1Бұдан кейін Сүлеймен қоладан құрбандық үстелін жасатты. Оның ұзындығы мен ені жиырма шынтақтан, биіктігі он шынтақ болды.
2Бір дәу қазанды да қоладан балқытып құйғызды. Соның сырт пішіні дөңгелек, әрі ернеуінің бір шетінен екінші шетіне дейінгі аралығы он шынтақ, биіктігі бес шынтақ болды. Дәу қазанды айналдыра өлшеп шығу үшін ұзындығы отыз шынтақ жіп қолданылды. Осы дәу қазан «теңіз»
3Оның ернеуінен төменірек шағын өгіз мүсіндері бейнеленген еді. Олар әрбір шынтақ сайын он-оннан екі қатар болып қазанмен қоса құйылды.
4Дәу қазан өгіз кейіптес он екі тұғырдың үстіне орнатылды. Сол өгіз мүсіндерінің бас жақтары тысқа: үш-үштен солтүстікке, батысқа, оңтүстікке және шығысқа, ал арт жақтары қазан ортасына қарай бағытталып орналасты.
5Дәу қазанның қалыңдығы қолдың тұтамындай,
6Патша мұнан басқа тағы он қазан жасатып, оларды бес-бестен киелі үйдің оң және сол жақтарына орнатқызды. Шалынған құрбандықтардың өртелетін бөліктерінің бәрі алдымен солардағы сумен жуылып-шайылатын. Ал діни қызметкерлердің тазару рәсімі үшін дәу қазанның суы қолданылды.
7Сүлеймен алтыннан он шам қойғыш
8Патша он үстел де жасатып, оларды киелі үйдің ішіне, бесеуін оң, бесеуін сол жағына қойды. Сонымен қатар су не қан бүркуге арналған жүз тостағанды да алтыннан дайындатты.
9Сүлеймен діни қызметкерлерге арналған ауланы және үлкен аула мен оның қақпаларын жасатып, қақпаларды қоламен қаптатты.
10Бұдан кейін дәу қазанды киелі үйдің оң жағына, оның оңтүстік-шығыс бұрышына жақын орнатқызды.
11Соңында күлсалғыштар мен қалақтарды
12екі бағана мен олардың үстіңгі иығындағы екі үлкен тостаған кейпі және соларға ілінген шынжыр тәрізді әшекейлер,
13сол шынжырларға екі қатардан ілінген анар жемісінің төрт жүз мүсіні,
14он жылжымалы тұғыр мен олардың үстіндегі он қазан,
15дәу қазан және оның астындағы өгіз мүсінді он екі тұғыр,
16күлсалғыштар мен қалақтар, шанышқылар және тағы басқа қажетті бұйымдардың бәрі.
17Патша оларды Иордан өзенінің бойындағы Соқот пен Сартан
18Құйылған қоланың көп болғандығы сонша, оның салмағын ешкім анықтаған жоқ.
19Сүлеймен сондай-ақ Құдайдың киелі үйіне арналған барлық жиһаздарды да жасатты. Олар:
20саф алтыннан жасалған шам қойғыштар мен олардың май шамдары — бұлар Мұса пайғамбарға ежелде берілген ереже бойынша ең қасиетті бөлменің алдында жанып тұруға тиіс болатын —
21гүл іспетті әшекейлер, шырақтар және білте түзеткіштер, осы соңғылар сом алтыннан жасалды.
22Білте түзеткіштер,