1Сүлеймен Жаратқан Иеге арналған ғибадатхананы және өзінің патшалық сарайын жиырма жылда салып бітірді.
2Ол сонымен қатар Тир патшасы Хирам өзіне табыстаған қалаларын
3Сүлеймен Хамат-Соба
4Кейін ол елсіз даладағы Тадмор қаласын және Хамат еліндегі астық сақтауға арналған қойма қалаларының бәрін салғызды.
5Сүлеймен жоғарғы және төменгі Бет-Хорон қалаларын қорған етіп қайта салғызып, қақпаларын мықты бөренелермен және ысырмалармен бекіткізді.
6Патша, сондай-ақ, Бағалат қаласын және астық сақтау үшін қойма қалаларын әрі соғыс күймелері мен атты әскерінің жылқыларына арналған барлық қалаларды да салғызды. Жалпы, ол Иерусалимде, Ливан тауларында және өзінің билігіне бағынатын барлық жерде саламын дегендерінің бәрін де жүзеге асырды.
7Елдің Исраил халқына жатпайтын байырғы тұрғындары, яғни хеттік, аморлық, перездік, хевтік және ебустік ұлттар да болды.
8Солардың исраилдіктер елді иемденіп алғанда құртып жібермеген ұрпақтарының бәрін Сүлеймен жұмыс істеуге мәжбүрледі. Бұл жағдай әлі күнге дейін сақталып келеді.
9Ал патша исраилдіктердің ешқайсысын малайлық жұмыстарына салмады. Бұларды өзінің жасақшылары, әскери бөлім басшылары,
10Сүлеймен патшаның халықты басқарған екі жүз елу қызметкері де осылардың арасынан еді.
11
12Сүлеймен киелі үйдің кіреберісінің алдында Жаратқан Иеге арналған құрбандық үстелін жасатқан еді. Сол кездері ол оның үстінде Жаратқан Иеге шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар ұсынатын.
13Патша Мұса пайғамбар қалдырған ереже бойынша әр күннің қажетті құрбандықтары мен сый-тартуларын Тәңір Иеге бағыштайтын. Ол, сондай-ақ, демалыс күндері, әр айдың басында және жыл сайын өткізілетін басқа үш мейрамда, яғни Ашымаған нан, Жеті апта
14Патша әкесі Дәуіт марқұмның нұсқауларына сәйкес діни қызметкерлерге топ кезектері бойынша міндеттерін жүктеді. Ол өзге леуіліктерге мадақтау қызметін жүргізуді және күнделікті мұқтаждық бойынша діни қызметкерлерге көмектесуді тапсырды
15Барлық мәселелерде, соның ішінде ғибадатхана қазынасы бойынша да, діни қызметкерлер мен леуіліктер патшаның берген бұйрықтарын бұлжытпай орындап жүрді.
16Осылайша Сүлейменнің Жаратқан Иенің киелі үйінің негізін салған күнінен бастап, оны толығымен бітірген күніне дейінгі жасаған еңбегі жүзеге асып, аяқталды.
17Сол кезде Сүлеймен Едом жерінің Қызыл теңіз жағалауында орналасқан Есион-Гәбер мен Елат қалаларына барды.
18Хирам патша оған қызметшілері арқылы кемелерін жіберіп,