1Иса Мәсіхтің басыбайлы қызметшісі әрі Жақыптың
2Ол сендерге шапағатын жаудырып, амандық, тыныштық және сүйіспеншілікті молынан сыйлай көрсін!
3Сүйікті бауырластарым, мен бар ынтаммен бәрімізге ортақ құтқарылу туралы хат жазбақшы едім. Алайда Құдайдың Өзіне бағыштаған халқына
4Себебі араларыңа бірқатар адамдар білдіртпей ұрланып еніп алыпты. Осы арсыздар
5Сендер ежелгі замандағы мына жайттарды түгел білсеңдер де, оларды қайтадан естеріңе салып өткім келеді: Иеміз Иса өз халқын Мысырдан құтқарып алған еді, ал кейін көпшілігі қасарысып, сенбегенде Ол солардың көздерін құртты.
6Сондай-ақ, өздерінің билік жүргізуге тиесілі орындарын сақтамай, мекен-тұрағын тастап кеткен періштелерді де ескеріңдер:
7Сол сияқты, Содом, Ғомора және маңайындағы қалаларды ұмытпаңдар: олардың тұрғындары жыныстық азғындықпен әуестеніп, табиғатқа қайшы ұятсыздықтарға салынғандары үшін жазаланды.
8Дәл осылайша, араларыңдағы сол «түс көрушілер» өз тәндерін масқаралап, ешбір билікті елемей, абыройлы билеушілерді балағаттап жүр.
9Ал тіпті бас періште Михайл Мұса пайғамбардың мәйіті туралы шайтанмен айтысқанда, оны балағат сөзбен айыптауға дәті бармады. Ол «Жаратқан Ие саған жазаңды тартқызсын!» — деп қана қойды.
10Бірақ сол алдамшылар өздері түсінбеген нәрселер туралы жаман сөз айтып, қарсыласады. Олар жабайы аңдар сияқты ақылдарымен емес, түйсіктерімен ғана білген нәрселері арқылы өздері жойылып кетпек.
11Бұлар қасіретке қалмақ! Олар Қабыл
12Осындайлар достық дастарқандарыңа
13Қайта, олар ұятсыз істерін паш етіп, көбік шашып, қоқыр-соқыр әкеліп жатқан теңіздің буырқанған толқындарына ұқсайды. Осы азғырушылар кезбе жұлдыздай тура бағытты сілтей алмайды; оларға тозақтың мәңгілік қара түнегі дайын тұр.
14Бұлар туралы адамзаттың жетінші атасы Енох
15Ол бәрін де соттап, әділетсіздердің зұлымдықпен істеген барлық жаман істерін де, арсыз күнәкарлардың Оған қарсы айтқан күллі қатал сөздерін де әшкерелеп, жазаларын тартқызатын болады».
16Мұндайлар ұдайы наразылық білдіріп, күңкілдеп жүреді. Олар жаман құмарлықтарына салынып, бас пайдалары үшін мақтанып, өзгелерге жағымпазданады.
17Ал сендер, сүйікті бауырластарым, Иеміз Иса Мәсіхтің елшілерінің алдын ала айтып кеткендерін естеріңе түсіріңдерші!
18Олар сендерге: «Осы соңғы заманда өздерінің арсыз құмарлықтарына салынып, шынайы ілімді келемеждеп жүрген адамдар шығады!» — деген еді.
19Қауымдарға жік салатын мұндайларда Киелі Рух болмайды, қайта, олар күнәкар болмыстарының жетегінде жүреді.
20Ал сендер, сүйікті бауырластарым, өздерің сенетін Тәңір Иенің қасиетті де пәк таза ілімінің негізінде рухани өсіп толысуға ұмтылыңдар; Киелі Рухтың жетелеуімен сиыныңдар.
21Әрдайым Құдайдың сүйіспеншілігіне бөленіп, жамандық атаулыдан сақтаныңдар. Иеміз Иса Мәсіхтің қайта оралғанда өздеріңе шапағатын тигізіп, мәңгілік өмірге жеткізуін аңсап күтіңдер!
22Ізгі хабарға күмәнданып жүргендерге қайырымды болып,
23оларды ынта-жігермен тозақ отынан құтқарып алыңдар! Ал (жалған ілімдерді ұстанған) басқаларға аяушылық танытқанда, күнәнің ықпалынан шошына сақтаныңдар! Олардың азғын болмыстарынан бастау алатын арам істерінен жиреніп, аулақ жүріңдер!
24Сендерді адасып кетуден сақтап, Өзінің нұрлы салтанаты көрінген күні қуанышпен, мүлтіксіз таза күйлеріңде өз алдына тұрғызуға
25бірден-бір Құдайымыздың құдіреті жетеді. Ол бізді Иеміз Иса Мәсіх арқылы құтқарған еді ғой. Даңқ пен ұлылық, құдірет пен билік күллі өткен дәуірлерде болғандай, қазір де, мәңгілік те Онікі! Аумин.