1Жосия Иерусалимде Жаратқан Иенің құрметіне Құтқарылу мейрамын да өткізді. Соған арналған тоқтылар бірінші айдың он төртінші күні құрбандыққа шалынды.
2Патша діни қызметкерлерді міндеттеріне тағайындап, Жаратқан Иенің ғибадатханасындағы қызметтерін түгел атқаруға жігерлендірді.
3Бүкіл Исраил халқына тәлім беріп келген, Жаратқан Иенің қызметіне бағышталып, тазару рәсімінен өткен леуіліктерге патша мына нұсқауларды берді: «Киелі
4топтарыңа бөлінген отбасыларың Дәуіт патша мен оның ұлы Сүлейменнің леуіліктерге қалдырып кеткен жазбаларына сай міндеттеріңді кезекпен атқаруға даяр болыңдар.
5Ғибадатханада халықтың руларының әр әулеті үшін бір-бір леуілік топ қызмет етуге дайын тұрсын.
6Қазір Құтқарылу мейрамына арналған тоқтыларды шалу керек. Сендер Жаратқан Иеге бағышталып тазару рәсімінен өтіп, Оның Мұса арқылы жіберген ережелеріне сәйкес құрбандық тоқтыларды елдестерің үшін дайындаңдар!» — деді.
7Жосия халыққа Құтқарылу мейрамына арнап отыз мың тоқты-текешік, сонымен қатар үш мың мүйізді ірі қара малды сыйлады. Мұның бәрі өзінің жеке малы болатын.
8Патшаның әміршілері де өз еріктерімен халыққа, діни қызметкерлер мен леуіліктерге құрбандық малын атады. Құдайдың киелі үйінің басқарушылары Хелкия, Зәкәрия және Ехиел де діни қызметкерлерге екі мың алты жүз тоқты мен үш жүз мүйізді ірі қара мал берді.
9Сол сияқты, леуіліктердің басшылары: Қонаниях және оның бауырлары Шемаях пен Нетанел, Хашабиях, Еиел, Жозабад та мейрамға арнап леуіліктерге бес мың тоқты мен бес жүз мүйізді ірі қара мал атады.
10Мейрамдық ғибадатқа осындай дайындық жасалды. Патшаның нұсқауына сай діни қызметкерлер өз орындарында, леуіліктер де топтары бойынша әзір тұрды.
11Тоқтылар құрбандыққа шалынды. Діни қызметкерлер қанын құрбандық үстеліне бүркіп, леуіліктер терілерін сыдырды.
12Олар Мұса арқылы табысталған Таурат кітабында жазылған нұсқау бойынша Жаратқан Иеге арнап құрбандыққа шалынып, өртелетін малды рулардың әулеттеріне
13Содан олар Құдайдың ережесіне сәйкес
14Мұны бітіргеннен кейін леуіліктер өздері және діни қызметкерлер үшін мейрам асын дайындады. Себебі Һароннан тараған діни қызметкерлер түгелдей өртелетін құрбандықтарды және өзге құрбандықтардың майлы бөліктерін қас қарайғанға дейін өртеумен болды. Сондықтан да леуіліктер өздерімен қатар оларға да қамқорлық жасады.
15Асафтан тараған леуілік әнші-күйшілер ежелде өздері үшін Дәуіт патша, Асаф, Хеман және патша жанындағы Едутун пайғамбар
16Осылайша сол күні Жаратқан Иеге арналған ғибадат рәсімдері түгелдей орындалды. Жосия патшаның бұйрығына сәйкес, халық Құтқарылу мейрамын тойлады да, құрбандықтарын шалып, Жаратқан Иеге арналған құрбандық үстелінде өртеп ұсынды.
17Сол жерде болған күллі исраилдіктер Құтқарылу мейрамын мерекелеп, оған жалғастыра жеті күн бойы Ашымаған нан мейрамын да өткізді.
18Исраилдіктердің Құтқарылу мейрамын осылай тойлауы Самуил пайғамбардың заманынан бері болмаған еді.
19Осы Құтқарылу мейрамы Жосияның патшалық құруының он сегізінші жылы өтті.
20Жосия ғибадатхананы осылай қалпына келтіргеннен кейін, Мысыр патшасы Нехо
21Нехо Жосияға елшілерін жіберіп, мынадай хабарын жеткізді: «Ей, Яһуда патшасы! Менде не жұмысың бар? Бүгін саған қарсы емес, өзіммен соғысып жүрген патша әулетіне
22Бірақ Жосия алған бетінен қайтпай, перғауынмен соғысуға дайындалды. Ешкім танымасын деп, өзі қарапайым киініп алды.
23Сол жерде Жосияға садақшылардың оғы тиіп, ол нөкерлеріне: «Мені шайқастан алып шығыңдар, қатты жараландым!» — деп бұйырды.
24Олар патшаны соғыс күймесінен дайын тұрған өзге күймесіне жатқызып, Иерусалимге алып барғанда, ол қайтыс болды.
25Еремия пайғамбар Жосия туралы жоқтау жырын шығарды. Осы күнге дейін еркек, әйел әншілер
26Жосияның қалған өмір тарихы және оның Жаратқан Иенің Таурат заңына сәйкес
27басынан аяғына дейін «Солтүстік Исраил мен Яһуда патшаларының кітабында» баяндалған.