері оның бақылауымен Бағалға арналған құрбандық үстелдерін қиратып, солардың үстерінде орналасқан хош иісті заттар түтетілетін тұғырларды да талқандады. Олар Ашераға арналған бағаналарды және ойылып не құйылып жасалған тәңірсымақ мүсіндерін күлпарша қылып қиратып, соларға арнап құрбандық ұсынғандардың қабірлерінің үстіне шашып тастады.
5Патша жалған тәңірлерге құлшылық еткен діни қызметкерлердің сүйектерін сол құрбандық үстелдерінде өртеткізді, әрі Яһуда мен Иерусалимді сол күнәлардың арамдығынан тазартқызды.
6Жосия кейінірек Солтүстік Исраилдегі Манаса, Ефрем, Шимон руларының қалаларына, тіпті Нафталим руының жеріне дейін барды. Солардың жау қиратып кеткен аймақтарында ол
7жалған тәңірлерге арналған құрбандық үстелдерін, бағаналар мен мүсіндерді құлатып, күлпаршасын шығарып, хош иісті заттар түтетіліп ұсынылатын үстелдерді де талқандады. Мұны бүкіл Исраил елінде
8Осылай Жосия патшалық құрған он сегізінші жылы елді және киелі үйді арамдықтан тазартумен айналысып жүрді. Сол кезде патша Асалиях ұлы Шафанды, қала әкімі Мағасияхты және жылнамашы
9Бұл үшеуі бас діни қызметкер Хелкияға барып, оған ғибадатхананың қақпаларын күзетіп тұрған леуіліктер жинаған күмісті
10Сол қаржы ғибадатханадағы жұмыстарды басқаратындарға табысталды. Бұлар одан ғимараттарды жөндеп, жаңартып жатқан жұмысшылардың жалақыларын төледі.
11Сондай-ақ, қаржының бір бөлігі ағаш ұсталары мен құрылысшыларға берілді. Олар соған қашалған тастар әрі үй төбесін керіп тұратын белағаштар жасауға
12Жұмысшылар міндеттерін ұқыпты атқарды. Оларға төрт леуілік: Мерари ұрпақтарынан Яхат пен Абадиях, Қахат ұрпақтарынан Зәкәрия мен Мешулам басшылық етуге тағайындалды. Саз аспаптарында шебер ойнайтын күллі леуіліктер
13жүк тасушылардың жұмысына ырғақ беріп, әрбір тапсырманың орындалуын бақылап жүрді. Басқа леуіліктер хатшылар, топ басшылары және қақпа күзетшілері ретінде қызмет көрсетті.
14Леуіліктер Жаратқан Иенің киелі үйіне арналып ұсынылған күмісті қазына қоймасынан алып шыққан осы кезде бас діни қызметкер Хелкия Жаратқан Иенің Мұса арқылы тапсырған Таурат заңының кітабын
15Хелкия Шафан хатшыға: «Мен Жаратқан Иенің киелі үйінен Таурат заңының кітабын тауып алдым!» — деп хабарлап, кітапты оған табыстады.
16Шафан мұны патшаға алып барып: «Тақсыр, сіздің қызметшілеріңіз тапсырмаларыңыздың барлығын орындап жүр.
17Олар Жаратқан Иенің киелі үйінде сақталған күмісті шығарып, басқарушылар мен жұмысшыларға тапсырды, — деп баяндады.
18Шафан сөзін жалғастырып: — Діни қызметкер Хелкия маған бір шиыршық кітапты табыстады», — деді. Содан ол кітаптың біраз жерін патша алдында дауыстап оқып берді.
19Патша Таурат заңының сөздерін естігенде қатты қайғырып көйлегінің өңірін айыра жыртты.
20Содан ол Хелкияға, Шафан ұлы Ахиқамға, Миқая ұлы Абыдонға, хатшысы Шафан және бас уәзірі Асаяхқа былай деп әмір етті:
21«Менің атымнан және Солтүстік Исраил мен Яһуданың жер аударылудан аман қалғандарының атынан барып, табылған кітапта жазылған сөздер жөнінде Жаратқан Иенің еркін сұрап біліп келіңдер! Ата-бабаларымыз Оның сөздерін ұстанбады, осы кітапта тапсырылғанның бәрін істемеді. Сондықтан да Жаратқан Иенің бізге төгілген қаһары өте қатты!»
22Хелкия мен патшаның жіберген нөкерлері Олдама пайғамбарға барды. Олдама киім қоймасының басқарушысы Шаллумның әйелі еді. Шаллум Хасраның немересі, Тоқаттың
23Олдама оларға жауап беріп былай деді:
24Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп қой, Мен осы жерге және оның тұрғындарына пәле жіберемін! Яһуда патшасының алдында оқылған жазбадағы қарғыстардың барлығын олардың бастарына түсіремін!
25Себебі олар Мені елемей тастап кетті, әрі бөгде тәңірлерге хош иісті заттар түтетіп, өз қолдарымен жасаған тәңір мүсіндеріне табынып, әдейі ашуымды туғызды. Мен осы жерге лаулаған қаһарымды төгемін, ол енді еш сөнбейді!
26Дегенмен сіздерді Жаратқан Иенің еркін сұрап білуге жіберген Яһуда патшасына тағы былай деңіздер: Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие сіз жаңа естіген хабар туралы мынаны да айтады:
27«Сен Менің осы жерге және оның тұрғындарына шығарған үкіміме құлақ асып, жүрегіңді қасарыстырмадың, керісінше, Маған мойынсұндың. Қатты қайғырып, көйлегінің өңірін айыра жыртып, Менің алдымда көз жасыңды төктің. Сондықтан Мен саған құлақ салдым. — Сонымен Құдай Ие былай деп шешті: —
28Біліп қой, уақыты келгенде Мен сені ата-бабаларыңның қасына аттандырып, мәйітіңнің қабірге құрметпен қойылуына жағдай жасамақпын.
29Сонда патша шабармандарын жіберіп, бүкіл Яһуда мен Иерусалимнің рубасыларын шақыртып жинап алды.
30Олар келген соң, патша Яһуда халқы мен Иерусалимнің тұрғындарын, діни қызметкерлер мен леуіліктерді, үлкенді-кішілі бүкіл халықты ертіп алып, Жаратқан Иенің киелі үйіне өрлеп барды. Сол жерде патша бәрінің алдында Жаратқан Иенің киелі үйінен табылған Келісім кітабының барлық сөздерін басынан аяғына дейін оқып берді.
31Мұнан кейін патша бағана жанындағы арнайы орнында
32Патша Иерусалим мен Буняминдегі барлық адамдарға да бұл Келісімге мойынсұнуды бұйырды. Содан Иерусалимнің тұрғындары ата-бабаларының сиынған Құдайы — (жалғыз шынайы) Құдайдың Келісіміне сәйкес іс-әрекет ете бастады.
33Жосия исраилдіктерге қарасты бүкіл аймақтардан жалған тәңірлердің жексұрын мүсіндерін алып тастап, Исраилде тұратындардың барлығын өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге сиынып қызмет етуге мәжбүр етті. Жосияның көзі тірі кезінде халық ата-бабалары сенген Құдай Иенің жолынан тайған жоқ.