1Сүлеймен Құдайға сиынуын аяқтай бергенде, аспаннан от түсіп, өртелу үшін шалынған құрбандықтарды және басқа да сый-тартуларды өртеп, жалмап қойды.
2Киелі үйдің Жаратқан Иенің керемет салтанатына кенелгені сонша, діни қызметкерлер оған кіре алмай қалды.
3Бүкіл Исраил халқы аспаннан от түсіп, Жаратқан Иенің нұрлы салтанатының киелі үйдің үстінде тұрғанын көрді. Олар тас төселген аулада жерге етпеттей жата кетті, әрі ғибадат етіп былай деп шүкірлік айтты:
4Мұнан кейін патша мен жиналып тұрған бүкіл халық Жаратқан Иеге арнап құрбандықтар шалды.
5Сүлеймен патша жиырма екі мың мүйізді ірі қара мен жүз жиырма мың қой-ешкіні құрбандыққа ұсынды. Осылайша патша мен бүкіл халық киелі үйді Құдайға бағыштау рәсімін орындады.
6Діни қызметкерлер міндеттеріне сәйкес өз орындарында тұрды. Леуілік әнші-күйшілер Жаратқан Иенің Дәуіт патша жасатып берген саз аспаптарын қолдарына алды. Дәуіт патша көзі тірісінде осы аспаптарды жасатып, оларды леуіліктерге Тәңір Иені мадақтап, Оған шүкірлік еткен кездерінде ойнататын. Өйткені «Жаратқан Ие сондай ізгі, мәңгі ұласады Оның мейірімі!»
7Сүлейменнің қоладан жасатқан құрбандық үстелі
8Осы кезде Сүлеймен жеті күн бойы мейрам тойын жасады. Тойға бүкіл Исраил халқы солтүстіктегі Лебо-Хаматтан
9Сегізінші күні олар тағы да салтанатты жиналыс өткізді. Себебі жеті күн бойы құрбандық үстелін Жаратқан Иеге бағыштау рәсімдерін орындағаннан кейін халық және жеті күн бойы Күркелер мейрамын тойлады.
10Жетінші айдың жиырма үшінші күні Сүлеймен халықты үйлеріне қайтарды. Бәрі Жаратқан Иенің Дәуіт пен Сүлейменге және халқы Исраилге жасаған игіліктеріне қуанғаннан жүректері лүпілдеп қатты риза болды.
11Сонымен Сүлеймен Жаратқан Иеге арналған ғибадатхананың және өзінің патша сарайының құрылысын бітіріп, ойға алғандарының бәрін де жүзеге асырып болды.
12Сол кезде Жаратқан Ие оған түнде аян беріп былай деді:
13Егер Мен болашақта не аспанды жаңбыр жауғызбай жауып тастасам,
14сонда Менің атыммен аталып жүрген халқым
15Бұдан былай осы жерде айтылатын мінажаттарға көзім ашық, құлағым түрулі болады.
16Мен бұл орынды таңдап алып, есімім әрдайым орнықсын деп Өзіме бағыштадым. Оны ұдайы жүрегімде ұстап, көзімнен таса қылмаймын.
17Егер сен әкең Дәуіт сияқты көз алдымда адал жүріп, өзіңе берген өсиеттерімді орындап, ережелерім мен шешімдеріме бағынатын болсаң,
18онда Мен сенің патшалық тағыңды берік етемін. Өйткені әкең Дәуітпен Келісім жасап, оған былай деп уәде еттім: «Онда әрдайым сенің ұрпақтарыңның біреуі Исраилге билік құратын болады».
19Алайда егер өзің және ұрпақтарың Менен теріс бұрылып, өздеріңе тапсырған ережелерім мен өсиеттерімді орындамай, басқа тәңірлерге құлшылық етіп, табынатын болсаңдар,
20онда Мен Исраилді Өзім табыстаған осы елден қуып шығамын, әрі өз есіміме бағыштаған бұл киелі үйді де қасымнан алып тастаймын. Осылайша Мен оны барлық басқа халықтар мысалға келтіріп, табалап мазақ ететіндей масқараға ұшыратамын.
21Осы киелі үй қазір салтанатты болып тұрғанмен, қиратылып, үйінді болып қалады. Сонда оның қасынан өткен-кеткен әркім аңтарыла жаны түршігіп: «Жаратқан Ие бұл ел мен мына киелі үйге неліктен осындай нәрсені істеді екен?» деп сұрайтын болады.
22Сонда жұрт: «Себебі олар ата-бабалары сиынған, соларды Мысырдан бастап алып шыққан Құдайы — Жаратқан Иені елемей тастап кетіп, бөтен тәңірлерге бет бұрды да, соларға табынып, құлшылық ететін болды. Сондықтан Жаратқан Ие олардың бастарына осы бақытсыздықтың барлығын үйіп-төкті!» деп мысалдайтын болады.